Бұрынғы жігітім алып қашты
Мені кеше өз еркімнен тыс алып қашты. Оны ісеген өзімнің бұрын араласқан жігітім.Онымен мүлде хабарласпай, араласпай кеткелі 2 жылдың жүзі болған. Қазір менің ұрнататын жігітім бар. Онымен күзде Құдай қаласа шаңырақ көтереміз деп отырған ниетіміз бар еді.
Кеше дүкенге шыққам, сөйтсем бұрынғы жігітім алдымнан шығып, төрт жігіт болып күштеп, алып қашты. Бірақ мен ол қанша жалынса да қалмадым, енді мең-зең болып жүрмін. Үлкен кісілердің мені үгіттегеніне қарамастан, ол мені сүйем деп жалынғанына қарамастан, кетем деп айтпадым. Жасым 23-ке келді. "Бірінші бақ – бақ" деп үлкен кісілердің айтпағандары қалмады, мен қалмаймын деп жылап қайттым. Қатты күйзеліп отырмын, жігіт пен оның жақындарының надасына қалдым ба, көмек беріңіздерші. Енді шынымен бақытты бола а лмаймынба деп қорқамын. Шаршадым шыны керек. Рахмет оқығандарыңызға.
Гаухар, Алматы