Бұрынғы күйеуіммен болып, қазіргі күйеуімнің көзіне шөп салдым
Рүстеммен бір-бірімізді сүйіп қосылған едік. Арамызда бір бала бар. Ол компьютер саласының маманы. Көп ұрыс-керіссіз, тату тұрдық. Тек бір жыл бұрын әлеуметтік желіден оның бір қызбен «міндеттемесіз төсек қатынасында» шатасып жүргенін білдім.
Жанжал шығып, ақыры, онымен ажырасып тындық. Заттарын алып, ата-анасының үйіне кетті. Мен баламен пәтерімізде қала бердім, Талғардан анам келіп балама қарап, бізбен бірге қалды. Әрине, Рүстем балаға жиі келіп тұратын.
Бірнеше айдан соң, Дәурен деген жігітпен танысып, көңіл қосып кеттім. Кейіннен, ол тұрмысқа шық деп қолқалап, ата-анаммен ақылдасып, тұрмыс құрдым. Дәурен жаман жігіт емес, баламды өз баласындай қабылдап, отбасымызға жауапкершілікпен қарайды. Осылайша, бір жылдай уақыт өтті.
Жақында анам балаға жазда жер үй жақсы деп, немересін алып Талғарға кетті. Дәурен іссапарға кеткен. Мен жұмысымды істеп жүрмін. Жұмыстан шыққасын, бірде мені Рүстем күтіп алып, кафеге апарып, бірге кешкі ас іштік. Ертесінде, тағы келіп, үйге шығарып салды. Үшінші күні шәй ішіп шығайын деп, үйге кірген еді, қайта шығара алмадым…
Мені аймалап-сүйіп, құшағына алып еді, оған деген бұрынғы сезімім шарпып, ақыры, шыдамай кеттім. Сол күні бұрынғы күйеуіммен жатып қойдым.
Рүстем ертесінде тағы келді. Ара қатынасымызда түсініксіз бір аралас сезім бар. Төсек қатынасынан ләззәт алуымыз да ерекше, басқаша сезімдер де пайда болып, бір-бірімізге тартылыс күші еселей түскендей. Шарпыған жаңа әсерден Дәуреннің қоңырауы оятқандай. Бүгін ол іссапардан қайтады.
Иә, қазіргі күйеуімнің көзіне бұрынғы күйеуіммен шөп салдым.
Күні бойы Дәуреннің алдында күнәлі екенімді сезініп, ұяттан өртеніп жүрмін. Енді не істеймін? Болған нәрсені қалай өзгертемін? Қалай өмір сүремін? Дәуреннің бетіне қалай қараймын? Не деймін оған…
Болған жайттан кейін Дәуренді алдай алмаймын… Бұлай болғанын қаламадым… Дәурен ешқашан кешірмейді мұнымды. Кез-келген жаза тартуға әзірмін.
Тек бір нәрсе түсініксіз, екі адамның қайсысын сүйетінімді білмеймін.
Дәуренді де жақсы көретін сияқтымын, себебі қимаймын. Рүстемге де бұрынғы сезімдерім қайта оянып, оның үстіне, баламыз үшеуіміз қайта қосылсақ, қалай болар екен деген ой да келеді.
Не істесем болады?