Бөлмедегі қыздар бірнеше жігітпен «жүріп» жүр. Студент қыздың әңгімесі

Бөлмедегі қыздар бірнеше жігітпен «жүріп» жүр. Студент қыздың әңгімесі

Бүгін қыздар үшін де, ер балалар үшін де махаббаттың қадірі қашқан. Баяғыдай бір-біріне деген өліп-өшкен сезім жоқ. Бір-бірінсіз өмір сүре алмау деген баяғы заманның әңгімесі болып қалған сияқты.

Неге дейсіздер ғой. Айтайын. Өзім күнде көріп жүрген жағдайды.

Мен – Алматыдағы студентімін. Үшінші курстамын. Жігітім жоқ. Бірақ оған бола өңсіз, қисықаяқ, не болмаса бойы бір қарыс қыз екен деп ойлап қалмаңыздар. Баяғының жырларындағыдай «Хан бұрылып қараған» дегендей бойжеткенге тән сымбаттылық, әдемілік бір бойымнан табылады. Бірақ сондай екенмін деп көрінген жігіттің бір құшақтап, лақтырып кетер қол жаулығына айналғым келмейді. Алғашқы курста бір емес, бірнеше жігіт келіп сөзін айтты, «менсіз тұра алмаймын» деді. Солардың ішінен көңілім қалаған біреуімен дос болдым. Бірақ мұнымыз ұзаққа созылған жоқ. Неге десеңіз, ол жігіт мені бірден төсекке сүйреледі. Онысына көнбедім. Кішкене кезімнен ар, жан, тән тазалығын жадыма түйіп өскен қыз едім. Менің бірден төсекке жата қоймайтынымды түсінді ме, ол жігіт «маған бермеген дүниең ертең қайдағы бір тазға бұйырады» деп, ренжісіп кетіп қалды. Үндеген жоқпын.

Керісінше, махаббат дегенді тек төсекке жату деп түсінген адамнан құтылғаныма қуандым.

Шынымды айтсам, бойымдағы пәктігімді көлденең көк аттыға емес, шын мені аялап өтемін деген азаматқа тек жар төсегіне жатқан кезде ғана сыйлағым келеді. «Анда-мында» шақырған пысықай жігіттерге жолағым келмейді. Бәлкім, жігітімнің жоқтығы осыдан болар. Бірақ айтқым келгені бұл емес.

Өзіммен бірге тұратын екі қыздың жүрісі.

Жатақханада бір бөлмеде үш қыз тұрамыз. Екі қыздың да бір емес, бірнеше жігіттері бар. Солармен кезек-кезек қыдырады. «Бұларың не? Осылай етіп жүргендеріңді біліп қойса қайтесіңдер» десем, «білсе, бізге не істейді. Кете берсін. Басқа жігіт табылады. Ал әзірге олар білмей тұрғанда оларды пайдаланып қалған жөн ғой. Бірі тамаққа апарады, бірі клубқа, бірі киноға дегендей. Шамаң келсе, сен де осылай бірнеше жігіт ұста. Тек ұсталып қалмасаң болды», деп олар сақ-сақ күледі.

«Сонда махаббат, сезім, сағыныш, тазалық деген қайда қалады? Мен сенбі, жексенбі күндері апамның үйіне қонуға кеткенде, ол жігітеріңнің кейбірі осында сендермен қонып қалатынын естіп жүрмін. Ең құрмағанда пәктіктеріңді сақтасаңдаршы» деп едім,

«Сен қай ғасырда өмір сүріп жатырсың. Айналаңа қара ХХІ ғасыр қазір. Пәктік деген не, оған қай жігіт қарап жатыр. Тұрмысқа шығып жатқандардың бәрі пәк дейсің бе? Ол заман өтіп кеткен. Ал пәктік керек мен соған қарап үйленемін деген жігіт болса, қазір-ақ пәктікті тіктіріп алуға болады емес пе? Күлкіні келтірмеші» деп, мені қайтарып тастады олар.

Бұларға не дейсің? Кейде осы қыздарға келіп жүрген жігіттерді аяимын. Еш нәрсені сезбейтін сияқты. Гүлдерін, торттарын көтеріп келіп тұрады. Олармен бірге отырып ішіп-жеп алып, шығарып салған соң, өзге жігіттерге телефон шалып, киноға, кафеге кетіп бара жатады. Бұлардан кейін тағы біреулермен тағы бір жаққа бара жатқаны. Осылайша ол қыздар бір емес, бірнеше жігіттермен қатар жүріп жүр.

Дәл осындай жағдайды көптеген қыздардан көрдім. Жігіттер де солай. Олар да бір қызбен ғана шектеліп қалмайды. Бірнеше қызға сөз айтып, әркімнің басын бір қатырып жүргендер жетеді. Тіпті өзіммен бірге оқитын кейбір өңділеу жігіттер бір туған күнде бір қызбен отырса, екінші бір отырыста өзге қызды жетелеп келіп «мынау менің сүйген қызым» деп таныстырып жүреді. Ал келесі жолы тағы бір қызды құшақтап жүргенін көремін.

Сайып келгенде, қазіргі жастар үшін сезім, махаббат дегендер ойыншық болып кеткен тәрізді.

Өліп-өшіп, бір-бірінсіз тұра алмайтын жастар тым аз-ау, аз.

Үлкен әпкем: «мектепте жүргенде жігіттер хат жазады. Соларға жауап бермей соңымыздан салпақтатып қоюшы едік. Олар туған күн кештерінде бізбен бір рет билесе, соған тәп-тәуір болып «мені көрдіңдер ме мен сүйген қызыммен билеп жүрмін», деп қомпаңдап қалатын. Ол кездің жігіттері жақсы көрген қыздарын кештен кейін үйіне дейін әңгіме айтып шығарып салудың өзін өздеріне бақыт санайтын», деп айтып отырушы еді.

Барлық тазалық, мөлдірлік сол кезбен кеткен секілді. Қазіргі жастардың ойы шын ғашық болудан гөрі, бір рет жатып қалу болып кеткен секілді. Ал қыздардың түрі мынау… Бір емес, қос-қос жігіттен ұстап, солармен қыдырғанына мәз.

Ертең ол қыздар күйеуге шыққанда қалай өзін тазамын дейді? Қыдырып қалған қыз әйел болса да үйде тыныш отыра ала ма? Бір жері жыбырлап, өзге еркекті аңсап тұрары белгілі ғой.

Ал мен ондай болғым келмейді. Бір адамды ғана жақсы көріп бар ғұмырымды тек соған ғана арнағым келеді. Осым дұрыс па? Не дейсіз? 

365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста