Бір қазақ көтерілсе, неге көре алмаймыз осы...

Бір қазақ көтерілсе, неге көре алмаймыз осы...

Астанаға жұмыс іздеп келетін қазақтың мыңдаған жастары сияқты мен де кезінде елордаға жол тартып, өз жолымды табуға тырысқан едім. Оқуға түскен жоқпын. Бірден жұмысқа араластым. Шыны керек, біраз қиыншылық көруге тура келді. Бірақ кері қайтқан жоқпын. Ақырында дегеніме жеттім. Өз кәсібімді ашып, дөңгелетіп алып кеттім. Дегенмен, оны бірнеше жылдан кейін жабуға мәжбүр болдым. Оған басқа емес, сол баяғы өз қазағым «көмектесті». Әрине, барлық бауырларыма бірдей топырақ шашудан аулақпын. Дегенмен, ішіме сыймай жүрген бір өкпе-назым бар еді. Соны «Алаш айнасы» порталы арқылы ақтарайын деп едім. 

Әлі есімде, елордаға бірінші рет келген кезде, жасыл желегі жүдеу, ойын-сауық жерлері аз болатын. Қалада құрылыс жұмыстарының қарқыны қатты жүрді. Әсіресе, Астананың сол жағалауында жаңа ғимараттар лезде бой көтеріп жатты. Біз үшін ол жаққа жету арман еді. Себебі нақты мамандығымыз болмады. Ал құрылыстың «барып кел, шауып келіне» тұрайық десек, жалақысы аз, жұмысы ауыр. Содан қаланың ескі базарынан шықпай, ақша тауып жүрдік. Бас кезінде тәшке итердік. Одан кейін «пятакқа» шығып, жүк тасушыға дейін көтерілдік. Клиентті сыртынан танып, сауда-саттықтың қыр-сырын меңгердік.
Шынымды айтсам, кей кезде білімнің жетпей жатқаны қатты сезілетін. Сол кезде бәрін тастап, оқуға түскім келді. Алайда оған да ақша қажет. «Осы уақытқа дейін бастық болып кетпесем де, біршама жетістіктерге жеттім ғой. Базарда таныстарым баршылық. Күнделікті жұмысым бар. Ақша да түсіп жатыр. Ал осының барлығын тастап, оқуға түсіп кетсем, 4-5 жылға жоғалып кетуге тура келеді. Ол уақыттың ішінде кім бар, кім жоқ? Қойшы, оған ақша да қажет», - деп іштей өз-өзімді ақтап отыратынмын. Оқуға түспесем де, өз кәсібімді ашқым келді.
Мен базарды бүге-шүгесіне дейін білдім. Кімнің кімге ақша төлейтінін, алып-сатарлардың «ставкасын», самса бизнесінің пайдасын, тіпті жаздағы балмұздақ саудасының қаншалықты тиімді екенін зерттеп, ойыма түйіп жүрдім. Ақырында аяқ-киім саудасынан бастағанды жөн көрдім. Қазақ жігіттерінің іштарлығын алғаш рет сол кезде байқадым. Бизнесті ашу жолдарын іздеп, ананы-мынаны сұрап жүргенде, мені құдды бір бәсекелес ретінде көрді. Жол сілтеп, ақыл берудің орнына: «Қайтесін, оның бәрі машақат қой. Өзіміз де көп пайда тауып жүрген жоқпыз. Әйтеуір, шай-майымызға жетеді. Одан да басқа бір кәсіппен айналыспайсың ба?», - деп маңайларына жолатпады. Содан не керек, өз қазағым шетке тепкеннен соң, кавказ ұлтының өкілдерімен дос болып, біраз шаруамды тындырып алдым. «Точканы» аштым. Артынан бір контейнерді де жалға алып, пайда да түсе бастады. Дегенмен, бір жерде отыруды қаламадым. Өзіме ұнайтын кәсіп іздедім.
Бір күні үйде отырғанда, бір жолдас бала келіп, тойға асығып жатқанын жеткізді. Шаштаразға үлгермей жүр екен. Маған жалынып, шашын қысқартып беруді сұрады. Әскерде болғанда, ондай өнерім бар еді. Бірақ соңғы жылдары шаш алмағаннан кейін бірден қолым жүріп кетеді деп ойлаған жоқпын. Досым қайтпаған соң, шашын қысқартып бердім. Уақыттың қалай өткенін білмей қалдым. Қолым жеп-жеңіл жүріп кетті. Өзіме қатты ұнады. Досым да риза болып қалды. Өмірлік мамандығым осы деп ойладым.
Ертесінде базарға барып, ұзақ ойландым. Контейнерге келіп-кетіп жүрген клиенттерге де көп мән бермей, аяқ-киімді сұраған ақшаларына саттым. Сол күні адам қаптап кетті. Көрші кәсіпкерлер «Саған не болған? Ауру-сырқаттан амансың ба? Бағаны түсіргені несі?» деп, біртүрлі күдікпен қарап, өз реніштерін білдіріп жатты. Мен болсам, дел-салмын. Не істеп, не қойғанымды білмеймін. Кешке қарай үйге келіп, етік саудасын тастап, шаштараз боламын деп соңғы шешімге келдім.
Базарда таныстарым көп болғандықтан, жұмыс табу қиынға соқпады. Сауда орталықтарының бірінде ашылған шаштараз салонына қабылдады. Жұмысы көп. Клиенттері баршылық. Арғы бөлмеде салон иесі өзі әйелдерге қызмет көрсетсе, бергі жағында екі жігіт – Қуаныш пен Бауыржан. Екеуі дос. Ол жерде жұмыс істегендеріне біраз уақыт болып қалды. Солардың қатарына мен үшінші шаштараз болып қосылдым. Басында қиын болды. Ол рас. Екі кәсіби шаштараздың қарқынына ілесе алмадым. Барлық ақшам жұмыс орнына күн сайын төлейтін ақы мен тамақтан артылмады. Солай екі жыл да өтті. Қуаныш пен Бауыржанның жылдамдығына үйренбесем де, біраз клиенттерді жинап алдым. Олар менің асықпайтын мінезіме қызықты ма, білмеймін, екі әріптесім келген адамдардың шашын тез-тез алып, шай ішіп жатса, менің қолым күні бойы қайшыдан босамайтын. Сонда есептеп қарасам, Қуаныш пен Бауыржан дем алып жатқанда, мен олардың көрсеткішіне жетіп аламын. Осылайша, мен кәсіби шаштаразға аналдым.
Үш жылдан кейін бөлек бір шаштараз ашуға бел будым. Тура сол сауда орталығында бос тұрған бөлмені жалға алып, өз кәсібімді бастадым. Стажер жігіттерді алып, шаш алуға үйреттім. Бірақ олардан көп пайда түспеді. Ал ай сайынғы жалға алу ақысы менің мойнымда болды. Сол себепті мен кәсіби жігіттерді іздедім. Бір күні Қуаныш пен Бауыржан келіп тұр. «Саған ауысайын деп едік», - деп дүңк еткізді. Мен оларды бірден қабылдамадым. «Сендерді бұрын жұмыс істеген шаштараздың иесінен тартып алғандай боламын», - дедім. Сол кезде олар келіскен сыңай танытып, кетіп қалды. Дегенмен, екі айдан кейін ол жақтан толығымен кетіп қалдық деп, қайтадан келді. Содан не керек, оларды жұмысқа алдым. Бір жылға жетер-жетпес уақыттай бірге жұмыс істедік, одан ары аса алмадық.
Менің салонымда тағы екі шаштараз жұмыс істей алатын орын болғаннан кейін мен тағы адам шақырып, жұмыс істеуді ұсындым. Келіп-кеткендердің қарасы көп болды. Мен сияқты іліп алып кете ме деп ойладым. Бірақ көбісі Қуаныш пен Бауыржанның қарқынына шыдай алмады. Клиенттердің бәрі солардікі. Дайындығы төмен шаштаразға ешкім отырғысы келмейді. Кезек болса да, күтіп отыра береді. Ол екеуінің де ойы сол – конкурентті жолатпау. Сөйтіп, менің идеям іске аспай қалды.
Бір жылдың ішінде бәрі болды. Бір-бірімізбен келіспей, сөзге де келдік. Олар екеуі бұрыннан дос болғаннан кейін бірігіп, жүйкемді де жұқартып көрді. Бірақ бизнесім соларға тәуелді болып қалғаннан кейін түк естімегендей болып, бәріне шыдап жүрдім. Олар соны білді. Ақырында кетеміз деп шықты. Анау-мынау ұнамайды деді. Сонда барған жерлері – суы да жоқ кіп-кішкентай бөлме. Сол кезде мен олардың ойын түсіндім. Жалға алған бөлменің ақысын ұзақ төлей алмадым. Соңында бәрін тастап, кетуге мәжбүр болдым.
Қазір басқа бір сауда орталығында істеп жүрмін. Ол жердегі шаштараз салонын қазақтың бір жігіті ашыпты. Соған неге қуанбасқа? Мен қуанамын! Мен қазақтың әрбір жетістігіне қуанамын! Көшеде джип мінген қазақты көрсем, қуанамын! Жақсы киінген қазақты кездестірсем, қуанамын! Қымбат ресторанда жүрсе, қуанамын! Ауызбіршілік деген осы емес пе, жігіттер? Неге біз әлі күнге дейін бір-біріміздің етегіне жармасамыз? Бір қазақ көтерілсе, неге көре алмаймыз осы... Біреулер: «Қазақты қайтесін, орыстармен жұмыс істеген әлдеқайда жақсы», - деп ақыл беріп жатады. Бірақ, басқа біреуді байытқанша, өз қазағымның өсіп-өнгені жақсы емес пе? Қашанға дейін тәшке итеріп жүре береміз? Сіздер не айтасыздар, ағайын!

Нұрғали,
Астана

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста