Бір-біріңізге төсек ләззатын алуға көмектесіңіздер

Әйелдерге

Кез келген әйел өз ер азаматын жүрегімен барынша сүйетін болса, ол оны жыныстық тұрғыдан да бақытты ете алуға тырысуға тиіс. Өйткені өмір бір бағытта жүретін көше емес. Бұл екеуара келісіп, жыныстық өмірді қызықты да тартымды етудің жолдары. 

Жыныстық қатынасты сәтті аяқтай алмаған еркекке «сен еркек емессің» дегеннен ауыр сөз жоқ. Бұл ер азаматтың сізге енді қайтып бар ынтасын салып жыныстық қатынасқа баруына кедергі болады да тұрады. Мұндай қателіктен аулақ болғандарыңыз абзал. Тіпті мұндай балағаттаулар мен басқа да жыныстық қатынасқа кері пікірлер бірте-бірте кез келген, тепсе темір үзер жігітті белсіздікке әкеледі. Сондықтан жыныстық қатынастың өте нәзік психологиясы бізден бір-біріміздің көңілдерімізге кірбің түсірмейтіндей іс-әрекет етуді талап етеді.
Мынадай жағдай ылғи да болып жатады. Мысалы, еркегі әйеліне жыныстық жағынан қауышудың кейбір қалып-күйін қалыпты жағдай деп қаншалықты айтқанымен, әйелі оған көнбей, өз дегенінде тұрады. Тіпті өзі де жарытып рахаттануды білмей, құмарын қандыра алмай, жұбайлық ілтипаттан іргесін аулақ салып, бірте-бірте жыныстық жақындасуға селсоқ қарайтын болады. Мұның арты әртүрлі жағдайларға жетелейді. Кейбір еркектер жезөкше әйелдерге барып өз әйелімен қол жеткізе алмаған, өзі қалаған қалып-күйде қауыша алады. Сондықтан жезөкше әйелдер өз істері үшін ақша алады және оған еркектер де риза, өйткені өз ойындағыдай бел босатуына қол жеткізе алады. Сіздің жұбай ретіндегі жағдайыңыз тым бөлек. Әлбетте, өз күйеулеріне төсек ләззатынан бас тарта отырып, қаржылық қысым көрсететін әйелдер де бар шығар, бірақ олар арамызда көп емес... Өйткені оған ешкім ақша төлемейді, тіпті оны өзі де күте қоймайды. Орнына шын берілгендік пен құштарлық және төсекте тояттану сезімін күтеді.
Адамдар арасындағы сексуалдық сауатсыздық, төсек ләззатындағы мәдениетсіздік қауышудың кейбір жақтары «таза емес» деген ойды көкейімізге ұялатқан. Ол жөнінде жұбайлар арасында ашық айтып, пікір алысу «бұл тәсілді, немесе әдетті кімнен көріп, үйреніп жүрсің?!» деген күдікті сауалдың тууынан қашқандықтан жиі бола бермейтіні рас. Олар өздерінің жыныстық талап-тілектері жөнінде бір-біріне айтудан тіпті қорқады да. Өйткені бірін-бірі кінәлап, тіпті ара қатынастары бұзылуы мүмкін деп ойлайды.
Бір-біріңізге төсек ләззатында көмектесуге тырысыңыздар, себебі төсек ләззатына құлаш ұру – екеудің тірлігі. Сондықтан тек қана еркек немесе әйел осы істі басынан аяғына дейін атқарып шығуы керек деп ойлау тым қате. Сіздер бір-біріңізді қанаттандырып, құштарлықтарыңызды қоздырып, бірге қанағат табуға, құшырларыңызды қандыруға тиістісіздер...

...Қыз баланы жастайынан дұрыс тәрбиелемегендіктен, оларға төсек ләззаты дегеніңіз оңбағандық, тек қана еркектің инстинкттеріне орай амалсыздан төзуге тура келетін нәрсе деп ұғындырылғанына байланысты, сондықтан оның төсек тоятын алуы қиын. Мұндай әйел төсекте тоят алуға тұла бойы қарсы болып, тіпті «суық әйелге» айналуы да мүмкін. Төсек ләззатында дұрыс, көне сүрлеумен өрлеп, рақат шыңына қол ұстаса шығу адам денсаулығы мен ұрпақ денсаулығына әсері мол екенін есте ұстаған абзал.
Төсек ләззатының негізгі мақсаты – сіздің жыныстық қарым-қатынастарыңызды ойдағыдай ету, рахат тауып, марқаю. Оны айтпағанның өзінде, төсек ләззатынан сіздер дүниеге Бала әкелесіздер. Бұл қауышу тек екеуіңізге ортақ мәселе. Сіз өзіңіз сүйген жанға барынша берілуіңіз керек, сонда өзіңіз де одан соншалықты тояттана аласыз.
Егер неке өнеріндегі кейбір құпияларды меңгере алсаңыз, әйел ретінде сіз өз өміріңізді жақсарта аласыз. Сіз еріңіз үшін күнделікті от басы, ошақ қасының қамымен өмірін өткізуші ғана емес, сіз оның досы, әйелі, төсекте сырласатын жары бола аласыз.
Мысалы, сіз өзіңіздің күйеуіңіздің сізді төсек тоятына жиі жеткізе алмайтынын түсіндіңіз делік.
Сіздің еріңіздің сізге төсек тоятын сыйлай алмауының бірнеше себептері болуы мүмкін. Мүмкін бұл оның кінәсінен, немесе екеуіңіздің де кінәңізден болуы мүмкін. Бірақ қалай дегенде де сіз ғана бұл жағдайға ықпал ете аласыз. Өйткені сізде уақыт, шыдамдылық және махаббат бар емес пе. Осы үшеуін жұмылдыра отырып, сіз өз сүйіктіңізді «төсек ләззаты өнерінде» керемет шеберлік таныта алатын жағдайға жеткізе аласыз.
И. Қарақұлов өз кітабында: «Ерте дүниедегі Үндістанда сүйіспеншілік өнері өте жоғары бағаланған. Сол дәуірде жазылған махаббат туралы трактатта: «Ақылды әйел – тән сүйіспеншілігінің шебері. Ол өз қылығымен ерінің жыныс құмарлығын арттырудың көп әдісін біледі»», – деп жазыпты.
Әйелдің «кескен томардай» серейіп жатпай, еркектің қимылдарына өзі де жауап беріп, оның аспабына қарсы өзінің асыл тұңғиығын тосып қарсы қимылдармен көмектескені жөн. Кейбір әйелдер аяқтарын көсілтіп өзінің кәусар бұлағына еркек ұлы мүшесін бойлата кіргізсе болды деп ойлайды. Қайталап айтамын, бөкселеріңізбен адуынды жұмыс істеп, еркектің аспабына өзіңіздің асыл тұңғиығыңызды тоса қимылдауыңыз қажет. Егер де әйел мұндай қимылдарды ұят санаса, қимылдамастан төсекте тыныш жатса, онда жыныстық қауышудың әншейін жұбайлық борыш ретінде ғана болғаны. Және ерте ме, кеш пе еріңіздің сізбен жасалатын қауышудан тоят ала алмағандықтан, басқа жерден ләззат іздеуіне сара жолды салып беруіңіз мүмкін, тіпті ол өзге әйелге кетіп қалуы да ықтимал. Сондықтан төсекте тоят алу шеберлігін меңгере білу ер адамның сүйіспеншілігін еселеп арттырып, оны өз жаныңызда ұстаудың бірден-бір көзі болып табылады. Сол себепті бір ғана қалып-күйде көрпе асты ойынын ойнауды өзгертіп, өзіңіздің жұбайыңызды құшақтап, аяқтарыңызды айқастырып оның ырғағына қарай қимылдасаңыз, жаныңыз жай тауып, керемет ләззаттанып, рақат шыңының ұшар басына шығасыз.
Әйелдер еркектеріне бар пейілімен берілгенде ғана еркектер де солай жауап қатады. Ондайда құшағыңыз лаулап, ал төсек үстіндегі арпалыс сізді өз шапағатына бөлейді.

Т.Қ. Бесбаев. «Төсек ләззаты» кітабы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста