Бір-ақ күнде абыройым айрандай төгілді
Мен бір өмірде жолы болмаған пендемін бе деп қаламын кейде,тек Алла Тағаламның сынағы ғой, сынақ берген Алла жолын да өзі көрсетеді деп әлі келемін.
Әкем кішкентай кезімде қайтты, ес білгелі Анашым-Жəннатым сүйрелеп келді, бар тəттіні ауызыма тосып отырды, бірақ имандылыққа баулымады. Сол иманымның əлсіздігінен кішкентайымнан қайырымсыз, өзімшіл болып өстім.
Отырыстан отырыс қалдырмай, кештердің, клубтардың гүліне айналдым, Күнаһардың нақ өзіне айналдым, жаман ортамен араласып жүрдім, сол кезде оларды достарым деуші едім.
Оқу орынында оқып жүріп группамен отырыс ұйымдастырылды. Әдеттегідей барлық жігіт менің соңымда болғанына мəз болып жүрмін, ішетінім де бар-тұғын. Сөйтіп сыралатып отырғанымда қасымдағы кұрбым деп жүрген адам дəрі қосып берген бокалыма, қалай мас болғанымды өзімде білмей, ұйықтап қалдым сол жерде.
Бір есімді жиғанда бір баланың астында жатырмын, қимылдауға шамам келер емес, басымды əрең көтеріп қарағанда құрбым деп жүрген адам видеоға түсіріп тұр, не қосып бергенін білмеймін тіпті сөйлеуге шамам жетер емес, есімді еміс еміс білемін.
Жаткан жерімде таңға дейін үнсіз жылап жата бердім, өйткені сол кезде пәктігімнен айырылдым, таңда шамалы өзіме келіп, əл жинап, үйге барғанда анаммен сырласып жылағым келді. Бірақ қай бетімді айтамын, рахметің осы ма десе не деймін, оған өзім ғана кіналімін. Оның үстіне анам тұрмысқа шығып сол кезде өз басымен кайғы боп журді. Сырласатын бауырым да жоқ, дос дегеннің бəрі бір мезетте жоқ болды, жапанда жалғыз қалдым.
Үйдің сыртына шығудан қалдым, видеоны барлығына көрсеткен класстастарым, группаластарым, оған қоса мен мас болып бір емес бірнеше баламен жатты деп шығарыпты. Сол кезде қатты қиналдым, психологиялык тұрғыда көмекке зəру болдым.
Анамның өгей əкемнен қолы босар емес, кімге айтамын? Кімге барып жылаймын?! Оқуды да тастадым, 2 айдың ішінде сыртқа шықпадым, анам куйеуінің үйінде, ал мен əкемнен қалған үйімде жалғыз қалдым. Бірнеше рет өлуге де тырысқам, бірак үнемі Аллам сақтап қалатын!
Солай күндер өте берді, бір күні есік қонырауы басылды, телефон дегеннің бəрін тастадым, бір досым іздеп келген емес, қонырауға таң қалдым, қарасам Қытайдағы досым келіп тұр үйіме іздеп, есікті ашқанымда өте қатты таң қалды. Шашым ұзындығы белден асатын, айнаның алдына отырып өзім қидым, ол досым менен бұрыннан дəмелі болатын, Тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді қыз кезімде, мен келіспегем.
Содан мені көріп не болғанын сұрағанда, мен бақырып жылап қоя бердім, бар жағдайды айттым! Ол баяғы ұсынысын қайта жасады, мен сол кезде келісе кеттім, ұрыса көрмеңіздер, қатты жалғызсыраған едім, не бəрі 19 жаста болдым ол кезде.
Екеуміз уйленіп, тойымыз дуркіреп өтті, ал мен əлі ұмыта алар емеспін, жолдасым бір айтып көрген емес сол жағдайды. Бірақ сен мені сүймегенсің, бақытты емессің деуші еді.
Қазір Аллаға шүкір қызым бар, тағы да жолым болмай жолдасыммен ажырастым, ана жағдай шекеме мықтап тиген болар, жолдасыммен ажырасқалы бір жігітпен өзге тақырыпқа сөйлесіп көрген емеспін, еңсемді сол жағдай басады да тұрады. Кластас, группалас дегеннен үміт үздім, бірақ уақыт бəріне де үйретті, осы масқарамен өмір сүруді де үйрендім, көп ойламауға тырысатынмын.
Бүгін жұмысымнан келе жатып бір құрбымды көріп əңгіме-дүкен құрып отырдық, құрбым жігіті келе жатқанын айтты, бір кезде жігіті де келді, қасында досы бар екен, досы мені қыздығымнан айырған сол баяғы жігіт боп шықты. Көзімнің алды қарауытып, отырған жерімнен қозғала алмай қалдым.
Үйіме қалай жеткенімді өзім де аңғармай қалдым. Үйге кіріп қызым мама дегенде есімді жидым, шамалыдан соң құрбым звондап не жағдай болғанын сұрады. Бәрін естігенін айтты. Мен өксігімді баса алар емеспін. Ана баланын айтқан сөзі "ол қыздың қыздығы маған қымбатқа түсті, қыздығын сатып жүрген адаммен қалай дос қыласың қызыңды"деген екен жігітіне құрбымның. "Қасындағы құрбысы ақшамды санап алды сенбесең қазір кездестіре аламын" депті.
Айтпағым өмір деген бір айналдырса шыр айналдырады екен! Қанша ұмытуға тырыссамда алдыннан шыға береді, қандай əрекет жасаймын енді? Осы отырғанымда ішімде жүрегімді қолыммен езіп жатқан сияқты біреу, өте қиын! Қазір сөйтіп Алла тəубеме түсірді! Ұзақ болса ренжімеңіздер! Тағы бір айтпағым құрметті ата аналар,аға-апалар, баларыңызды, қарындас-сіңлілеріңізді Иманға баулыңыздар ең бірінші! Құран үйретіңіздер, ал қалғанының бəріне Құран өзі үйретеді! Алла қаласа, қызымды медресеге беремін! Айналайын сіңлілерім менің өмірден оңбай жасаған қателігімнен,күнəмнан сабақ алыңыздар, қорытынды жасаңыздар!
Аноним
alashainasy.kz/