Бахрейнде секс-құлдықта болған бойжеткендер: Өзімнің құрбым сатып жіберді, саусақтарымды шауып тастаймыз деп қорқытты

Бахрейнде секс-құлдықта болған бойжеткендер: Өзімнің құрбым сатып жіберді, саусақтарымды шауып тастаймыз деп қорқытты

Сауд Арабиясының үкіметінің көмегімен Бахрейнде секс-құлдықта болған 21 қазақстандық бойжеткен елге оралды. Олардың екеуі сол жақта бастарынан кешкен жайттармен бөлісті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Baigenews.kz порталына сілтеме жасап.

Бойжеткендердің бірі Диананың (есімі өзгертілген) айтуынша, ол құлдыққа 18 жасында түсіпті. Оны өзінің құрбысы алдап, жергілікті қылмыстық топқа сатып жіберген. Секс-құлдыққа түспей тұрып, жәбірленуші Алматыда бармен болып қызмет атқарған. 

 
"Құрбым Бахрейнге барып, сол жақта бармен болуға ұсыныс білдірді. Мен жас болатынмын. Ол жақтағы жалақыны естіп, қызығушылығым ашылып кетті. Әлгі құрбым біреулерге хабарласып маған құжат пен ақша жіберуді сұрағаны әлі есімде", - дейді ол.

Бахрейнге жеткенде оны бір бойжеткен күтіп алыпты. Ол Дианы қонақ үйге дейін ертіп апарып, сондағы денелі, бойы ұзын ер адамға табыстаған.  

"Ол азамат мені танитынын айтты. Менің Қазақстандағы мекен-жайымды, ата-аналарым есімін атап, егер мен қашып кететін болсам, оларға жаман болатынын жеткізді. Мен ағылшын тілін білмейтін едім. Сосын артынан кейін ұзын бойлы ер адамның мені құрбымнан сатып алғанын білдім", - дейді Диана. 

Содан бері Диана осы қонақ үйге қамалыпты. Оның құжаттары тартып алынып, егер жоспарды орындамаса, қатты жазаланатыны ескеріліпті. 

"Менімен бірге Украинада, Ресейден, Германиядан қыздар әкелінді. Олар орысша сөйлейтін. Егер мен жақсы жұмыс істесем, мен ерте босатылатындығым жайлы айтты. Мен үйге қайтқым келетін айтып қоймай қойдым, сонда мен қай жерге тап болғанымды алдыма тізіп берді. Алғашында жаңадан келгендерді демалуға жіберді. Содан кейін бізді аукционда сатты", - деп қосты жәбір көрген бойжеткен. 

Сөзінше, күніне 20-дан астам адамға "қызмет көрсету" керек болған. 

"Жоспар бойынша кемінде 20 адамға қызмет көрсетуіміз керек болды. Кей кездері ұйықтауға уақытымыз болмайтын. Көбіне күндізгі сағат 3-тен бастап жұмысқа кірісетінбіз. Қонақ үйден шығуға мүмкіндік болмады. Арнайы күзет болды", - дейді ол. 

"Клиенттерден" көмек сұрауға тырыспадық дейді Диана, себебі олардың арасында қонақ үй қожайынының адамдары да жүреді екен. 

"Біз клиенттерден темекі немесе тамақ сұрасақ қонақ үй иесі, біз оны кейде Әкей деп те атайтынбыз, қайдан екені белгісіз біліп қоятын. Қыздар жыныстық қатынасқа түскенде сақтанып жүруі тиіс болды. Мені кей кездері Әкей саусақтарымды кесіп, бірін қоймай күйдіріп тастаймын деп қорқытатын", - деді Диана. 

Қыздарға туыстарымен азын-аулақ хабарласып тұруға рұқсат берілген екен. Десек те олардың не айтып, не жазып жатқаны бәрі қадағалауда болыпты. Диана жақындарына Бахрейнде бармен болып жүрмін деп айтуға мәжбүр болған. Ешнәрседен хабарсыз болған қыздың ата-аналары ол туралы уайымдамаған көрінеді, себебі бойжеткен 16 жасынан бері жұмыс істепті. 

Бір күні оның сол жақтағы өмірін өзгертетін бір жағдай оырн алыпты. 

"Бізге көрші қонақ үйден бір қызды ауыстырған болатын. Ол қонақтармен бірге есірткі пайдаланған деген күдікке ілінген еді. Оны Әкей үнемі ұратын. Осындай күндердің бірінде әлгі бойжеткен үсті-басы көк ала қойдай болып шықты. Содан кейін боянып, киімін ауыстырып, қалай екенін бір құдай біледі, қашып кетті. Мұны естіген қонақ үйдің менеджерлері бізді басқа қонақ үй көшіре жөнелді, өйткені полицейлер келеді деп қорыққан", - дейді Бахрейннен оралған бойжеткен. 

Біраз күн өткеннен кейін әлгі қашып кеткен қыз түк білмегендей болып қонақ үйге қайта келген. 

"Ол келгенде бәріміз біткен жері осы деп ойладық. Бірақ ол бізге "Күтіңдер" деп жауап берді. Содан соң секс-притонға полицей келіп, ондағы барлық адамды қамады. Біздің Татьяна есімді менеджеріміз, сендерді Әкей құтқарып алады, тек оның сөзін жақтасаңдар болғаны деп айтты. Мен екі күн бойы оның айтқанына сеніп, Әкейдің сөзін сөйледім", - деді Диана. 

Айтуынша, полицейлер қонақ үйдің "жұмысын" әшкерелеген соң, қашып кеткені белгілі болыпты. 

"Татьяна біз жезөкшелікке өзіміз келгенімізді, ал әкей болса тек бізге киім сатқанын айтты. Үшінші күні бас тергеуші "Сенің миын істейді ме? Сен кімді жақтап отырғанынды білесің бе? Сенбесең, міне, өзің көр" деп маған бейнежазбаны ұсынды. Әлгі видеода Татьяна мен Әкейдің бар ақшаны жинап, қашуға дайындалып жатқаны түсіп қалыпты. Зығырданым қайнағаны соншалықты бар жайтты тергеушінің алдына жайып салдым", - дейді Диана.

Осыдан кейін оны басқа да қазақстандық қыздармен бірге елге алып келген. Қазір Дианаға психологиялық жағдайын дұрыстау үшін ұзақ уақыт керек.   

24 жастағы Алина (есімі өзгертілген) сұлулық салонында шаштараз болып қызмет атқарыпты. Өзіне шаш қидыруға келген бір бойжеткеннен ол Бахрейндегі жұмыс жайлы естіпті. Бір отбасыны, мүгедек әкесі мен анасы, және алты бауырын жалғыз асырап отырған бойжеткен мұны естіп, қызығып кеткен. Алғашында оған хабарласуға жүрексініп, артынша отбасының жағдайын ойлап, Бахрейнге аттануға бел буыпты. 

"Төлқұжатым тез дайын болды. Бахрейнге жеткенде такси жүргізушісі менен не үшін бұғам келіскенімді сұрады. Мен оның не айтып жатқанын қонақ үйге келгенімде бір-ақ  білдім. Күніне қанша еркекпен төсектес болғанымызды айту тіпті ұят. Тіл білмегендіктен, өзімнің бұған қалай келіскенімді түсінбей біразға дейін абдырап жүрдім. "

Бар тапқан ақшасын Алина отбасына жіберіп отыруды өтінген. Жұмыс күндері ол 18 сағат, демалыста одан да көп уақыт бойы ол қызмет жасауға мәжбүр болыптын. 

"Мен ешкімге зияным жоқ болды. Темекі шекпейтінмін, алкоголь ішпейтінмін. Жоспарды орындап жүрдім. Қазақстаннан 19, Ресейден 3 бойжеткен болды. Полицейлер біздің барлығымызды босатып, елімізге қайтарды. Менеджерлер қамауға алынды", -дейді Алина. 

Оның айтуынша, кейбір қыздар ол жақта қалғылары келетіндігін айтыпты. 

"Көбісі бұл жаққа сауық-сайран құру үшін келеді, содан кейін құлдыққа салды деп шағымданады. Полиция бізді бір қыз қашып кеткеннен кейін білді. Әлгі қыз есірткі сатып, жеңгетайлық жасағаны үшін жазаланған. Оған шыдамаған бойжеткен барлық жайтты әке-шешесіне айтып беріпті", - дееп қосты 24 жастағы бойжеткен. 

Тергеу үш күнге созылған. Кейіннен секс-құлдықта болған қыздар өз елдеріне қайтқысы келетіні туралы арыз жазыпты. Қазір қыздарды тәнін сатуға мәжбүрлегендер тергеліп жатқан көрінеді. Алинаның сөзінше, жәбір көргендердің барлығына үйлеріне қайтуға 250 доллар берілген, бұған қоса олардың жалақысы мен келтірілген моральдық шығын алдағы уақытта өтеледі екен. 

Қазір отбасым үшін осылай істеуге тура келді деген ол өзінің сұлулық салонын ашып, өмірін жаңа беттен бастамақшы. 

Еске салайық, бұған дейін Бахрейнде сексуалды құлдықтан 21 қазақстандық қыз босатылғаны жайлы айтылған еді. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста