Басқа әйелдің менен несі артық...
Кеше кездескен əйелге құлай салатын еркекті кім дейін? Басқа-басқа өзім осындай жағдайға жеткеніме қайранмын! Үш бірдей бала тудым, үшеуіне ел қатарлы тəрбиемді бердім. Күйеуім болғанмен еш бала тəрбиесіне араласқан емес. Жылдың төрт мезгілі жұмыс бабымен іс сапарда жүретін. Сол көшедегі өмірінен маған сый қып тапқан тоқалы - Ажар. Қырық үш жаста. Көшедегі біреу үшін он үш жыл бірге тұрған жарынан ажырасқан адамға айтар сөзің де табылмайды. Өксіп жылағаннан басқа қолдан келер қайран жоқ...
Кейде әйел болу неткен қиын еді деген ой келеді.Тұрмыстың тауқыметін тартып, одан байдан опа көрмей ,не жылы сөз естімей өмірім өтіп барады.Үмітім балаларым.Осыларға ізгіліктің нәрін сеуіп,адамдығы мықты азамат етіп өсіре алсам ғой.Тірі жетім болып өскен олардың да әкеге деген ызасы кекке айналып,жүректері тасқа айналмаса екен деймін.
Он үш жыл отасқан аты болмаса жар болып жарытпады,көбіне іссапармен түзде жүретін.Табысынан бірде берсе,бірде ол да жоқ.Балаларына емірненіп әкелік мейірін танытқанын көрмеппін.Бар есі ақыл -ойы анау әйелде болып бәрін ұмыттып жүре беретін.Одан өзге ешкім көзіне көрінбейтін.
Менің басымдағы жайды басынан өткерген жан болса түсінер.Ал басқалары жай ғана "ақымақ қатын" деп мысқылдай езу тартып көз жүгіртіп өте шығар.
Күйеуімді қайтару мүмкін бе?Түрім де,дене бітімім де ешкімнен кем емес.Анау әйелдің де менен артып бара жатқан ештеңесін байқамадым.Сонда оны не құдірет бала-шағасынан,әйелінен безіп оған тартып тұратын?Соған ойланып басым жетпейді."Төсекте мықты бол"дейді біреулер.Ол сөздің де жаны бар шығар мүмкін...Мен қанша тырыссам да төсекте жезөкше сияқты бола алмайды екенмін.
Жадыра