Бәрінен шаршап кеттім
Сәлеметсіз бе админ?! (жасырын шығарыңызшы) Қайырлы күн құрметті оқырмандар! Жасым 23-те, оқу бітіргеніме бір жыл болды, мамандықпен жұмыс таппадым. Бір жылдың ішінде істемеген жұмысым қалмады. Бір сөзбен айтқанда өмірден түңіліп өмір сүргім келмейді. Әкем кішкентайымда қайтыс болған. Анам мен әпкем бар. Әпкем тұрмыста, онымен де ара қатынасымыз дұрыс емес, бұрын бірге тұрғанымызда басымыз піспи көп ұрысатынбыз. Анамда мені дүниеге әкелгеніне өкінетіндей. Жігітім болған, 1,5 жыл жүрген, ол да бүгін "мен өз жолыммен кетейін, сен өз жолыңмен кетші, бәрін қояйық" деді. Жігіт үшін дейтін шығарсыздар, бірақ бәрінен шаршадым. Жұмысыммен алданатын жұмысым да жоқ қазір. Жігітімді де қатты жақсы көремін. Не істерімді де білмеймін. Жаны ашитын әкем де жоқ, анам да жоқ, әпкем де жоқ.
Аноним
⠀