Баласын қызғанған енемнің қылығы шаршатты

Тіпті айтуға да ұят екен, енемнің өз баласын менен , яғни келіні мына менен қызғануы әбден жыныма тиіп бітті. Өзімнің де ата-анам бар. Бірақ әке-шешеміз ағаларымның жанұяларының тірлігіне мүлдем араласпайтын. «Үлкен отан иесі, өз мәселелерін өздері шешсін» дейтін, тіпті арасына түспеңдер, не болса да жанұясымен бірге болсын» деп жатқандарын талай естігенмін.

Алдымда үш ағам бар. Бір үйдің жалғыз қызымын. Күйеуім де өз үйінің жалғыз баласы болып жолықты. Маған қарағанда күйеуім еркелеу екенін байқадым. Сосын уақыт өте бәрін ақылға жеңдіруге тырысатынмын. Алайда енемнің өз баласын менен қызғануы бүгінде шыдамымды сарқыды. Алғаш келін болып түскен кезімде де жолдасым екеуіміз сәл нәрсеге келіспей қалсақ, арамызға түсіп, ақырында жолдасымды бөлек бөлмеге алып кететін. Және бөлек төсек салып беріп, өбектейтін. Шаңырақ болған соң, ұрысасың, керісесің. Ерлі-зайыптылар болған соң артынша татуласасың. Кейде сондай ренжісуден соң, татуласу араны жақындата түседі. Әйтеуір екеудің арасындағы қарым-қатынасты түсіндіру мүмкін емес қой. Бірақ сондай кезде араға үшінші біреудің килігуі керсінше араны алыстатып жібереді екен.

Бірақ соның бәріне көз жұмып қарауға тырыстым. Жолдасыма да «екеуіміздің арамызға үшінші біреуді киліктіру дұрыс емес екенін, қанша ренжіссек те бар мәселені екеу ара шешейік» дедім. Бірақ оңашада түсінген түр танытатын жолдасым, анасы араға киліге бастағанда соның айтқанымен жүріп тұрып, шыға келеді. Бәлкім өмірге бала келсе бәрі басқаша болар деп күттім. Жоқ, әлі сол баяғы жағдай. Тіпті кейде енем маған себепсіз тиіссе де айқайлап баласын қасына алып кетіп қалады. Сонымен жатқанымыз әркім өз баласын құшақтап. Жуас күйеуім анасына ештеңе дей алмай айтқанына көне береді. Тіпті кейде үйде менен тамақты да тығып, баласының аузына тыққыштайды. «Құдай ау мен де осы үйге адам болам, сіңісем, ұрпағын көбейтем, адал келін болам деп келдім ғой» деп жынданам.

Одан қалды менен қызғанып, «мені ана жерге апарып ап келші» деп жолдасымның көлігіне отырып, кетіп қалады. Бостан бос дүкен аралап жүріп қайтады. Менен бөлектеп, жолдасыма көйлек, футболка алып беріп, «қасыңдағыдан артық болып жүр» деп қарапайым екеуіміздің арамызда бәсекелістік тудырып қояды. Рас, арасында жолдасымның анасының қылықтарынан ұялатынын байқаймын. Бірақ қанша айтқанмен анасы емес пе, мойындағысы келмейді. Жолдасым «үлкен кісі ғой, шыда» дейді. Алайда шыдамым да сарқылып барады.

Кейде күлкім келеді енемнің қылықтарына. Көрші апаларға да «баламның теңі емес, ұсқынсыз біреу» деп мені жамандайтын көрінеді. Үндемей құтылам, үлкен адам ғой деп. Бірақ менің де жүйкем жұқарып келеді. Мен де біреудің еркелеп өсірген жалғыз қызы едім ғой. Менің жайымды кім ойлайды деп ашуланам. Бірақ «баласын қызғанатын енеме ерегісіп ажырастым» деген де ыңғайсыз екен.

Сонымен бүгінде ұят та болса жағдайымыз осындай. Кейде баласын қызғанатын, бөлектейтін енемнің қылықтарына қарап «осы үйге неге келдім, не істеп жүрмін» деп ойлап қоямын. Бірақ ажырасып кетуге ағаларымнан ыңғайсызданамын. Алайда енем мен «енемнің баласы» шаршатты.

Аяулым, Талдықорған қаласы.
alashainasy.kz/ 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста