"Балам өлсе өле берсін": Толғақ қысса да, еркек дәрігерге көрінуден қашқан әйел елдің ашуына қалды
Желіде белсенділік танытып, түрлі мәселелерге қатысты ой-пікірін білдіріп жүретін отандық заңгер Айгүл Орынбек қиналған сәтте еркек дәрігерлердің көмегінен бас тартатын әйелдерді сынға алды. Ол толғақ қысқан кезде хиджабтағы әйелдердің баласын да ойламастан, өзінің еркек дәрігердің қарауына қарсы шығатынына қынжылатынын айтты.
Ол кезекті жазбасын Facebook желісінде жариялады.
"Балам тұншығып өлсе өле берсін! Қаладағы бір перзентханаға хиджап киген екіқабат əйел ауыр халде түседі. Сол түні кезекші акушер врач ер адам болған екен. Креслоға шығыңыз тудырып алуымыз керек десе хиджаптағы əйел əуретімді бөтен еркекке көрсетпеймін деп шу шығарған.
Əйелдің давлениесі төмен бала шығуға дайын, бірақ əйел креслоға шықпай күйдірген ғой əйел акушер керек деп. Балаң тұншығып өледі десе, өлсе өле берсін деген. Содан не керек əйел акушерді тездетіп шақыртып босандырып алған.
Егер сол хиджаптағы əйел, врач келмей баласымен қоса өліп кеткен де, сол күні кезекші болған акушер врач кінəлі болар еді. Көптеген шектеулер адамзаттың дамуына кері əсерін тигізеді. Егер хиджаптағы əйелдің жүрегіне немесе бүйрегіне операция жасау керек болса əйел хирургты қайдан табады? Біздегі мықты хирургтардың бəрі ер азаматтар ғой! Жаныңды сақтап қалар кезде теріс ағымдағы сеніміңді жинап қой! Өзің өліп қана кетпей басқа біреуге кесіріңді тигізіп кетесің!", - деп жазды ол.
Заңгердің дәл осы жазбасы желіде қызу талқыға түсті. Кейбіреулер Айгүл Орынбектің айтқан пікіріне қосылмай, қарсы уәждер айтса, екіншілері заңгерді қолдап шықты.
Заңгердің дау тудырған бұл посты аз уақыттың ішінде 161 пікір жинап үлгерген.