Балалы әйелге ғашық болып, басым айналып қалды...

Балалы әйелге ғашық болып, басым айналып қалды...

Біреудің қателігі біреуге сабақ болар. Мен де басымнан өткен қателігімнен кейбіреулер ойланса деп «Отбасы – ошақ қасы» айдарына жолдап отырмын.

 

Ата-анам бақуатты жандар. Екі ініммен үшеумізге бар жағдаймызды жасады. Жоғары оқу орнында оқытып, жұмысқа да тұрғызып берді. Ендігі армандары мені үйлендіріп, немере сүю болатын. Мен үшін бәрін жасаған оларға сол жақсылықтарын өтеуін қайтара алмадым бірақ. Соған өкінем.

 

Жұмысым кеңседе. Ақ жағалымын, қол астымдағыларға сөзім өтетіндей бастық деген атым бар. Бойдақ болғаннан кейін, жағдайлы, үйі бар, көлігі бар дей ме (қазіргінің қыздарына өкпелеуге де болмайтын шығар, тек жағдайыңа қарайтын) қыз біткен жолымда қоғадай жапырылатын. Ызылып, сызылып мені өздеріне қарату үшін қолдарынан келгенін жасайтын. Көрсем де көрмегендей, сезсем де сезбегендей жүре бердім. Олардың арасында бет біткеннің сұлуы да, ақылдысы да көп-тін. Бірақ көңіліме жаққан бірі жоқ, сол себептен көңіл аудармадым ешқайсысына.

 

Түскі тамақты үйден кеп ішетінмін. Анамның қолынан шыққан дәмді тағам тұрғанда дәмхананың су татыған тағамын аса ұнатпайтынмын. Сол жолы асығыс болып жұмыстың қасындағы дәмханаға баруға тура келді. Құс етінен жасалған тағамдардың біріне тапсырыс бердім. Өзім аса кірпияз болғандықтан тамақты ары шұқып, бері шұқып отырғанымда тауық етінің асты көгеріп кеткенін байқадым. Дереу даяшы қыздарды шақырып алып сұрақтың астына алдым, алып кетпек болып еді, әкімшіні шақыруын талап еттім. Тез арада жетіп келді. Шашы беліне түскен бір керім екен. Түтігіп отырған мен қалайша тез басылып қалғанымды байқамай да қалдым. Бәсең дауыспен талабымды жеткіздім. Алдыма түсіп кешірім сұраған әлгі қыз басқа тағам әкелетіндерін айтты. Тәбетім қашып кеткен мен одан бас тарттым.

 

Әлгі қыз жік-жапар болды. Үн-түнсіз шығып кеткем. Жұмысқа барғаныммен мандытып ештеңе істей алмадым. Көз алдымда әлгі қыз. Екі күн бойы көз алдымнан көлбеңдеп кетпей қойған соң үшінші күні әлгі қызды іздеп дәмханаға бардым. Тағы да өткендегі тағамға тапсырыс бердім. Тағы да көгеріп кеткен болып шықса екен деп мен отырмын. Бірақ бұл жолы менің арманым орындалмады. Аз-маз тамақ жегенсіп қоя салдым. Даяшы қыздардан әлгі әкімшіні сұрадым. Бүгін оның ауысымы емес екен. Басым салбырап жұмысқа қайттым.

 

Апта соңында миыма маза бермеген қызды іздеп тағы бардым. Таныстық. Аты Айман болып шықты. Аз-кем тілдесіп болған соң мен оны кездесуге шақырдым. Ананы айтып, мынаны айтып қипақтаған оған табандылық танытып ақыры кездесуге көнірдім. Кешке айтулы жерге келген соң әңгіме өрбіттік. Таным түсінігі жоғары, өзін ұстауы да бір керемет, мен оған құлай ғашық болдым десем де болады. Ертеңгі кездесуден ол бірден бас тартты. Таң қалдым. Онда неменесіне келісті бірінші кездесуге. Мен қоймай қойған соң ақыры ол көнген сыңай танытты. Телефон нөмірімізді алмастық.

 

Түні бойы ұйықтай алмай оған телеофн шалғам. Сөндірулі екен. Ертесіне межелі жерге асыға жеттім. Ол жоқ. Телефонын да көтермеді. Содан алып ұшып жұмыс орнына бардым. Онда да әрине жоқ. Содан апта бойы оны таба алмадым. Бір көрініп көзден ғайып болған сұлуды ұмыту мүмкін болмады.

 

Мен оны көшеден де, жан жағымнан үнемі іздеп жүретін болдым. Екінші аптада оны тағы іздеп бардым. Даяшы қыздар «ол баласы ауырып бәлністе жатыр» деді. Төбемнен жай түскендей болды. Қыз деп жүргенім келіншек болып шықты. Егер күйеуі болса ше, масқара. Содан мен оны ұмытайын деп барымды салдым. Бірақ қолымнан келмеді.

 

Ақ қарасын анықтайын деп тағы бардым. Көңілі сынық қарсы алды мені. Біртүрлі жабырқау, мөлдіреп тұратын көздерін мұң шалғандай. Мен күтпеген сюрприз әлі алдымда екен. Бір емес, екі баласы бар екен. Күйеуімен ажырасқан болып шықты. Балам бар дегені көңілімді түсіргенімен, ажырасқандығы үшін біртүрлі қуанғандаймын да. Өзіме оғаш көрінсе де білмеймін. Әйтеуір алып ұшып соған көңілім ауды да тұрды.

 

Әке-шешемнің бұл қадамымды құптамасы анық-тын. Әкеммен сөзге келіскен күннің ертесіне мен Айманның үйіне біржолата кіріп алдым. Әке-шешемді жерге қаратып кеткенім үшін жаным ауырған жоқ бірақ. Айманның ыстық құшағы бәрін де ұмыттырғандай да болды. Балаларын өз баламдай көрдім.

 

Арада бір жыл өткенде бөпелі болдық. Ата-анама барар жолды мүлдем ұмыттым. Соншалықты қандай қасиеті барын білмеймін Айман маған бәрін ұмыттырды. Бақытты едік, бақытты сияқты едік.

 

Жұбайлық өміріміздің алтыншы жылына аяқ басқанда артымнан анам іздеп келді. Ата-ананың алдындағы баланың парызы сынды біраз мәліметті миыма құйғандай болды. Бірақ ондайды «вирус» деп ойлайтындаймын, мүлдем қабылдай алмадым.

 

Анамды басымды изеп шығарып салғаныммен айтқанын орындай алмадым. Бірақ біртүрлі ұшқан ұяма деген сағыныш меңдеп алғандай, миым оянғандай болды. Бірақ Айманды көрсем бәрін ұмытам. Оңаша қалсам болды әлгі сезім миымды қажайды. Әрі сәрі күйге түстім. Өң мен түстің арасындағыдай бір күй.

 

Ұмытайыншы бәрін деп ащы судан ұрттайтын болдым. Бұрын нормамен ішетін болсам енді оны сырып қойып бөтелкеден бөтелке босатып ішетін болдым. Онымды әрине Айман жақтырмайды. Тілі де шықты. Мені жерден алып жерге салатын болды. Көңілім бірте бірте суи берді. Қартайып кеткен анамның жүзі көз алдымда тұратын да қоятын.

 

Аяғымды әзер басып ащы суға тойып келген күні Айман маған «сен тряпкасың» деді. Бұрын оның мұндай сөзін естімеген мен бәріне нүкте қояйын деп шештім. Есікті тарс жауып кеттім солай. Бір күн досымның үйіне қонып шықтым. Айманды кешіргім келмейді. Ата анамды да қимаймын. Бірақ барайын десем бетім жоқ. Алты жылдан кейін оянғаныма да таң қаламын. Не істесем болады?

 

 

 

Жайдар Құсманбет, Қарағанды облысы

alashainasy.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста