Балаларым әкесіз болмасын деп амалсыз шыдап жүрмін

Балаларым әкесіз болмасын деп амалсыз шыдап жүрмін

 Сəлеметсіздер ме, құрметті оқырман!  Жасым 33-те. Тұрмысқа 18 жастан асканда шықтым. Онда да куйеум отырыска барамыз деп алдап алып кеткен. Оның алдында оның отбасымен таныскан болатынмын. Ойымда еш күдік болмаған еді. Пəк күйімде шықтым. Бір жылдан кейін қызды болдық. Одан кейін екі ұлым бар. Əңгімем куйеуім жайлы.

Бірге тұрған 14 жыл ішінде тек бір жыл тұрақты жұмыс жасаған екен. Менің бакномат картама түскен ақшаны жойып тастап ақша түскен жоқ деп үнемі өтірік айтатын. Өзі үнемі өтірік айтады. Екі балам өскенше уйде отырдым. Кейін жұмысқа шыққаннан кейін менің ақшама күн көрдік. Оған дейін əке-шешесі көмектесетін. Көзіме шөп те салып жүрді, маған түнде апталап қарамайтын. Оған машина да алып бердім, өз ақшама үй де сатып алдым. Кредит алып ішіне жиһазды да өзім алдым. Ол аз болғандай ол маған айтпай бірнеше рет кредит те алыпты. Уйге банктер телефон соққанда біліп жүрдім. Бұрынгы кредиттерін мен төлеп бітірдім. Осыдан бірнеше жыл бұрын екі баламен ажырасып та кеттік заң жүзінде. Бірақ күйеуім де, аке-шешесі де кайта-кайта жалынып келе бергесін балаларым үшін қайта қосылдық. Бірак ештеңе өзгерген жоқ. Одан кейін үшінші балам өмірге келді. Емделем деп жургенде  көтеріп койыппын. Өзім абортқа карсы болғасын тудым. Бұл кездерде таяқ та жеп үлгердім. Ішіп келіп ұрып-соғатын. Неге ұратынын өзі де білмейтін. Көгерген күйімде жұмысқа да барып жүрдім. Қазір маған айтып-айтпай алған бірнеше кредиті бар. Осыдан 3 жыл бұрын кіші балам ауырып әлі кунге емдетіп келемін. Оның еміне де ешқашан акша тауып беріп кө,рген емес. Өзім тауып Алматы, Астана қаласына жүре алмайтын баланы көтеріп жалғыз өзім кететінмін. Төркінім көп көмектесті. Баласын жақсы көрумен ғана шектеледі. Қазір жұмыссыз. Балама алі көп ем керек. Өзі сау кезінде үндемейді ал ішкен кезінде бəріміздің берекетімізді алады. Əр қиналған сайын балаларымды алып кетіп қалғым келеді, бірақ балаларым əкесіз өспесінші деп шыдап келем. Қатты шаршап кеттім. Ажырасып кеткенім дұрыс па білмеймін. Әке-шешем кайтыс боп кеткен. Ажырассам да күнімізді көрер едік. Тек балдарымды аяймын. Басым қатты. Не істерімд білмеймін. Не уйге әкелетін табысы жок, не кредиттерин төлей алмайды, біреулерден процентке акша да алған, олар ақшамды кайтар деп уйге телефон соғып ұрсады жəне жиі ішіп берекетімді кетіреді.  Кайтсем болады? Сырымды айтып бөліскім келді. Ұзақ деп сөкпеңіздер. Үлкен апалар болса ақылдарыңызды айтсаңыздар екен. Осындай əке балаларыма керек пе, жоқ па білмеймін.

Мақпал, Тараз 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста