Ақтөбеде сүйіктісімен ренжісіп қалған жігіт өзге қызды алып қашып кеткен

Ақтөбе облысында жас жігіт сүйіктісімен ренжіскеннен кейін танымайтын өзге қызды алып қашып кеткен. Салдарынан қазір оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, сот басталғалы жатыр. Бұл туралы облыстық прокуратура аппаратының басшысы Жасұлан Дәулембаев өзінің Facebook-парақшасында жазды.

"Бізде әдетте қыз алып қашу материалдық жағдаймен байланысты, ұзату той мен құдалыққа шығындалғысы келмегендіктен екі тарап келісіп, қызды өз еркімен алып қашып жатады. 14 маусым күні де Хромтауда осындай жағдай орын алуы тиіс болатын. Жас жігіт өзінің сүйіктісін алып қашпақ болған. Екі жақ келіскен. Жігіттің жағы келінді күтіп отырған сәтте ғашықтар ренжісіп қалып, қыз күйеуге шығудан бас тартыпты. Үйіндегілердің келін күтіп отырғанын ескерген жігіт сүйіктісіне ерегісіп, еш саспастан базарға барып, алдынан бірінші болып шыққан қызды күштеп алып қашқан. Алайда, оның ойы іске аспай, базар қарауылы жігітті ұстап алып, тәртіп сақшыларына тапсырды", – дейді Жасұлан Дәулембаев.

Бұл қылмысты жігітжалғыз өзі емес, жолдасымен бірге жүзеге асырмақ болған. Қазір екеуінің үстінен де тергеу амалы жүргізіліп, іс сотқа жолданыпты.

sn.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста