Ақшаға сатыламын деп ойламап едім

Дүниеге келгенде пешенеңе не жазылса соны көресің деген сөз дұрыс екен. Тағдырдың талқысына түскен жандардың бірі менмін. Тұрмысқа шыққаныма көп болған жоқ. Төрт жылдан енді асты. Сүйгеніме тидім. Екі кішкентайымыз бар. Бірақ… міне, соңғы кезде жаным жаралы. Ішкі жан сырымды кімге айтарымды білмеймін.
Кім мені түсінеді?
Әрине, ешкім. Өйткені жан сырыңды біреумен бөліскенімен, ол дәл сол сәтте өтірік жаны ашып, былай шыға «о, сорлы» деп күліп, басқаларға өсектері белгілі. Сондықтан бар мұңымды қағазға түсіргенді жөн деп шештім.

Күйеуім құрылыста жұмыс істейтін. Бір күні жұмыста жүріп, төбеден құлап омыртқасына зақым келді. Ешнәрсеге жарамсыз болып қалды. Жарты жылдай төсек тартып жатты. Әйтеуір соңғы кезде таяққа сүйеніп, орнынан тұрып жүретін болды. Соған да шүкір дедім. Сал болып жатып қалса не істеймін?

Бар ауыртпалық маған түсті. Емшектегі екінші баламды үйге тастап, күнкөрістің қамына кірістім. Әйтеуір жарымжан болса да күйеуім екі балаға ие болып үйде отыр. Әу баста үйдің алдына отырып шекілдеуік сатудан бастадым. Бірақ одан пайда аз еді.

«Қарындасым осыны сатып пайда көретін ақшадан он есе көп ақша берейін, оңаша кездесейікші», деп қылжақтайтын «ағалар» көбейіп кетті.

«Қандай сұлу, сымбатты келіншексің. Саған пісте сатқанан гөрі, аршылған жұмыртқадай болып офисте отырған жарасады. Жұмыс тауып берейін, бір жерге барып кеңірек «сөйлесейік» дейтіндер де табылды.

Ондайларды жаныма жолатқан жоқпын. Енді, үлкен қала. Кім-кімді танып жатыр дейсің? Менің басыма түскен жағдайды бір подъезде тұратын көршілер ғана біледі. Ал өзге жұрт менің амалсыздан пісте сатып отырғанымды қайдан білсін?Сөйтіп жүргенде барахолкада саудамен айналысатын көрші келіншек: «Қазір жаз. Базарда сусын, жүгері сатсаң жақсы өтеді. Солай істеп көрші» деген соң, барахолкаға шықтым. Жаман емес. Бірақ кешке дейін базар аралап, «сусын», сусын» деп айқайлап жүріп дауысың қарлығып, екі аяқтан әл кетіп кешке үйге сүрініп әрең жетесің. Азанда тұра салып базарға тағы жүгіресің. Амалсыз бұған да көндім. Сөйтіп шапқылап жүргенде әлгі көрші келіншек, «жүдеп кетіпсің. Сені бір қытаймен таныстырайын. Соның тауарын сатсаңшы. Бәріміз де солардың сатушысы болып күн көріп жүрміз. Жүгірмейсің, шалдықпайсың. Кеше өткен тауардың ақшасын әлгі қытайға санап бересің, өзіңе тиселіні аласың. Көбіне біз қытай белгілеп берген бағамен емес, қосып сатып, пайда көреміз. Жаман емес» дегені.

Онсыз да шаршап жүрген мен оның айтқанына бірден келістім.

Мені көрген қытай бірден күлімдеп кетті. Алғашқы сөзі «какая ты красивая» болды. Жаман орысшасымен мені әбден мақтады. Шамасы, мен оған қатты ұнап қалған болуым керек.

Жасы алпысқа таяп қалған. Бірақ өте ширақ. Сауданы әбден меңгергені көрініп тұр. Бірден мені жұмысқа алды. Алғашқы күні контейнерде менімен бірге тұрып тауар сатысты. Шүлдірлеген жаман орысшасымен асты-үстіме түсіп өліп барады. Біресе шай алдырады, біресе тамақ алдырады. Мені әбден ішкізіп-жегізді. Кешкілік қайтарда өзіме тиселі ақшаны бөліп берді. Онымен қоймай тағы да 30 мың теңгені қалтама сүңгітіп жіберді.

«Бұл не үшін?» деп едім, «сенің қолың жеңіл, әдемі қызсың. Сауда жақсы жүрді. Сол үшін сыйақы» деп, қолымды қысып-қысып қойды.


Күндер өтіп жатты. Жағдайым жаман емес. Хуй (Ху дейміз, қожайын қытайдың аты) басқалардан гөрі менің контейнеріме жиі келеді. Оны-мұны айтып отырып алады. Ақшадан тарықтырып жүрген жоқ. Қалтама молдау қылып салып береді. Әрине, оның ойы белгілі. Көрші контейнерде сауда жасайтындардан естіп жатырмын. «Худың тауарын сататын ана бір келіншек, ана бір қыздар соның көңілдестері. Ху әдемі қыз-келіншектерден ақша аямайды.

Соны біліп алған қыздар онымен төсектес бола жүріп, жағдайларын жасап алып жатыр. Қазір ақша билеген заман ғой. Ақша үшін қыздар әкесіндей адамдармен де жата салады.

Сасық қытай талай қызды өзінің ойнасы етіп алыпты
Сені де артық ақша беріп, соған тартқысы келіп жүр-ау, дескен көрші сатушылар. Оны өзім де байқадым. Арада біраз уақыт өткен соң, Ху маған «ресторанға барып тамақ ішейік, анда барайық, мында барайық» дегенді жиі айта бастады. Кешке қайтарда мені алып қалып, сатушылар өткізген ақшаны бірге санасшы деп айтатынды шығарды.

Бірақ оның арам ойын сезген соң, түрлі сылтау айтып кетіп қалатын болдым. Сөйтіп жүргенде күйеуімнің омыртқасына ота жасау керек болды. «Егерде ота сәтті болса, жүріп кетуі мүмкін» деді дәрігерлер. Бірақ ота ақылы еді. Қомақты ақша. Оны қайдан аламыз?

Ақыры Хуға жағдайды айттым. Көмек бер, қарыз ақшаңды саудаңды жасай жүріп бірте-бірте қайтарамын дедім. Ол қуанып кетті. Онысы белгілі – мені қалай түсірерін білмей жүр еді. Бұл жағдай соған себепкер болмақ екенін ол бірден түсінді. «Қанша сұрасаң да беремін», деді ол. Ақшаны беретін күні ол мені өзі жалдап тұратын үйіне шақырды. Оның ойы белгілі. Барғым келмеді. Бірақ ота үшін ақша керек.

Күйеуімнің аман-сау орнынан тұрып кетуін ойладым.

Амалсыз оған еріп, үйге бардым. Асты, үстіме түсіп өліп барады. Шарап құйды. Қымбат шокаладтар қойды. Менімен бір құшақтаспай ақша бермесі белгілі. Ал ақша өте керек еді. Шараптан екі-үш рюмке іштім. Содан кейін-ақ Ху мені құшақтап төсекке тартты. Жарымжан күйеуім үшін бәріне көндім деп өз-өзімді алдап, Хуға қарсылық көрсетпедім. Ол шүлдірлеп жүріп дегеніне жетті. Жасым жиырма беске енді толған еді. Өзімнен отыз бес жас үлкен қытайдың құшағына кірдім. Үйге сүйретіліп әрең жеттім. Өз-өзімнен жиіркендім. Ақшаны күйеуіме ұстата салып, балаларымды бір-бір иіскеп, аурып тұрмын деп жатып қалдым. Таң атқанша үнсіз егіліп шықтым.

«Бәрін де күйеуімнің амандығы үшін жасадым. Енді ондай жасамаспын», деп өзімді ақтауға тырыстым. Бірақ бәрі бекершілік екен. Бір рет жеңіл келетін ақшаның дәмін алған соң, қашанда солай істеуге даяр тұрады екенсің. Худан «анаған ақша керек еді, мынаған ақша керек еді» деп жиі ақша сұрайтын болдым. Онда қарсылық жоқ. Сұрағанымды береді. Өтемі ретінде міндетті түрде онымен төсекке жатуым керек. Жатып жүрмін. Тіпті маған «сен маған, мен саған» деген заңдылық секілді болып көрінетін болды. Мен оның, ол менің көңілімді табатын болдық. Худың қалай ойнасы болып шыққанымды білмей қалдым.

Әй, қу ақша! Күйеуіме ота жасалған. Бірақ одан жақсы болып кеткені шамалы. Таяққа сүйеніп үй ішінде жүреді. Бары осы. Төсекте қабілетсіз. Сосын Худан жүкті болып қалғанымды білдім. Қатты қиналдым. Күйеуіме не деймін? Амалсыз алдырып тастауға тура келді.

Бірде мені барахолкаға апарып, сауда жасауға шақырған көрші келіншек: «сені Хумен ашына болып алыпты» деп базардағылап өсектеп жүр ғой. Байқа, байың естіп, басың бір пәлеге қалмасын» дегенде ғана есімді жиғандай болдым.

«Расында, ақша-ақша деп қайдағы бір сасық қытайдың ашынасы болдым. Үйдегі балалар қараусыз, аналық мейрімсіз қалып барады. Сүйіп қосылған жарыма опасыздық жасап, күнде көзіне шөп салып жүрмін. Бұл қашанға дейін созылмақ? Түбі жақсылық болмас. Есіңді жи, Раушан, есіңді жи», деп өзімнің жөнсіз іс-әрекетіме сын көзбен қарай бастадым. Бірде кешкілік ас үстінде күйеуіме: «елге көшейік, ағайын-туыстың ортасына барайық. Ол жақта да өмір бар ғой. Жұмыс сол жақтан да табылар, өлмеспіз», деп едім,

– Тәп-тәуір ақша тауып жүрсің ғой. Жылы орнымызды суытып қайтеміз, дейді күйеуім жерге қарап.

Ол қайдан білсін, менің қытайдың көңілдесі болып, соның арқасында тәп-тәуір ақша тауып жүргенімді. Күйеуіме оны айта алмадым. Қазір не істерімді білмей қиналып жүрген жайым бар.
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста