Анамыз әкеміздің кесірінен шизофрения ауруына шалдықты...

Анамыз әкеміздің кесірінен шизофрения ауруына шалдықты...

Армысыздар, "Отбасы - ошақ қасы" айдарының оқырмандары! Көптен бері осы айдардың тұрақты оқырмандарының бірімін. Ойлана келе, өзімнің басымнан өтіп жақтан жағдайымды жазуға бекіндім. Мүмкін, тағдырым осы болар, мен бәріне көндіккен жанмын... 

Менің жасым жиырма үште, әке-шешем бар болса да көз ашқалы мен не ананың не әкенің мейірімін, қамқорлығын көрмей өстім десем де болады. Неге дейсіздер ғой, ол бір ұзақ әңгіме...
Біз Семей өңірінің бір ауылында тұрдық. Анам мен әкем жас кездерінде қыз бен жігіт болып, махаббат майданын кешіп үйленген адамдардың бірі. Сол ауылда үлкен әпкем мен ортаншы әпкем дүниеге келген. Өзімізге жетерлік жағдайымыз жақсы болған екен. Осылайша, күндер өте береді. Анамның аяғы үшінші балаға яғни, маған ауыр болады. Әкем ол кезде ұсақ-түйек жұмыстармен ауылдарды аралап өз тірлігін жасап жүрсе керек. Нағашы әжем де сол ауылда тұрған. Әкем туғаннан жетімдер үйінде өсіпті.
Анамның айы-күні жетіп, өмірге мен келіппін. Анам ауруханада жатқан кезде әкем басқа бір әйел тауып алып, барлық киім-кешегін жинап кетіп қалған екен. Әкем ауруханаға да бармаған, үйде шырылдап қалған екі кішкентай қызда да тоқтата алмаған. Анамның қасында тек нағашы әжем болған екен. Анама "әкемді ұзақ сапарға кетті" деп алдаусыратса керек. Анам екеуімізді ауруханадан үйге шығарыпты. Босанған әйел ерекше бағым-күтімде болатындықтан әжем біздің үйге көшіп келеді.Уақыт өте келе анам әкемнің үйден басқа әйелге біржолата кеткенін түсінеді. Мен қырқымнан шықпай жатып анам аяқ асты жүйке ауруына шалдығады. Үлкендердің айтуынша босанып келген әйелдердің жүйке жүйесіне абай болмаса, әйел адамның псхологиясының бұзылуы болады екен. Әкемнің үйден кетіп қалғанын менен көріп, менің жаныма жақындамай қояды. Мені бір рет жанып тұрған пешке де лақтырмақшы болған екен. Тіпті бір күні дәретханаға да тастамақшы болған жерден әжем байқап қалып, мені құтқарып қалыпты. Ақыры, анамды ауруханаға жатқызып кейіннен шизофрения деген диагноз қойды дәрігерлер.
Біз үш қыз әжемнің қарауында қалдық. Анамның үйде болғанынан аурухана төсегіне таңылуы көп. Шынын айтсам жындыханада айлап, жылдап жататын еді. Менде кішкентай кезімнен анам туралы естелік мүлдем қалмапты. Бірақ, менің анама деген балалық махаббатым өшкен емес. Анамыз үйге келгенде бізді танымаса да айналшықтап "мамалап" қасынан шықпайтын едік. Ал, әкеміз сол кеткеннен оралмады, бізді де іздемеді. Өзімде ешқашан әкем бар деп санаған емеспін, мен үшін өлген адам. Басымызға қиындық түскенде туған балалапандарын іздемеген тас жүрек әкені, қалай әкем бар дерсіз.
Біз мектеп қабырғасында оқып жүргенде орманды ауылда тұрғандықтан ауылымызда табиғи апат болды. Орманнан өрт басталып, ауылды жалмады. Сол кезде әкімшіліктен бізге Семей қаласынан пәтер берілді. Анамыз да қалада ауруханада жатқандықтан, қалада тұруды жөн санадық. Қасымызда бар тірегіміз-әжеміз. Әжеміз қайратты да шыдамды жан еді.
Міне, біз Астана қаласында тұрамын. Екі әпкем анам да бізбен тұрады. Анамның аурына көндіккенбіз. Жазылып кетпесе де аздап бізді таниды, кейде ұмытып та қалады. Айтеу жүрегі соғып, қасымызда отырғанына мәзбіз. Ал маңайында не болып жатқанынан хабарсыз анамыз, кейде есі бар кейде жөн-жоқсыз сөйлеп өмірі өтіп жатыр. Әжем өмірден өткен. Өзім сол күйі жоғары білім ала алмадым. Екі әпкем де мектептен соң оқу оқымады. Мектептен соң бірден жұмыс істеуге көштік.
Басымызға түскен ауыртпалық осымен бітпеді, үлкен әпкеміз талма аурына шалдыққалы біраз жыл болды. Ол үйде анамның қасында. Арасында ұсақ-түйек жұмыс істеген болады. Бір күн дәрісін қабылдамаса міндетті түрде ауырып қалады. Өткенде жұмыста отырсам маған телефон шалып жылап тұр, "өзімнің қайда екенімді білмеймін, алып кетші" деп, алып-ұшып жеттім. Туған әпкемнің қиналғанын көргім келмейді. Өмірде осыншама тағдыр тауқыметін тартатындай не жаздық деп кейде жылап та аламын.
Мен тағдырға көндіккен жанмын. Мықтымын, бәріне шыдаймын, шынын айтсам етім де жаным да үйреніп кеткен десем болады. « Әпкемнің дертін маған берсе, мен жеңер едім» деп Алладан әпкемнің аурын маған беруін сұраймын. Әпкемнің жаны өте нәзік. Өзінің қатарластары отбасын құрып, балалы болып отырғанын көргенде жүрегім қарс айырылады. Осындай қиындықта кеудеңе басыңды қойып, мұңынды шағатын әкеңнің болмағаны жаныңа да батады екен.
Енді тек бір Алладан сабырлық, әпкем мен анамның ауруына шипа тілеймін. Басқа маған ештеме керек емес. Өмірдің өзі сынақтан тұрады екен, тағдырдан асып ешкім ешқайда бармайды. Көз ашқаннан көргенім осы, құрметті оқырман!
Ләззат, Астана

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz

Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста