Амансыздар ма, құрметті қауым! Мен қазіргі басымнан өтіп жатқан жағдайымды айтқым келіп. сіздердің ақыл-кеңестеріңізді тындап ой түйсем деп едім.
Анамның жалғыз ерке қызы едім. Мен 22 жасымда сүйіп қосылған жігітіме тұрмысқа шықтым. Əлі сəбиіміз жоқ. Басында бəрі жақсытұғын, кейін 3 айдан кейін жолдасым өзгеріп шыға келді. Бұрын ауыр сөз айтпайтын жігітім боқтап, қол көтерді. Неге десеңіздер мен тұрмысқа шықпастан бұрын анама қаладан несиеге үй алып бергенмін. Ал өзіме "Дипломмен ауылға" бағдарламасымен ауылдық жерден үй алған болатынмын.
Енді күйеуім: "Ауылда тұрмаймыз. Анаңа әперген қаладағы үйге тұрамыз, шешеңе ол үйді босат деп айт" дейді. Мен оны анама айтуға аузым бармайды, осыған дейін мені өмірдің қиындығына карамастан жұрттан кем қылмай жалғыз өзі өсірді ғой. Енді үйді алып алсам, ол қайда барады, жалғыз анама перзенттік парызымды орындай алмасам, несіне трі жүрмін?
Ал жолдасыма əне айтам, міне айтам деп 8 ай өткіздім. Сол есіне түссе болды, маған қол көтереді. Енді бүгін телефонмен менің көзімше айтасың дейді.Мен оны қалай айтамын. Осы үшін де бір-екі рет өзіме қол жұмсаған кезім де болды. Айырылысып кетейін десем, "мен сенен айырылмаймын, ешқайда жібермеймін. Мені тастамашы, сенсіз өмір сүре алмаймын" деп жылайды. жалынып кешіріп сұрап алады да, осы әңгімені қайта бастайды. Күйеуімнің өз үйі жоқ. Менің үйіме келіп тұрып жатыр. Бір жағынан айырылысуға ұятым жібермейді. Сіздердің ақыл-кеңестеріңіз керек. Ешкімге айтпадым, кімге, қалай айтарымды да білмеймін. Ажырассам да, ол маған күн бермейтін секілді.
Аноним