Алданып, пәктігінен айырылған студент қыздың әңгімесі

«Өмірде ойланбаған тірлік жасап, опық жеген қыздардың бірі менмін», деп бастапты Айдана деген қыз Facebook-тегі жазбасында.

Жай ғана таныс еді

«Қаладағы көп студенттің бірімін. Жатақханада орын болмай, бірнеше қыз бірігіп, пәтер жалдадық. Бір күні сабақтан кешігетін болып, ақшам аз болса да такси тоқтаттым. Жасы шамамен отыз бен қырықтың арасындағы көліктегі жігіт студент екенімді сұрап біліп, «мен де студент болғанмын, жағдайыңды түсінемін. Тегін жеткізіп тастайын», деп лыпып тұр. Есімі Шалқар екен. Кешке күтіп алып, «аға, қажет емес» дегеніме қарамастан, сабақтан үйге жеткізіп тастады. Таныстығымыз осылай басталды.

Анда-санда тамақтандырып, жаны қалмайды. «Өзіңдей қарындасым бар. Жаман ойлап қалма дегеніне» мен, ауылдың аңқау қызы алданыппын. Айтқанына көне беріппін. Жасы үлкен кісі ғой, жамандығы жоқ шығар дегем. Бірде кешке сабақтан шыққан соң, бірге отырып тамақтандық. «Аға, соңғы кезде көңіл-күйіңіз жоқ қой, не болды?» деп сұрадым. Шындығында, Шалқар ағаның соңғы бір аптада қабағы ашылмаған. «Несін жасырайын, қарындасым, әйеліммен ажырасып жатырмын. Бұл – екінші әйелім. Біріншісімен де ажырасқан едім. Әйелді қойшы, желкілдеп өсіп келе жатқан кішкентай қызымды қимаймын», деді мұңайып. Әңгіме сонымен біткен.

Бір сұмдық болды

Ертеңінде кешке мені үйге жеткізіп тастауға келді. Бар сұмдық содан басталды ғой. «Кешеден бастап пәтер жалдап тұрып жатырмын. Сол пәтерді жуып-тазаласып жіберші» деген. Ойымда ештеңе жоқ. «Онсыз да мені тасып жүр ғой, мен де бір жағына шығысайын» деп келісе кеттім. Бір бөлмелі пәтер екен. Жуып-тазалап болғанша түннің бір уағы болды. «Енді үйге апарып тастаңыз» десем, «жай болып кетті ғой. Осында қона сал, азанда оқуға жеткізіп тастаймын», деп қарап тұр. Амалсыз келістім.

Теледидар алдында отыр едім, жаныма отырып, мені құшақтап алмасы бар ма?

– Аға, мұныңыз не? деп бұлқынып, едім: «жаным, Айдана, сен маған қатты ұнайсың. Осы уақытқа дейін саған осы сөзді қалай айтарымды білмей жүрдім. Орайы енді келді. Жаным, өмір бойы бірге болайықшы», деп қапсыра құшақтап сүйді. Қанша жұлқынсам да Шалқар жібермеді.

Ақыры сол түні оның қойнына қонып шықтым. Қыздық пәктігімнен айрылдым.

«Қыздығыңды тіктіріп берейін!»

Шалқар – қазақтың қара сөзіне жетік жігіт. Не айтса да, сендіріп айтады. Болмағанды болғандай қылып жеткізеді. Оның әдемі сөзіне сеніп қалдым. Жақындасып жүргенімізге бір ай да болған жоқ, «Айкош, Айкош» деп зыр жүгіріп жүрген ол бірде жоқ болды. Әне келер, міне келермен біраз күттім, өйткені мен де оны ұнатып қалған едім. Өмір көрген, бір емес, екі рет үйленіп, аузы күйген жігіт қой. Алдамас. Жас айырмашылығы түк етпес. Ең бастысы, бір-бірімізді сүйсек, одан артық не керек, деп балаша ойлаппын.

Олай болмады. Бірде әрең дегенде телефонын көтерген ол: «Айкош ренжімеші, үйге әйелім қайтып келді. Кішкентай қызым үшін қайта қосылдым. Енді түзу жолға түсемін, мешітке барамын» деп тұр.

Онымен қоймай, «қыздығыңды тіктіріп берейін. Саған әлі керек болады ғой», демесі бар ма? Күйіп кеттім. «Опасызсың!» деп айқалап, телефонды өшіре салдым.
Өйткені ол жігіт жалғыз мені емес, талайды алдап жүрген әккі болу да мүмкін ғой. Оның әйелі, баласы барын кім зерттеген?

Бәлкім, жас қыздарды астына салу үшін біраз уақыт сенімге кіріп, тегін тасып, тамақтандырып, ойындағысын іске асырып жүрген біреу шығар?

Соны неге ертерек ойламадым екен. Енді міне, жас өмірімді талқандап, өксіп келемін».

Бұған не дейміз? Шалқар секілді беті жылтыр, қызыл сөздің майын тамызып айтатын таксистер Алматыдай үлкен қалада құмырсқадай қаптап жүр. Ондай жылпостармен танысып, опық жеп жүрген қыздар аз емес-ау, сірә. 

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста