Әке-шешемнен мейірім көрмесем де оларды жылатып кете алмаймын...

Әке-шешемнен мейірім көрмесем де оларды жылатып кете алмаймын...

Бұл өмірдің мәнісі не? Адамдар бұл өмірге не үшін келіп, не үшін кетеді екен? Айналып келіп бәріміз қара топыраққа көмілетін болғандықтан, бұл өмірді сүрудің қызығы бар ма? Жасым 19-дан асса да, мені осы ойлар әлі күнге дейін мазалап келеді. Сондықтан осы сұрақтардың жауабын табу үшін жан сырымды ақтарып, «Алаш айнасы» интернет басылымына шағын хат жазғанды жөн санадым.
Құдайға шүкір, осы уақытқа дейін ешкімнен кем болған жоқпын. Бай өмір сүрдік. Әке-шешем не ішем, не кием дегізбей, бәрін алдыма әкеп тосып тұрды. Бірақ сонда да бір нәрсе жетіспей тұратын секілді. Ол – мейірім! Сен үшін ең жақын деген әке-шеше, бауырларыңның саған деген мейірімі білінбей тұрса, бұдан асқан қорлық жоқ екен, мына өмірде. Мектеп кезінде сабақтан екі алып қалсам, әке-шешемнен оңбай таяқ жейтінмін. «Сен адам болмайсың, оңбаған, шпана! Ертең әкеңнің інісі ұқсап түрмеде жатасың, тұқымың бұзылғыр», - деп шешем оқтаумен қуып жүріп сабайтын. Әкем де: «сені күшік кезіңнен құрту керек, барыңнан жоғың» деп жұдырықпен салып-салып жіберетін. Шынымды айтсам, ата-анама бала ұқсап еркелей алмадым. Ерте есейіп кеттім. Үйде байқаусызда кішкене ыдыс-табақты сындырып қойсам да, көшеде ойнап үйге сәл кеш қайтсам да, қойшы әйтеуір, азғантай бірдеме бүлдірсем болды, шаңырағымызда айғай-шу, соғыс басталып кететін. Тіпті шешемнің базарда саудасы болмай келсе де, ашу-ызасын бізден келіп алатын.
Қазір бірінші курс студентпін. Зіңгіттей жігіт болдым. Бірақ әлі күнге дейін үйде осы құқайды көріп келемін. Кейде достарыммен кешкісін қыдырып, түнде үйге кешігіп келсем, әке-шешем оқтау мен көсеуін алып дайын отырады. «Сен адам болмайсың, кет үйден, сендей баламыз болғанша, болмағаны жақсы», – деп үйден қуып жібереді. Осындай сөздерден әбден ығырым шығып, жаным ауырып, сырымды ешкімге айта алмай, екі-үш күн үйге келмей көшеде жүріп, үйге қайтып келсең де осындай сөздер тағы алдыңнан шығады. Шынымды айтсам әбден күйдім, шаршадым, кейде бәрін ұмытып арақ ішкім келеді, өз-өзіме қол жұмсағым келеді. Бір күні достарыммен қыдырып, үйге кешігіп келсем, шешем ашуланып, оқтаумен әбден ұрды. Тіпті ұра-ұра оқтау да шыдай алмай сынып кетті. Ақырында шешем өз туған баласын жылап тұрып қарғап-сілеп отыр. Бала үшін мұны көруден артық қорлық бар ма? Қалай жаныңа батпайды?! Құдай-ау, мен сонша не бүлдірдім, мен де жаспын ғой, достарыммен жүргім келеді, қыдырғым келеді, ойнап-күлгім келеді. Бұл үшін өз туған баласын қарғауға бола ма? Мұны есту балаға қандай ауыр тиетінін мен секілді жастар жақсы түсінетін шығар деп ойлаймын. Ақыры шыдай алмай өз-өзімді өлтіргім келді. Үйден прес жіпті алып, бір шақырым жаяу жүріп, талдың астына келіп әбден ойландым, оңашада жыладым. Бұл өмірдің мәнісі не? Адамдар бұл өмірге не үшін келіп, не үшін кетеді екен? Мен үшін бұл өмірдің мәні қалмағандай сезіндім. Туған шешемнің қарғысын естігеннен өлгенім артық деп, талдың астында прес жіптен дар дайындап, асылып қалдым. Бірақ ажал құрғыр келмесе өлуің де қиын екен. Жүп үзіліп кетіп ойым іске аспады. Екінші рет үйде тағы да айғай болғанда, шешем сүйектен өтіп кететін сөздер айтып, содан жанымды қоярға жер таппай, қолымның тамырын кесіп тастадым. Бірақ ол кезде де көзім жұмылмады.
Бір күні университетте қазақ мұғалімдерді тыңдамай, көкірегін керіп жүретін бір түрік жігіті қазақтың қызын құшақтап жүргенін көргенде намыстан шыдай алмай, әлгіні сабап тастадым. Ертесіне мұғалімдер жиналыс жасап, оқудан шығару керек деген әңгіме көтерілді. Оны естіген шешем одан сайын ашуға беріліп, айғайға басты. Үйде күнде айғай, күнде шу. Барлығы мені кінәлап, жерден алып, жерге салды. Шешем өте қатты ауыр сөздер айтты. Оның айтқан сөздері өңмеңіңнен өтіп, сүйегіңе қадалып қалады. Оның айтқан сөздерін мен айта алмаймын, айтуға ұяламын. Ақырында қарғыс айтты. Шыдай алмай, үйден «өлемін!» деп шығып кеттім. Шешем: «Өлсең аулаққа барып өл, менің үйімнен әрі кет!» деді. Оқудан шыққаным, өте қатты ауыр сөздер естігенім ойымнан кетпей, жаныма қатты батты. Талдың астына барып, арқанмен дарға асылғанда, көз алдымда өткен өмірімнің бәрі қайталанып жатты. Құдды өзімнің өмірім жайлы кино көріп жатқандай сезіндім. Өлім өте қорқынышты екен. Алаулаған оттың ішіне түсіп бара жатқандай күйде болдым. Бірақ дәм-тұзым үзіліп бара жатқанда, қайдан келгенін білмеймін егде кісі келіп құтқарып қалды. Аузымнан үрлеп, есімді жиғызып, қайтарып жіберді.
Шынымды айтсам, әлі де өмір сүргім келмейді. Бірақ өлім өте қорқынышты, жаныңды түршіктіреді екен. Мен бір бақытсыз жанмын. Бірақ әке-шешемнің мейірімін көрмесем де оларды қимаймын. Оларды жылатып тастағым келмейді. Қазір тек солар үшін ғана өмір сүріп жүргендеймін. Ертең олардың көзі кетсе мен үшін бұл пәнидің мәнісі қалмайды. Мүмкін үйленіп, бала-шағалы болсам, солар үшін өмір сүруге тырысатын шығармын. Ал әзірге бұл өмірде мені ұстап тұрған тек – әке-шешем. Бірақ олар мен қарғап-сілей беретін болса, жанымды қоярға жер таппаймын. Осымен үш рет өлуге талпынып көрдім. Дегенмен бұл әрекетімнен түк шықпады. Бұл жағдайдан қалай шығуға болады достар, не ақыл қосасыңдар?..

Асылхан, Түркістан қаласы

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста