Әйелімен БІР ТӨСЕКТЕ жатпайтын ЕРКЕКТІҢ қуаты ерте таусылады

Басқа жақты қайдам, оңтүстік жақта құрбы-құрдастар жиналып сыр шертісетін «гәп» деген жиын бар. Еркектері жиналып өздерінің әңгімесін, әйелдері ішкі сырларын ақтарысып қалатын осы бір жиында айтылмайтын құпия қалмайды.

«Гәп» деген жақсы. Неше түрліні естіп, сыртқары болып жатқан жағдайлардың бірін естіп жаға ұстасаң, екіншісіне сенгің келмейді. Тағы бірін естіп өз өміріңе шүкірлік етіп, ендігісіне шегің қатады. Бір әпкем айтушы еді, «түуу, гәп болса екен ертерек, бір сергіп қайтатын» деп... Сонысы несі деуші едім, расында «гәптің» де әйел үшін жақсы жағы көбірек екенін жылдар өте көзім жетіп келе жатқан сияқты.

Әрине, әзілге де сүйеніп жазып отырмын. Дегенмен, осындай жиында мен түрлі әңгімелерді естимін. Әсіресе, төсек айналасындағы проблемалардың көптігін әйелдер бас қосқан кезде біледі екенсің. Сондай бір жағдайды жақында ғана біл келіншек қызықтыра айтып берді.

«Айтпақшы, қыздар... Некелі әйел мен еркек мүлде бөлек жатуға болмайды екен... Екінші баламды туғаннан бастап күйеуім екеуміз жеке жатып үйреніп кеткенбіз. Қазір баламның алды студент болды. Әлі сол күйі, ол төргі, мен жатын бөлмеде ұйықтаймыз. Енді бір «шаруамыз болғанда» ғана кездесіп тұратынбыз. Жақында үйге атамыздың алыстағы қарындасы келді. Өзі жасы 80-нен асса да, бір келісті кемпір. Той-жиында көргенде сүйсініп қараушы едім. Осы жолы төркінін біраз аралап, жатып қайтуға келген екен. Үйге бір апта қондырып, әңгімесін тыңдап жібермей қойдым. Ауылдан әжемді алдырып, екеуіне қызмет етіп батасын алайын дегенмін ғой...

Өзінің білмейтіні жоқ. Сол әже-апамыз біздің бөлек жататынымызды байқап қойыпты. Ертең қайтады деген күні бесін шайдың кезінде маған аздап ұрысқандай болды.

«Әй, келін шырақ. Ерлі-зайыптылар бөлек жатса, белден ерте қалып қартайып қалатынын білмеуші ме едің? Ана бала онда, сен мында...оның не?», деген оның сөзін бөліп кеткендей болдым.

«Ой, әже-апа! Біздің бөлек жатқанымызға 15 жылдан асты ғой...», дей беріп едім, ернін сылп еткізіп тыржың ете қалды. Өзінің тыжырайғанына дейін сүйкімді кемпір.

«Қазір белің ауыра ма?» деп басқа сұрақ қойды. Енді, отырған жерімізден «үйбай» демей тұрмаймыз ғой, онысын мойындадым.

«Не дейсің, енді?! Еркегі бөлек жатқан әйелдің белінде күш қалмайды, ауыра береді. Ерінің де денсаулығы оңбай қалады жасына жетпей. Үйленген, шаңырақ көтерген жастарға неге «бір жастықта қартайыңдар!» деп тілек айтады?! Өмір бойы бірге болсын дегеннен басқа астары да бар. Сол жастықта бір-бірінің қызуын, қызығын көріп қартайғанша жатсын дейді. Бір көрпенің астында жатқан әйел мен еркек бір-бірінен қуат алады, шаршамайды, ауырмай жүреді. Оның себебі, денеге дене тиіп жатқанда құмары оянып, жиі тояттап отырады.

Қазір айтып жатыр ғой, әйел мен еркек көбірек төсекте болуы керек деп дәрігер де. Анау жақта көрпесін бұтына қысып бөлек жатқан еркектің қызуы сөне бастайды. Сосын елуге жетпей ербиіп қалады түкке жарамай... »

Не керек, әже-апамыз айтып-айтып тастады. Ұялып та кеттім, бір жағы. Содан кейін өзінің өмір бойы шалымен бөлек төсекке жатпағанын, содан кейін де әдемі боп жүретінін айтып мақтанды. Бір жағынан рас, бетінде аз ғана әжімі бар демесең, әлі тік, әлі тың кемпір. Тойда ара-тұра билеп те қоятын еді. Негізі, бұрынғылар біледі ғой...»

Әңгімесін аяқтаған келіншекке бәріміз жабыла кеттік. «Шынымен бөлек жатасыңдар ма? Неге?»

Мейлі, әркімнің өз қалауы ғой қайда жатса да. Дегенмен, шариғат бойынша да ерлі-зайыптылардың бөлек жатуына болмайтындығы айтылмаушы ма еді?! Ал қартаюға келгенде дәйек болатын тың дерек таппасам да, бөлек жатқанға қарағанда бір-бірімен тән түйістіре жататын ерлі-зайыптылар жөнінде зерттеушілер былай депті.

  • Бірге ұйықтағандардың бойында стресс гормонының мөлшері төмендеп, әсіресе, әйел өзін қауіпсіз сезінетін көрінеді (стрессіз әйелден бақытты жан болмайтын шығар, қартайтып жіберетін де сол жүйкенің тозып кетуінен емес пе?!)
  • Бір төсекте жататын ерлі-зайыптылар бөлек жататындарға қарағанда әлдеқайда аз ұрысады екен (Бұл да қартаюдың алдын алады – дау-жанжалы көп ерлі-зайыптының жүйкесі тозып, әжім де ерте түспей ме?!)
  • Қасында ер-азаматы жатқан әйел жалғыз жататындарға қарағанда тезірек ұйықтайды (Яғни, оның бойында автоматты түрде жайлылық орнап, қасында сенімді азаматы бар екенін түйсігімен сезінеді. Тезірек ұйықтаған әйелдің ұйқысы да тез қанатынын қосып қойыңыз бұған...)
  • Бірге ұйықтайтын әйел ме еркектің бойында махаббат гормоны аталатын окситоцин көп болады екен. Ал ол таңертең сергек те тың оянуға септігін тигізеді (Шаршап тұрған әйелдің де, еркектің де қабағы сол күні оңайлықпен ашылмайтыны, ашушаң келетіні белгілі. Ерте қартаймағанда қайтеді?!)
  • Ең қызығы әрі белгілісі – бір төсекте айқаса ұйықтаған әйел мен еркекте «ойламаған» жерден сезімі оянып, соңы тәтті «майданға» ұласатыны жасырын емес. Ал ондай «майданның» төсекте көп болғаны – жұптардың денсаулығына қандай әсері барын бұрындары жазған болатынбыз.
  • Айтпақшы, бір төсекті бөліскендердің иммунитеті де мықты бола түседі екен.

Жалпы алғанда, бір көрпенің астында айқаса ұйықтайтын, бір-бірінсіз көз іле алмайтындар ұтады екен. Әрине, арасында ерлі-зайыптылар бір-бірінен «демалып» та тұрған дұрыс шығар. Бірақ, уақыт созбауы керек. Тезірек құтты да қызығы, тәтті сезімге бөлері мол некелі ақ төсегіне оралғаны жөн. «Айында көрмесе...» деген секілді, аптасына бір-бірін «көріп» тұрмаса, тән де жатырқап қала ма, тағы?! иллюстрациялық суреттер: ашық дереккөзден

Ж.Байтұрым,

ERNUR.KZ

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста