Оқырман: Сәлеметсіздер ме? Менің жасым-29, ал әйелім 23 жаста. Үйленгенімізге екі жыл болды, бір баламыз бар. Төсек қатынасына келгенде бізде мәселе жоқ, әр күн сайын айналысамыз. Бірақ мендегі қиындық әйелім төсек қатынасында белсенді емес, үнемі қадамды менен күтеді. Әрине мен оның көңілінен шығуға тырысамын, бірақ оның үнемі «Бұлай істеме!», «Бұлай қаламаймын», «Олай ұстама» деген сияқты тиымдары дайын тұрады. Менің оған ләззат сыйлағым келеді. Бірақ ол тіпті денесінде ұстатқысы келмейді. Ұялады дегенмен де, екі жылдан бері жалғасып келе жатқаны қызық. Не істеуім керек?
Жауап: Бұның бір шешім, әйелден ештеңе талап етпеңіз. Қалыпты өмір сүруді жалғастыра беріңіз. Әйел-еркін адам, оның да өз қалауы мен талғамы бар. Оның қаламайтын нәрсесін жасауға сіздің құқыңыз жоқ. Тек оны таң қалдырудың амалдарын тапқаныңыз жөн. Бірақ өзіңізге ұнайтын әрекеттер арқылы емес, оған ұнайтын дүниелер арқылы.