Әйелім тақырға отырғызып кетті

Әйелім тақырға отырғызып кетті

Мектепте оқып жүргенімде Мақпал есімді қызға өлердей ғашық болған ем. Тал бойында бір міні жоқ, хас сұлудың өзі-тін. Математикаға шорқақтау басы бақылау жұмысын менен көшіріп алатын. Бүкіл мектептің жігіттері соңынан жүгіріп жүрген соң ба, әлде сұлуларға тән паңдық па ешкімді менсінбеуші еді. Маған да күні түскен соң ғана күлімдейтін сияқты көрінетін.
Сөйтіп жүргенде әскерден келген Әсет есімді жігітпен әуейі екен дегенді есіттік. Ішіміз тұз жалағандай күйсе де амалымыз жоқ. Әскерден келген атпалдай азаматқа әліміз келе ме? Оның үстіне жүрекке әмір жүрмейтіні тағы бар. Мектеп бітіруімізге үш ай уақыт қалған. Қарбалас сәтте Мақпал сұлуымыздың іші шермиіп шығып келе жатқанын қалай байқамайық. Әсетіміз ыстық суығы басылған соң тайып тұрыпты. Көзін мұң кіреукелеген Мақпал күн санап шөгіп бара жатты. Ақыры бұл масқараға шыдамаған соң қаладағы әпкесінің үйіне кетіпті деп естідік. Арына дақ түскен сұлуымды қимай артынан іздеп бардым. Менде көңілі жоғы анық. Бірақ жүрек шіркін сүйгенімді қияр емес. Жігіттік намысымды жерге таптап, маған тұрмысқа шығуын өтіндім. Оның әрине таңдау еркі жоқ, мына масқарадан құтылу үшін келіспеске шарасы да жоқ-тын. Мұны есіткен үлкен ағам «оған үйленбейсің» деп шорт кесті. Оларды тіптен тыңдамайтынымды білгенде ағам мені тепкілеп тастады. Сонда да алған бетімнен қайтпадым. Оқуымды тастап қалада пәтер жалдап тұрып жаттық. Мақпалдың мақпалдай дауысын есітудің өзі мен үшін бақыт болатын. Нағыз қуанышты күндерім басталды. Сүйгенім қасымда, одан басқа не керек. Қара жұмыс істеп шынығып өскен ауыл баласы емеспін бе, қалаға келе құрылыс жұмыстарына кірістім. Табысым жаман емес. Пәтерақыдан, ішіп жемнен артылады әйтеуір. Айы күні жетіп Мақпалым шекесі торсықтай ұл тапты. Өз баламдай көріп бауырыма бастым. Маған өкпесі қара қазандай бауырларыммен ат құйрығын кесіскем. Мақпал екеуміз бақытты өмір сүруіміз үшін күні түні терт төгіп еңбектендім. Кішкене ғана құжыра сатып алдық. Ол бізге хан сарайындай еді. Біраз ақшаның басын құрап көрші елден тауар әкеп сата бастадым. Ісім дөңгеленіп жүріп берді. Базардан кішігірім сауда орнын сатып алдым. Үлкен үй тұрғыздық. Бар тапқаным Мақпалдың қолында. Асыл мен ақыққа малындырып қойдым. Базардағы сауда нүктелерімді де ақырындап көбейттім. Жағдайым оңалған соң баяғы бет көріспейміз деген бауырларыма барып кешу сұрағам. Өзін өзекке тепсін бе, кешірді. Барлығына қарасып тұрам. Інілеріме базардағы нүктелерімді сеніп тапсырып қойғам. Қанша дегенмен өз бауырларыма болсын деп тартқаным ғой. Тек Мақпалды әлі де бұрынғыдай іштартпайды. Қанша шақырсам да әке-шешем үйіме келмейді. Қант шәйін, керк жарақтарын апарып беремін. Әйтеуір бұрынғыдай емес, мені қабылдағандарына да риза едім. Сыртқы сұлулықтың іште де бір дүмпуі болады білем. Мақпалымның сұлулығына сұқтанатындар аз емес. Бірде бір тойда жас жігіт Мақпалымды қайта қайта биге шақырып қояр болмады. Көп сілтеңкіреп қойған ғой деп мән бермедім. Қайтар кезде әйелімнің оған көзін қысқанын байқап қалдым. Ол ненің бегісі екенін қайдан білейін. Әйтеуір әйелдің өзі бас болып көз қысқаны қайбір жақсылықтың нышаны дейсің. Ішім қылп ете қалды. Сонда да сабыр сақтап үйге келгенше үндемедім. Үйге кіре тергеуге алдым. Өлсе мойындасын ба? Ары бұлтыңдап, бері бұлтыңдап ұстатпады. Қылығына басты. Бір күні үлкен ағам шақырып алып, «кезінде бәрімізді жерге қаратып кетіп ең, оны да кештік, енді ана әйеліңе еге бол» дегенді айтты. Бір әңгіме естісе керек. Тықақтап сұрағанымнан түк шықпады. Жаңағыны айтты да қойды. Құрысын сол күннен бастап, ішкенім ірің, жегенім желім болды. Тірлігімді тындырып үйге тез қайтамын. Сыртқа көп шықпауға тырысамын. Жаман түстер көріп бастығырылып шығамын. Әйтеуір Мақпалдың менен жасырған сыры бардай көрінеді де тұрады. Ақыры бұл шындыққа айналды. Тауар әкелуге кеткен кезімде Мақпал менің бүкіл жиған қаржымды сыпырып алып, сейфімді тақырлап кетіпті. Үйге келгенімде есігі аңқиған сейфімді көргенде Мақпалға ішім ашығанын, жоқ әлде адалдап тапқан малымның орнын сипап қалғанға ма у ішкендей ішім жанып бара жатқандай болдым. Еркек басымменөкіріп жыладым. Ағайын алдында қарабет болғанымды сол кезде ұқтым. Кейін біреулердің айтуынша Мақпал әлгі тойда танысқан жас жігітпен кетіпті-міс. Іздеу сала алмадым, өзімді өзім масқаралағым келген жоқ. О баста қарабет боп келген Мақпал мені осылайша қарабет қылып кетті. Босағамды адал аттамаған харамның ісі де харам болды. Бармағымды шайнап өкінгеннен басқа не келеді қолымнан?
Талғат, Өскемен

Құрметті оқырман, егер Сіз де өз басыңыздан өткен тағдырды көпшілік талқысына салып, оқырманмен ой бөліскіңіз келсе мына электронды почтаға материалыңызды жолдай аласыз: info@alashainasy.kz
Редакция телефондары: 8/727/388-80-60; 8/717/2 54 27 30

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста