50-дегі журналистке тиген жас қыз елді шулатты
Соңғы уақытта әлеуметтік желіде егде жастағы ер адам мен жас қыздың бірге түскен видеолары қызу талқылануда. Ел назарын аударған ерекше жұп өмірде ерлі-зайыптылар екені белгілі болды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.
Отағасы, белгілі журналист Серік Әбдуәлі 50 жастан асса, оның келіншегі Дана Райымжанова 25-те.
Таяуда ғана бас қосқан жас жұбайлардың романтикаға толы бейнежазбалары Tiktok желісін жарып жатыр.
Бірақ өзінің әкесіндей адамға тұрмысқа шыққан өрімдей арудың таңдауын халық түсіне алмай әлек.
tiktok.com/danaraimzhanova
"Қандай әдемі жас қыз. Шалға тиіп не күн туды екен?", "Мынау таза ақша үшін тиген ғой. Не болса да бақытты болсын", "25-тегі жігіттерден жақсы шаба ма? Бұл кісінің артықшылығы неде?" — деп сұрақ қойды желі қолданушылары.
Оқырмандарды қызықтырған сауалға орта жастағы журналистке тиген жас қыз нақты жауабын берді.
"Сана-сезіміңнің төмендігін-ай. Артықшылығы: қамқор, ақылды, тастап кетпейді. Бетімнің әдемілігін ғана емес, барыммен жақсы көреді", — деді Дана Райымжанова.
Келіншегіне бағытталған желідегі жұрттың сыни пікірі 50 жастағы отағасының құлағына жеткен. Жас қызды жар еткен Серік Әбдуәлі өзінің асаба, тілші екенін айтып, арнайы видео да түсірген. Сондай-ақ ол артықшылығын өлеңмен жеткізіпті.
Шал емеспін, еркекпін,
Бағалай білсең, еркекті.
25-тегі жарымды
Өмірімнің көркі еттім...
Баланың қамын ойлаған,
Бабаның жолын қуады.
50-дегі еркектен,
Абадан ұрпақ туады,
— деп жауап берді Серік Әбдуәлі.