4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

4 балалы Малика: Енем күйеуіме менімен ажырас әйтпесе «Ақ сүтіме разы болмаймын» деп шарт қойды

Төрт баланың анасы Малика Тәшбенова күйеуімен ажырасуына енесі себеп болғанын айтады. Сөзінше алғашында жұптары жарасып, әдемі тұрған. Бірақ енесі өз ұлына «Мына әйелді өлтір немесе менің үйімнен ажырасып біржола кетір. Әйтпесе мен үйге келмеймін» деп кетіп қалыпты. Малика осы күнге дейін неше рет таяқ жегенім есімде жоқ. Өйткені төбелес жиі болады деп отыр.

«Мен күйеуіммен танысқан кезде  алғашқы некеден бір балам болды. Қалған үш перзентім осы күйеуімнен. Енеме не себепті жақпай қалдым дейсіз ғой? Отбасылық тойдан қайтарда атамызды көлікке отырғызып жатқанбыз. Ол кісі дұрыс жүре алмайды.

Сол көліктің ішінде күйеуімнің ағасы болды. Содан ол отырған жерде мені балағаттады. Ол күйеуімді көрмей қалды. Содан күйеуім «Оны неге боқтадың» деп ашуланды. Содан үйге ештеңе болмай қайтқанбыз. Таңмен күйеуім ішіп алып ағасымен соғысты. Бір -біріне айыр алып жүгірді. Содан енем мені осы оқиғаға сепші деп тапты.

Ұлына яғни менің күйеуіме «Ажырас, немесе өлтір мына қатынды. Мен осы жоқ болғанда келемін. Олай болмайды екен Ақ сүтіме разы болмаймын» деп талап қойды. Содан күйеуім мені сабап бастады. Мен абысынымның үйіне қашып бардым. Ол қуды. Сол үйдегі қайнап тұрған шәугімдегі шайды үстіме құйып, керзі етікпен басыма теуіп аяусыз тепкінің астына алды. Абысыным «Қаш, өлесің» деп шырылдады. міне содан бастап арамыз дұрыс болмады. Күйеуім әйел іздеп көше кезді. Қазір үшінші әйелімен тұрады. Талабым, балаларыма алимент төлесін»,-дейді Малика.

Балаларым ештеңеге мұқтаж болмау үшін ерінбей еңбек етемін деген әйел күйеуінің опасыздығына ренжулі. одан бөлек үйленген күйеуі арасында өзіне келіп, қайтып кетіп тұрады екен. Ол әдетке де айланыпты.

«Маған келіп жалынып «жаңылдым» дейді. Балалар әкеміз келді деп мәз-ейрам болады. Соны көргенде жүрегім жібіп үйге кіргізіп аламын. Әрі кетсе екі апта шыдайды, сосын қайта дала кезіп кетеді. Ол осы кезге дейін неше рет қайталанғанын да білмеймін. Мен өзім жұмыс істеп, ешкімге алақан жаймай, балаларымды жайғастырып жүргенім үшін қайын жұртыма жақпадым. Содан да  «Анаконда» деген ат тақты. Мейлі оған да көндім. Бірақ менің қазіргі талабым, тайраңдып, қыз қуып жүрген балаларымның әкесін қалайда алимент төлету»,- дейді келіншек.

kyn.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста