Ораза жайлы Құран Кәрім мен хадистерден
«Ей мүминдер! Бұрынғыларға парыз қылғанымыз сияқты сендерге де ораза парыз қылынды. Әрине сактанарсыздар. Санаулы күндерде сендерден кім ауру немесе жолаушы болса, басқа күндерде өтер. Және ораза ұстауға күші жетпейтіндер бір міскінді тойдыратындай фиде беруі керек.Сонда кім ынталанып артық қайыр қылса, ол өзі үшін жақсы. Бірақ білетін болсаңдар, ораза тұтуларың жақсырақ»
Құран Кәрім, Бақара сүресі, 183аят
«Ораза айы келгенде жәннәт есіктері ашылып, жәһәннам есіктері жабылып, шайтандар шынжырланады. Сонда бір шақырушы «Ей жақсылық қалағандар келіңдер! Ей жамандықтың арқасынан жүргендер райларыңнан қайтыңдар!» деп деп жар салады.
***
«Бір құл Аллаһ жолында бір күн ораза тұтса, Аллаһ Тағала ол күн себебімен ол адамның жүзін тозақ отынан 70 жылдық жолдай ұзақ қылады».
***
«Егер үмметім рамазан айында қандай жақсылықтар болғанын білсе, жылдың барлығын рамазан айы болуын қалайтын еді. Себебі:
1.Барлық жақсылықтар рамазан айында жиналған.
2.Рамазан айында істелген ғибадаттар қабыл болады.
3.Рамазан айында қылынған дұғалар қабыл болады.
4.Рамазан айында істелген күналар кешірілмейді.
5.Рамазан айында ораза ұстағандарды Жәннәт қуанышпен күтеді.
***
«Кім Аллаһ жолында берген нәрсесін жұп қылып берсе, жәннәттің есігінен, кім намаз оқушылардан болса, намаз есігінен шақырылады. Кім жиһад етушілерден болса, жиһад есігінен шақырылады. Кім ораза ұстаушылардан болса, Райян есігінен шақырылады, садақа берушілер болса, садақа есігінен шақырылады» дегенде Хз.Әбубәкір (р.а): « Әке-шешем саған пида болсын, Ей Алланың елшісі, бұл есіктердің барлығынан шақырылған адамдар бола ма, бір адамның барлық есіктерден шақырылуы мүмкін бе?» дегенде Пайғамбарымыз (с.а.у) «Я, болады, сенің де солардың ішінен болуыңды үміт етемін» деген.
***
«Кім бір ораза тұтқанның аузын аштырса, ол кісі үшін ораза тұтқан адамның сауабындай сауап бар, ораза ұстаған адамның сауабынан да бір нәрсе азаймайды».
«Ораза ұстағанның екі қуанышы бар: оның біріншісі- ауыз ашар уақытындағы қуанышы, екіншісі- Аллаһ Тағаламен жүздескен кездегі қуанышы» деген.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) хадисінен