Ораза кезінде арақ-шарап сатуға тыйым салу қажет пе?

Ораза кезінде арақ-шарап сатуға тыйым салу қажет пе?

Қазақстанда жылына 6,5 миллион дал арақ өндіріледі екен. (Есептеу үшін бір дал 10 литрді құрайды). Мамандардың айтуынша, олардың барлығы сыртқа шығарылмай, өз елімізде саудаға түсіп жатады. Сондай-ақ шамамен бір жылда Отанымызға сырттан 1,5-2 миллион дал арақ тасымалданады. Бұл елімізде арақ саудасының қыз-қыз қайнап жатқанын көрсетеді. Кейбір мемлекеттер араққа қарсы арнайы бір күн белгілеп, соны мереке ретінде атап өтіп жатады. Азаматтарды ішімдіктен арылту үшін, мүмкін, біз де Қасиетті Рамазан айында арақ-шарапқа тыйым салуымыз қажет шығар? Бұған қоғам өкілдері не дейді?
Ораза кезінде арақ-шарап сатуға тыйым салу қажет пе?

Қанат МҰСАҒҰЛОВ, «Ақ орда» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары:
Иә

– Бес уақыт намаз оқып, Алланың жолында жүрген адам ретінде айтарым, арақ-шарап сатуға ораза айында тыйым салған дұрыс. Кейбір мұсылман бауырлар көп өмір сүретін мемлекеттерде Қасиетті айда харам сусындардың сатылуына жол берілмейді. Бұл бір жағынан, адамдарды теріс қылықтардан сақтау үшін қолға алынатын шара. Себебі ораза айында тек адамның аузы ғана емес, сонымен бірге қолы, аяғы, көзі де жамандықтан тыйылуы керек. Әрине, біз елде бірден арақ-шараптың сатылуына тыйым сала алмаймыз. Ол үшін алдымен насихат жұмыстарын көптеп жүргізу қажет. Адамдар харам мен халал заттардың айырмашылығын білуі керек. Арақ-шарап, басқа спиртті сусындардың адам ағзасына зиян екенін, оның ислам дініне қарсы келетінін шынайы түсінгенде ғана азаматтар одан саналы түрде бас тарта алады. Кейбір адамдардан неге арақ ішіп жүргенін сұрасаң, аз ғана ұрттайтынын айтып, сөзден тайқып шығады.
Міне, бұл харам дүниелерді білмеудің салдары. Өзімнің Алла жолына түсіп, намаз оқып жүргеніме 5-6 жылдың жүзі болды. Сонда түйгенім, намаз оқып, ораза ұстап, исламның парыздарын орындап жүрген адамдардың жолы үнемі ашық болады, оларға ылғи Алла бір разылығын береді. Шынымды айтсам, мен тек ораза айында ғана емес, арақ-шараптың басқа да уақытта сатылуына қарсымын. Неге? Біріншіден, спиртті ішімдік ішу исламға жат қылық. Біліп тұрып бір түйір харам зат жұтқан адамға қырық күн береке қонбайды екен. Арақ ішетін отбасында ешуақытта бірлік болмайды. Екіншіден, харам сусын пайдаланудың кесірінен, әсіресе, жастар көп көз жұмып жатыр. Олардың бірі мас күйінде көлік жүргізіп апатқа ұшырайды, келесісі ішіп алып біреуді өлтіреді. Үшіншіден, бұрынғыға қарағанда, азаматтарымыз спиртті ішімдікті аз қолданатын болды, сондықтан оны тоқтатудың сәті келді. Кейбір пікірлер азаматтарымыз саналы түрде арақтан бас тартып келеді, сондықтан оған тыйым салудың қажеті жоқ дегенге саяды. Жоқ. Егер ішімдікті дүкендерге толтырып қойып қарап отыра берсек, ертең оның зардабын қайта тартуымыз мүмкін. Қазақ «сақтықта қорлық жоқ» деп бекер айтпаған. Менің айтарым, ораза айында, басқа мезгілде болсын, дүкен сөрелеріндегі арақтың орнын ұлттық сусындармен ауыстыратын кез жетті. Жастарымыз ұлттық сусыннан нәр алып, ұлттың барлық жақсы қасиетін бойына сіңдіріп, арақ атаулыдан аулақ жүрсе ғана ұлтжанды азамат болып өсіп шығады. Осы жерде қосып кеткім келетіні, қазір елдегі жоғары оқу орындарына дінтану деген сабақ енгізілді. Оның балалар түсінігін қалыптастырып, танымын кеңейтуде үлкен пайдасы бар. Болашақта тек мектеп, үлкен оқу орындарында ғана емес, балабақшада да дін туралы сабақ өткізу қажет. Сонда ғана біз иманды, білімді, ибалы жастарды тәрбиелеп жатырмыз деп нық сеніммен айта аламыз.

Әміржан ҚАЛИЕВ, «Казалко» қауымдастығының президенті:
Жоқ

– Арақ-шарап арқылы экономиканы көтермейміз, әрине. Бірақ оны сатуға тыйым салудың қажеті жоқ. Тарихта, мәселен, патшалық Ресейде кеңес үкіметі кезінде арақ-шарапты тоқтату мақсатында қабылданған «сухой закон» деген болған. Бірақ оның ешқандай пайдасы болмады. Менің ойымша, адам ең алдымен жаман заттардан өзін-өзі тыю қажет. Арақ ішемін дейтін адамға оразаның да, басқа да қасиетті ұғымдардың да ешқандай әсері болмайды. Оның араққа құмарлығы басылмаса, кез келген жерден тауып қолдана береді. Тыйым салу адамдардың қолдан арақ жасауына алып келеді. Ал жасанды арақ денсаулыққа өте зиянды. Соңғы 5-6 жылда елімізде арақ ішетіндердің саны азайды. Тіпті 30 пайызға дейін қысқарды десе болады. Қазір азаматтардың дені егер қолданса, 40 градустық қызуы жоғары арақтан гөрі, градусы аз ішімдіктерді пайдаланғанды жөн көреді.
Азаматтардың арақтан бас тартуына, біріншіден, жұмыс талабының жоғарылығы себеп болып отыр. Кейбір азаматтар ішіп алса, жұмыстан шығып кететінін біліп, араққа көп жоламайды. Өздеріңіз білесіздер, қазір жұмыс табу қиын да, одан шығып кету бір демде. Екіншіден, көбінесе арақты жұмыссыздар ішеді. Бұрын ауылдың жастары жұмыссыздықтың кесірінен «шайтан суға» көп үйір болатын. Бүгінде ауылдарда жаңа жұмыс орындары ашылып, жастар арақтан аулақ жүретін болды. Демек, жұмыссыздық азайған сайын арақ ішу де біртіндеп тоқтайды. Үшіншіден, біздің ел – мұсылман елі. Ал ислам діні арақ ішуге тыйым салған. Қазір жастарымыздың дені намаз оқиды. Мешіттерге барсаңыз, адамның көптігінен сәждеге бас қоятын орын таппайсыз. Міне, дін беки түсіп, адамдардың иманы артқан сайын да араққа жол табылмайды. Бұрын тойда бір дастарқанның басында он адам отырса, соның кем дегенде жетеуі араққа «бөгіп» алатын. Қазір кейбір адамдар тойларын арақсыз өткізетін болды. Менің ойымша, 15-20 жылдан кейін елімізде арақ ішетіндердің саны екі есеге азаяды. Міне, сондықтан да араққа тыйым салудың қажеті жоқ, азаматтар одан саналы түрде бас тартып келеді. Мен арақ қолданушыларды тоқтатудың бірнеше жолын айтып кетейін, біріншіден, біз ішімдіктің зиян екенін ұрпаққа балабақша, мектеп, жоғары оқу орындарынан бастап түсіндіруіміз қажет. Екіншіден, Қазақстанда арақ-шарапты насихаттайтын өзге елдердің жарнамаларына, киноларына тыйым салғанымыз дұрыс. Мәселен, Ресейдің бір киносының өзінде он жерде адамдардың шарап ішіп отырғанын көрсетеді. Бұл жастарға қандай тәрбие береді? Үшіншіден, қазір біз бірнеше мемлекетпен Кеден одағын құрғалы отырмыз. Шекарамызға өзге елдерден, әсіресе, Ресейден спиртті ішімдіктердің өтіп кетпеуін мықтап қадағалағанымыз жөн. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, мемлекетте жоғары градусты арақ көлемі жан басына шаққанда 8 литрден көп болса, азаматтардың тегіне зиян келеді екен. Ресейде бұл көрсеткіш 18 литрді көрсетсе, Қазақстанда қазіргі күні 7,5 литрге жетіп отыр. Бұл, әрине, ойланатын шаруа. Бірақ қайталап айтайын, оны тыйым салу арқылы азайта алмаймыз, бұл жерде азаматтарымыздың мықтылығы қажет.

Түйін
Нағашыбек ҚАПАЛБЕКҰЛЫ, жазушы:
– Әрине, бұл күрделі мәселе. Бірақ ораза кезінде арақ-шараптың сатылуына тыйым салынбау қажет деп есептеймін. Себебі жүрегінде иманы бар адам онсыз да арам сусынды аузына алмайды. Ал оразаны кез келген адам ұстай бермейді. Аллаға шүкір, қазір еліміз дінге, имандылыққа бет бұрып келеді. Әсіресе, жастардың мешітке жиі баратыны қуантады. Араққа тыйым салмай-ақ, онсыз да еліміз оң жолда дамып келе жатыр.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста