Елімізде имамдар айлық ала ма?
–Қазақстанда имамдар, жалпы мешіт қызметкерлері айлық ала ма? Олардың айлық-жалақысы қанша?
Ерболат Фазылов, Шымкент қаласы
-Еліміз зайырлы мемлекет болғандықтан, Үкімет дін саласы мамандарын қаржыландырмайды.
Ал біз имамдар өз жұмысын алаңсыз атқаруы үшін жұрттан жиылар қайыр-садақа есебінен азды-көпті қаржыландырып келдік. Міне, екі айдың жүзі болды Діни басқарма өз тарапынан Зекет қорын ашты. Бұл елден жиылар қайыр-садақа ғой. Енді әр имамды, мешітті осы қор есебінен өз қамқорлығымызға алмақпыз. Бұдан былай имамдарға айлық еңбекақы төленеді. Бірақ оларға жалақы мемлекет есебінен емес, Зекет қорынан төленеді. Осылайша ресми түрде аудан имамдары 50 мың, ал ауыл мешіттеріндегі имамдар 35 мың теңге жалақы алады,-дейді Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының мамандары. Олар мешіттерге сауатты дін қызметкерлерін көбірек тарту үшін осындай қадамға бардық дейді.