Жаһандану кезінде қазақ мәдениеті өзге елдерге экспансия жасай ала ма?

Бұл сұрағымыздың өзі әлдекімдер үшін күлкілі, баз біреулер үшін ой салатын сауал болуы мүмкін. Себебі қазіргідей жаһандық аласапыран уақытта қазақ мәдениетін әлемдік өркениетке паш ету өте үлкен стратегиялық жұмыстарды қажет етеді. Ол үшін, біріншіден, уақыт, екіншіден, сарқылмас күш қажет. Екінші жағынан қарайтын болсақ, жаһандану есігімізден ентелеп кірді деп сары уайымға салынып отыра беруге де болмайды. Себебі көз алдымызда қазақ ұлтынан ешбір артықшылығы жоқ ұлттар ұлттық құндылықтарын ұлықтап, дүниежүзіне таңып отыр. Оған дәлел – бүгінгі таңда сіз де, біз де әлдебір ұлттардың мәдени шылауына түсіп отырғанымыз. Мәдени экспансияның әлемдік тәжірибесін пайдалана отырып, бәлкім, біз де қазақы құндылықтарымызды өзге мемлекеттерге таңармыз. Бұл көзқарасымызға мәдени саясат пен мәдениеттану ғылымының басы-қасында жүрген мамандар нендей уәж айтар екен?

Ерлан САИРОВ, Мәдени саясат және өнертану институтының директоры:

Иә
– Біз қаласақ та, қаламасақ та қазір бүкіл дүниежүзінде мәдениет стратегиялық ұғымға айналып келеді. Өткен ғасырда экономика ұғымы өте құнды болса, осы жүзжылдықтың екінші жартысында мәдениет тура сондай болады. Себебі өздеріңіз көріп отырсыздар, уақыт өткен сайын экономика өзінің құнын жоғалтып барады. Мен бұрын да айтып жүрмін, қазір де айтамын, алдағы уақытта мәдениет үлкен пайданың көзіне айналады. Еуропаның Франция, Испания, Португалия сияқты елдерінде мәдениет индустриясы дамып кеткен. Соның есебінен сол мемлекеттерге қыруар қаржы пайда келіп отыр. Сол сияқты бізде де ең бірінші, мәдениеттің индустриясын жасау керек.

Қазақ мәдениетін дүниежүзіне таңуға әбден болады. Жапония, Қытай, Үндістан сияқты мемлекеттер ұлттық мәдениеттерін дүниежүзіне паш етіп отыр. Нақты мысал айтар болсам, Жапония шығыс жекпе-жегін, Үндістан йога өнерін әлемдік брэндке айналдыра алды. Арабтардың басына байлап жүретін «Арафатка» деп аталатын шәлілерін қазір бүкіл дүниежүзінің жастары пайдаланып жүр. Біз оның астарына үңілмейміз, оның астарында мәдени экспансия жатқанын түсіне бермейміз. Өткен ғасырда британдық төрт нашақор «Битлз» тобы арқылы дүниежүзінің өнерге деген көзқарасын өзгертіп жіберді. Кеңес Одағын ыдыратқан Америка емес, «Битлз» тобы деген сөз бар. Себебі Батыс пен КСРО-ның арасынан қара мысық өткен кезде олар социалистік елдерде емін-еркін концерттерін қойып жатты. Міне, бұлар – мәдени экспансияның мысалдары. Қазіргі заман мәдени экспансия жасауды талап етіп отыр. Егер біз экспансия жасамасақ, міндетті түрде бізге жасайды.

Ал өзіміздің ұлттық құндылықтарымыздың құны жоғала береді. «Қорғаныстың ең мықтысы – қарсы шабуыл» дейді ғой. Сондықтан мәдени экспансия жасаудан бас тартпауымыз қажет. Ол үшін не істеуіміз керек? Біреулердің қарабайыр түсінігі бойынша, «Құрманғазы» оркестрін Батысқа апарып күй шерткізіп қайту емес, қазақ мәдениетінің элементтерін басқаларға сіңіруіміз керек. Мен жақында Оңтүстік Кореяға барып келдім. Сонда байқағаным, корейлер қазақтың аңыздарын, ертегілерін, эпостық жырларын пайдалана бастаған. Мәдениет вице-министрімен сөйлескенімде, олардың қазақтың мәдени құндылықтарынан пайда табуды көздейтінін аңғардым. Сол лауазымды кісі «ұялы телефонға қазақтың әуендерін орнатқанымыз үшін қыруар қаржы табамыз» деп ашық айтты. Технологиялық ұлт бола тұра, өздерінің де, өзгенің де мәдениетін пайда көзіне айналдыра алып отыр. Бізге де сондай болу керек. Біз жаһандық мәдениеттен енді қашып құтыла алмаймыз, «жаһандық мәдениет керек емес» деген ұғым болмау керек. Сондықтан менің айтарым, біз бимәдениетті ұстануымыз керек. Ең бірінші, өзіміздің ұлттық мәдениетімізді, екіншіден, замана көшінен қалып қалмау үшін жаһандық мәдениетті. Экономикалық дағдарыстан шығуға да осы мәдени жаңғырулар өз әсерін тигізеді. Дағдарыстан кейін де өмір бар. Сол кезеңде біз ұлттық мәдениетіміздің алдаспанын жарқылдатуымыз керек деп ойлаймын.

Ақтолқын Құлсариева, мәдениеттанушы:

Жоқ
– Қазақ мәдениетін жаһандану кезінде басқаға таңу мүмкін емес. Мәдениетіміздің әлемді экспансиялаудан гөрі жаһандану кезінде жұтылып кетпеуі маңызды деп есептеймін. Алдымен өз еліміздегі халықты экспансиялап алуымыз керек шығар. Өз ішімізде мәдениетімізді жоғары деңгейге көтеріп алмайынша, біз оны басқа елдерге таңа алмаймыз. Себебі біз, біріншіден, әлемдегі ірі державалардың қатарынан емеспіз. Екіншіден, геосаяси ойыншыға да жатпаймыз. Үшіншіден, бүкіл әлемді қамтитын бұқаралық ақпарат құралдарына ие емеспіз. Мәдениетімізді насихаттау үшін көп қаржы керек. Бізде әлемге әйгілі қорлар да жоқтың қасы. Жеріміз үлкен болғанымен, халқымыздың саны аз. Біз мәдениетімізді қаласақ та олай жасай алмаймыз.

Ел ішінде өз мәдениетіміздің мәртебесін көтеру маңызды. Өзіңді сыйламасаң, өзіңді сыйлата алмайсың ғой. Бұл да сол сияқты. Біздің елдің ішінде біртұтас, қалыптасқан мәдениет жоқ. Жасыратыны жоқ, біздің қоғам мультимәдениетке кетіп бара жатыр. Қазақ мәдениеті шетел тұрмақ, Қазақстанда жетеріне жетіп ұлықталып отырған жоқ. Иә, кезінде бодан болса да, қазір өзінің мәдениетін бүкіл әлемге паш ете алып отырған мемлекеттер бар. Мысалы, Үндістанды алайық, олар қазір дүниежүзіне өз мәдениеттерін, өркениеттерін кеңінен насихаттай алды. Бірақ бұл мемлекет халқының саны өте көп. Кейінгі кезде экономикасы қарыштап дамып, әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің қатарынан өз орнын ойып тұрып алды.

Қазір әлемдегі державалармен тең дәрежеде сөйлесе алатын мемлекет. Былайша айтқанда, халықаралық саясаттағы басты ойыншылардың біріне айналды. «Боливуд» арқылы «Голливудпен» теңескісі келетін амбициясын жасырмайды. Сондықтан бұл жерде мәдениетті басқаға таңуға ең бірінші адам факторы ықпал ете алатынын естен шығармауымыз қажет. Жалпы, кез келген мәселеге объективті қараған дұрыс қой. Бұл жерде «мәдениетімізді басқаға таңайық» деп ұрандатудың керегі жоқ. Бұл – жалған патриотизм. «Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» демекші, көрпемізге қарап көсілгеніміз дұрыс деп ойлаймын. Басқаға таңамыз деуіміз бекершілік. Одан да жаһандану атты аждаһаға жұтылып кетпеудің қамын ойлайық.

Ойтүйін
Әлбетте, кез келген мәселенің екі жағы болатыны сөзсіз. Мамандар пікірлерінен көкейге қонатын ұсыныстар мен дәлелдер бар екеніне көз жеткіздік. Біріншіден, мәдени саясатымызды стратегиялық тұрғыда жүзеге асыра беруіміз қажет. Бұл біздің ұлттық мәдениетіміздің мәңгілік боларына сөзсіз ықпал етеді. Ал, екіншіден, маман пікірінен түйгеніміз, ел ішіндегі мәдени бірлігімізді нығайта беруіміз шарт. Біз болашағы бұлыңғыр ұлттардың қатарынан емеспіз. Сондықтан осы екі ұсынысты құзырлы органдар ескеріп жатса, құба-құп.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста