Балабақша мәселесін әрбір мекеме жанынан балабақша ашу арқылы шешуге бола ма?

Балабақша мәселесін әрбір мекеме жанынан балабақша ашу арқылы шешуге бола ма?

Бүгiнде еліміздегі мектеп жасына дейiнгi балалар мекемелерiмен қамтылу деңгейі 36,5 пайызды құрайды екен. Әлі де болса, 240 мың бүлдіршін кезекте «өз балабақшасын» күтiп тұр. Ал 820 мыңдай бала үй жағдайында тәрбиеленуде. Рас, соңғы кездері еліміздегі балабақша санын арттыру мәселесі қызу қолға алынып жатыр. Әртүрлі ұсыныстар айтылуда. Тіпті кейбіреулер «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы қатарына «100 балабақшаны» да енгізуді ұсынып отыр.

Балабақша мәселесі депутаттардың «балабақшаны қайтарыңдар» деген бизнесмендер мен кәсiпкерлерге арнаған үндеуіне де арқау болып көрді. Бірақ онымен балабақша санының көбейе қоятын түрі жоқ. Әлі де болса халқымыздың басым бөлігі балабақша қызметіне зәру. Осы орайда шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, бұл мәселені әрбір мекеме жанынан балабақшалар ашу арқылы шешуге бола ма деген ұсынысты ортаға тастап көрген едік.

Алтыншаш ЖАҒАНОВА, «Руханият» партиясының жетекшісі:

Иә
– Қазіргі таңда еліміздегі балабақшалардың жетімсіздігі айқын білінуде. Сондықтан балабақшаларды көбейту үшін барлық тәсілдерді қолдану керек. Ал әрбір мекеме жанынан балабақшалар ашу арқылы оларды көбейтуді көздеу – өте тамаша ұсыныс. Меніңше, бұған ешкім де қарсы бола қоймайды. Аналар үшін бұл тіптен тиімді.

Естуімше, бұл жүйе шетелде іске асып та қойған көрінеді. Егер бұл ұсыныс қабылданса, біріншіден, аналар сәбиін дүниеге келтірген соң, декреттік демалысы біткеннен кейін үйде отырмай, ертерек жұмысына шыға беруге мүмкіндік алса, екіншіден, баласын ана сүтінен айырмай-ақ жұмыс арасында, мекеме жанындағы балабақшадағы сәбилерін емізіп келіп тұруларына да болады.

Үшіншіден, жұмысқа бірге келіп, бірге ала қайтуларына да ыңғайлы. Тек айтарым, бұл бастама аяққа тұрып кеткенше, мемлекет тарапынан қолдау керек. Мәселен, түрлі салықтардан босата отырып, ондағы балалардың дұрыс тәрбиеленуі үшін арнайы бағдарламалар іске асырылып, қазақы салт-дәстүрмен қатар, ұлтқа тән ерекшеліктерді де сіңіре білер, зерек ұрпақ өсіруге сай барлық жағдайлар жасалса екен. Болашағымыздан, ұлт ертеңі болар баладан тиын-тебен аяудың еш қажеті жоқ. Қазіргі таңда балабақшалардың жетіспеуі салдарынан талай аналар үйінде отыр. Мұндай мекеме жанынан ашылған балабақшалар көбейетін болса, қоғам үшін де аналардың маман ретіндегі еңбек күшін пайдалануға мүмкіндік туар еді. Сондай-ақ олардың стандартқа сай болуын да қадағалап отыру артықтық етпейді. Өйткені балабақшалар көбеюімен қатар, талапқа да сай болуы қажет.

Әрине, мен ең алдымен аурухана, мектеп, балабақшаның мемлекеттікі болғанын қалар едім. Алайда бүгінде балабақшаның жетіспеушілігінің өзі бізді осындай қадамға жетелеп отыр. Мекемелердің қауқары жетпесе де, мұндай балабақшалардың санын көбейтуге мемлекеттің қауқары жетеді. Аналарымызға қолайлылығын ескере отырып, осындай балабақшаларды көбейтуге болады. Мүмкін, уақыт өте оларды мемлекет қарамағына да өткізуге болар.

Қымбат ӘБІЛДӘҚЫЗЫ, «Айгөлек» журналының бас редакторы:

Жоқ
– Балабақша – баланы бағатын ғана орын емес, балаға тәрбие беретін орын. Сондықтан балабақша ашу ісіне ұқыпты болған жөн. Әрине, баланың уақытында арнайы балабақшалық орында, қатарымен бірге тәрбиеленіп, кішкентай кезінен бастап көзі, көкірегі жақсылыққа қаныққаны жақсы. Алайда әр мекеме өз қаржысымен, өз күшімен ашып отырғаннан кейін ойына келгенін істемесіне кім кепіл?!

Өздері барлық нәрсені былықтырып отырса да, жоғарыға «өйттік, бүйттік» деп жалған ақпар беріп отыра береді. Нәтижесінде ол балабақшада тәрбиеленіп жатқан ұрпақ сорлайды. Біз тіпті мұндай балабақшаларды ашу арқылы артық қыламыз деп тыртық қылып алуымыз да мүмкін. Ең алдымен мұның бәрін заң жүзінде айқындап, заңды тұрғыдан мұқияттап алып қана қолға алу керек. Ал заңмен бекітіп алмай жатып, әр мекеме жанына қаптатып балабақша ашуға тапсырма беру арқылы балабақшалар санын көбейтуді қолдамаймын.

Заң жүзінде балабақша қандай болуы керек, онда балаға қандай тәрбие берілуі керек, тәрбиешіге қойылар талап қандай болуы қажеттігін заң жүзінде бекітіп қана бұл ұсынысқа қадам баса аламыз. Заң болмаған жерде жекеменшік балабақшаның құрылтайшысы балабақшаның ішкі ісіне орынсыз қол сұғып, өз билігін жүргізу арқылы балабақшадағы балалардың тәрбиеленуіне кері әсер етуі мүмкін. Өйткені олар бірінші орынға балаларды емес, өз пайдасын қояды. Жекеменшік түгіл, қазіргі таңда мемлекеттік балабақшалар жайының өзі алаңдатады. Санитарлық тазалықтың дұрыс болмауының кесірінен балалар жиі ауырып қалып жататынын айтпағанда, небір түрлі кемшіліктер жетерлік.

Бәрін айт та, бірін айт, балалық – адамның зеректігі ерекше болып, айтқаныңды қағып алып тұратын кезеңі. Алайда бүгінде балаларға жөнді тақпақ та үйрете алмайтын тәрбиешілер бар. Елін сүйер, жерін сүйер, қазақ халқының тарихын жіліктеп шағар, білімді, ұлтжанды, нағыз қазақ ұланын тәрбиелеп шығар балабақшаларға қойылар талап жоғары болуы керек. Алайда бүгінгі балабақшаның жайы бұл талапқа сай емес. Ата-ана балабақшаға ақша төлеп отырғаннан кейін оның сапасы да талапқа сай болғаны жөн.

Балабақшаның өз жайын айтпай-ақ, тәрбиешісіне тоқталар болсақ, бүгінде тәрбиешілік болмашы айлығына жаны қысылған, тек уақытша жан бағуды күйттеген кім көрінген баратын мамандыққа айналды. Тәрбиешілердің маман ретіндегі сапалық көрсеткішіне мән беруді қойдық. Сонда біз ұлт ертеңі болар ұрпақты кімнің қолына сеніп тапсырдық дей аламыз?! Балабақшадағы баланың амандығы ғана емес, сол балабақшадан алары да болуы керек. Сонда ғана біз ол баланың ертеңіне алаңдамаймыз.

Түйін
Еліміздегі балабақшалардың жетімсіздігі бүгінгі күннің басты талабына айналды. Бәлкім, мекемелер жанынан балабақшалар ашу арқылы олардың арасында бәсекелестік туғызып, сапасының көтерілуіне де мүмкіндік туар ма еді?! Бүгінде бұл ұсынысқа тек мемлекет тарапынан оң көзқарас пен жылы қабақ жетіспей тұрғандай.

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста