Ұсақ шаруа қожалықтарын ынталандыру үшін субсидия беру талабындағы мал басы санын төмендету керек пе?

«Етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы аясында негізінен ірі шаруашылықтарды субсидиялауға көбірек көңіл бөлінген. Алайда бұл – нарықты ауыл шаруашылығы өнімімен қамтамасыз етіп отырғандардың 10-15 пайыз бөлігі ғана. Қалған 80-85 пайыз ұсақ және орта мал шаруашылықтары болып табылады. Дегенмен бүгінге дейін өз күнін өзі көріп келе жатқан осы ұсақ шаруашылық соңғы кездері нарықтың ауыртпалығына шыдас бере алмайтындай күйге түсуде. Өйткені жайылым жер жоқ, бар болса, арендасы қымбат, дайын жемшөптің құны қол жетімсіз. Соның салдарынан мал шаруашылығымен айналысушы ауыл халқы малын жаппай сатып жатыр. Кейбір өңірлерде ет тапшылығы да байқалады. Әрине, бұл факт ет бағасының күрт қымбаттауына ықпал еткен. Осыған байланысты бүгіндері ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер ұсақ және жеке қосалқы шаруа қожалықтарына мемлекеттік қолдау керек деп дабыл қағуда. Мәселенің бір шешімі ретінде субсидия талабындағы 300 деп көрсетілген мал басын 100-50-ге дейін төмендетуді сұрайды. Бұл қаншалықты мүмкін нәрсе?

Әуесхан ДАРИНОВ, «Қазақстан фермерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы:
Иә

– Аталған мәселеге қатысты биыл біздің бірлестік шағын және орта биз­неске жататын ауылдық тауар өндіру­шілердің заңды құқық­тары мен мүд­делерін қор­ғаушы жалғыз өкілі ретін­де Ел­басына және Үкіметке хат жол­даған болатын. Оған басты себеп – біз­де мем­ле­кеттік қолдау шара­ларын жүзеге асыруда басымдық ірі тауар өн­дірушілерге берілуі, ал ауыл шаруа­шылығындағы ұсақ тауар өндірушілер жағымсыз фактор ретінде көрсетілуі және қаржы бөлудегі теңсіздік. Мыса­лы, түрлі қаржы көзінен бөлінген ре­сурстардың 86 пайызына ірі ауыл бизнесі ие болса, ал қалған 14 пайыз­ды шағын және орта бизнесті қанағат етуге мәжбүр.
Жалпы, мал шаруашылығындағы ша­ғын бизнесті субсидиялау алғышарт­тары әділетсіз жасалған. Яғни ешқандай ғылыми негізі жоқ нормативтердің салдарынан бүгіндері ірі қара мал өсірумен айналысатын 16 мың шаруа қожалықтары субсидияға қол жеткізе алмай отыр. Жал­пылай алғанда, барлық субсидия қо­лын­да бар-жоғы 100 мыңдай ғана сиы­ры бар (еліміздегі ірі қараның 4 па­йы­зына ғана иелік ететіндер) 200-300 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының қо­жа­сына тиеді. Ал «Етті мал шаруашылығын дамыту» бағдарламасы бойынша негізгі салмақ салынып отырған қалған 2 миллион 670 мыңы немесе еліміздегі сиыр бағушылардың 96 пайызын құраушылар, неге екені белгісіз, субсидиялауға жатпайды... Әрине, бұл — әділетсіздік!
Сол себепті биліктен ауыл шаруашы­лығындағы еңбек өнімділігінің үрдісі мен қарқынын арттыру тұрғысында Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігінің ұсақ және орта шаруа қо­жалықтарына қатысты өздерінің көзқа­расын түпкілікті өзгертулері керектігін, еліміздегі барлық фермердің субсидия мен несиелік ресурстарға ірілермен қатар тең қолжетімділігін қамтамасыз етуін, оларға жеделдетілген түрде техникалық қайта жабдықталуына мүмкіндік беруін сұрап отырмыз.

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
Жоқ

– Елбасы биылғы халыққа Жол­дауында ірі қара мал еті экспор­тын 2016 жылға дейін 60 мың тоннаға, ал 2020 жылға қарай 180 мың тон­наға арттыру туралы мақ­сат қойды. Яғни біз ет импорттаушы ел­ден сыртқы нарыққа оны жет­кізуші ірі мемлекетке айналуымыз керек. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін «ҚР ірі қара мал етінің экспорт­тық әле­уетін арттыру туралы» жоба әзір­ленді. Бұл жобаның бірінші кезеңінде етті бағыттағы асыл­тұ­қымды, жоғары өнімді табын кө­лемін көбейту қарастырылған. Қазір ірі қараның 82 пайызы жеке қосалқы шаруа­шылықтарда шо­ғыр­ландырылған. Бүгін солар нарықтың басты тасы­малдау­шы­сына айналып отыр.  
Бірақ жеке қосалқы шаруашылық өнді­рісіндегі өнімдер сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті бола бермейді.
Бұл жағдайды реттеп, етті мал шаруа­шылығын дамыту мәселесін шешу үшін от­андық малдарды асылтұқымды бұқалар­мен шағылыстыру жолында ірі қара басын көбейту көзделген. Сондай-ақ сырттан 70 мың етті бағыттағы асылтұқымды мал ал­ды­рылады. Бір сөзбен айтқанда, мем­ле­ке­тіміз мамандандырылған мал шаруа­шы­лық­тарын құруға бет алып отыр. Әрине, бұл – өте ауқымды іс. Сол себепті «Етті мал шаруа­шылығын дамыту» бағдарламасы аясында бөлінетін субсидияға, ең бірінші болып ірі шаруашылықтар ілігіп отыр. Сондықтан оған айрықша көңіл бөлініп жатқанын дұрыс түсіну керек деп білемін. Дегенмен осындай ірі шаруашылықтарды құрып, олардың әлеуетті күшке айналуы үшін біршама уақыт керек. Демек, ішкі нарықты етпен қамтамасыз етушілер ұсақ және жеке қосалқы шаруашылықтар болып қала береді.
Жалпы, мен ұсақ шаруашылықтарды тұншықтыруға қарсымын. Оны да ірілермен қатар мал шаруашылығының дамуы жолында бірге алып жүру керек. Менің білуімде, субсидия талабы бойынша екі-үш ұсақ шаруа қожалығы бірігуі тиіс. Ал бұлайша күштеп біріктіру дұрыс емес. Ол ерікті түрде жүргізілуі қажет. Сондықтан субсидиялауға қатысты саясатты қайта қарастыру керек деп санаймын. Алайда, меніңше, әлемдік қаржылық дағдарыстың тағы бір тықыры таянып келе жатқанда, әзірге, субсидиялау саясатына өзгеріс енгізу мүмкін емес секілді.
Жалпылай алғанда, билік мал шаруа­шылығына тек соңғы кездері көңіл бөле бастады. Ұсақ мал шаруашылығында қор­да­ланып қалған мәселе легі көп. Соның ішіндегі бастысы – жемшөп, жайылымдар, малды асылдандыру процесі сынды проб­ле­маларды билік қандай да бір қиын-қыстау кезеңге қарамастан шешіп беруі ке­рек деп санаймын. Әсіресе, жергілікті шаруа­шылықтарды қаржыландыруды тоқ­тат­пау керек. Ең құрымағанда, арзан несие, лизинг бойынша.

БЕЙТАРАП ПІКІР
Мырзагелді КЕМЕЛ,
экономика ғылымының докторы, профессор:
– Бүгінгі күнгі субсидия талаптарын ұсақ шаруа қожалықтары орындауға қауқарсыз. Өйткені олардың оған барлық жағынан потенциалы жеткіліксіз. Сондықтан шамасы келмейтін дүниеге итермелеп, мал шаруашылығындағы шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудан айыру әділдікке жатпайды. Мұндай жағдай ауылды жұтата түседі. Осы жағынан алғанда, ірі және ұсақ деп бөлмей, еліміздің мал шаруашылығымен айналысушы барлық субъектіге теңдей жағдай жасау керек деп есептеймін. Әсіресе, қаржыландыру жағынан. Әрине, малдың тұқымын жақсарту, ет өнімі сапасын арттыру тұрғысындағы Үкіметпен қолға алынған шаралар жүзеге асырыла беруі керек. Бұл ретте ірі мал шаруашылығына қойылып отырған талаптар орынды. Бірақ солай екен деп, ұсақ және жеке шаруа қожалықтарын мемлекеттік қолдаудан ысырап тастауға болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста