Үй шаруасындағы әйелдердің бала туу мен оны бағып-қағу қызметін еңбек өтіліне есептеу керек пе?

Елімізде соңғы кездері балалы болып үйде отырған аналарға төленетін жәрдемақы көлемін өсіріп, декреттік демалысын еңбек өтілі ретінде есептеу туралы мәселе айтыла бастады. Тіптен бұл мәселе еліміздің заң шығарушы органы – Парламент қабырғасында да бірнеше рет көтерілгені бар. Алайда ресми органдар бұл ұсынысты «тиімді, тиімсіз» деп бағалаған жоқ. Біз осы мәселені мамандардың таразысына тартқан едік.

Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Парламент Мәжілісінің депутаты:
Иә

– Бұл мені азамат ретінде көп­тен бері ойландырып жүрген мә­селе десем де болады. Біз бала тәр­биесімен үйде отырған ана­ларға онсыз да айына 14-15 мың болса да жәрдемақы беріп жатырмыз. Ме­нің ойымша, бұл жүйеге, яғни ба­ла бағып-қағуға сәл басқаша өң бе­ріп, олардың ардақты қызметін ең­бек өтіліне келтіруіміз керек. Ал бе­рілетін жәрдемақыны жалақы деп қарастыру керек. Осыдан соң ана­ларға зейнетақы қорына аздап ақ­ша аудару мүмкіндігі туады. Үйде отыр­ған аналарға ерте ме, кеш пе, әй­теуір, зейнетақы тағайында­лады.  
Уа­қытының көбі декретте өтуіне бай­ланысты әйелдердің зейнетақысы онша көп бола қоймайды. Тіптен жұмыс істемей­тін аналарымыз да бар емес пе? Жасы­ратыны жоқ, олардың барлығы дерлік ауыл­дық жерлерде тұрады.
Мұндай жүйеге көшсек, үйде отырған аналардың болашаққа деген сенімін де ұлғайта аламыз. Оның үстіне еліміздің демографиялық саясатына үлес қосып, өмірге адам әкеліп отырған аналарымыз «Үкімет бізге жәрдем беріп жатыр» деп қуанып қалар еді. Дамудың белесіне әлде­қашан жетіп алған батыс мемлекетте­рін­дегідей бала туған бетте оның депозитіне деп 10-20 доллар ақша сала алмасақ та, осы деңгейде неге көмек жасамасқа? Бұл мә­селеге менен гөрі жақындау ғой деп, Пар­ламент қа­бырғасындағы депутат ханым­дарға үнемі айтып жүрмін. Жан-жақ­ты қаралып, ақылға салынып жатыр. Бұл мәселе көтерілетін болса, депутаттар қос қолдап тұрып қолдайтын болар деген үмі­тім бар.
Аталмыш жүйе елдегі жұмыссыздар санын азайтатынын да ойлауымыз керек. Аналар үйде отырып-ақ бала тәрбиелегені үшін еңбекақы алып отырса, несі жаман? Бұдан мемлекетке айтарлықтай шығын келмейді деп ойлаймын.

Алмас ЖҰМАҒҰЛОВ, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің баспасөз хатшысы:
Жоқ

– Жұмыс істемейтін, үй шар­уасында жас баламен отырған әйелдердің қызметін еңбек өтілі ретінде есептеу мәселесін көтеріп жүрген азаматтардың ойын жақсы түсі­немін. Бұл – дұрыс ниеттен туын­дап отырған дүние. Алайда үй шар­уасындағы немесе бала тәр­бие­сімен үйде отырған әйел­дердің қызметін еңбек өтіліне ауыстыру тиімсіз. Заңдық тұрғыдан келгенде бұл дұрыс емес. Себебі үйде отырған аналардың жұмысы әр­түрлі. Бұл жерде кімнің қанша­лықты деңгейде жұмыс істегенін айқындай алмаймыз. Яғни ол жерде белгілі бір еңбек нормасы жоқ.
Екіншіден, олардың жеке бас құқығына қолсұғушылық болып есептеледі. Бұл жер­де әділетсіздік туындайды. Үшіншіден, мұндай жүйенің қалыптасуы ханымдардың жал­қаулығына әкеліп соқтырады. Үйде отырып, жұмыс істегісі келмейді. Үйде отырса да, жұмыс істесе де, сол өтіл болмақ.
Елімізде үй шаруасындағы әйелдерге жасалып отырған қамқорлықтар баршы­лық. «Қазақстан Республикасында зейнет­ақы­мен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусым­дағы Заңына сәйкес, азаматтардың бар­лы­ғына бірдей зейнетақы тағайындау тәртібі бел­гіленген. Зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және орташа айлық табысының мөлшеріне негізделіп тағайындалады. Жұ­мыс iстемейтiн ананың жас балаларды бағып-күткен, бiрақ әрбiр бала үш жасқа толғаннан аспайтын, жалпы жиынтығы 12 жыл шегiндегi уақыт зейнетақы тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде есепке алынады. Сонымен қатар заңда бес және одан да көп бала туып, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген аналарға 53 жасқа тол­ғанда жасына байланысты толық көлемде зейнетақы беру құқығы қарастырылған.
Ал үй шаруасындағы адам мүлдем жұмыс істемеген болса, онда жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткенде оған мемлекеттік бюджет қаржы­сы есебінен жасына байланысты жәрдем­ақы беріледі. Бұл жәрдемақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 пайызын құрайды. 2010 жылы бұл көр­сеткіш 7476 теңге болды, биылдан бастап 8000 теңге көлемінде болмақ. Енді бұл жәр­демақының белгілі бір бөлшегін зейнетақы қорына және табыс салығына деп ұстап қалсақ, ештеңенің маңызы қал­майды.

Түйін
Өздеріңіз байқағандай, бұл сауал төңірегіндегі мамандардың пікірі әркелкі болып отыр. Бұл аталмыш жүйені әлі де болса зерттеу керек дегенді білдірсе керек. Расында, елімізде әлеуметтік жағдай жылдан-жылға жақсарып келеді. Соған сәйкес, берілетін жалақы мен жәрдемақы көлемі де айтарлықтай молайды. Дегенмен бұлардың барлығы қоғамдағы қажеттілікті толық қанағаттандырып отыр деуге тағы келмейді.
Халықтың санын өсіріп, «өмірге ұрпақ әкел» деп талап қою оңай болғанымен, ал сол шиеттей баланы бағып, адам қатарына қосу оңай емес. Қаншама материалдық шығын мен шыдамдылықты қажет етеді. Күнделікті күйкі тірлік пен тоқсан сайын мың құбылатын қымбатшылық тағы бар. Заман талабына сай қандай жүйе болса да толықтыруды, одан әрі дамытуды қажет етеді. Үйде отырған аналардың еңбегін қызмет өтіліне ауыстыру туралы ой осындай жағдайларға байланысты туындап отырғаны сөзсіз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста