ҰБТ-ыда жоғары көрсеткіштердің көбейіп кетуі білім беру жүйесінің жетістігінен дей аламыз ба?

ҰБТ-ыда жоғары көрсеткіштердің көбейіп кетуі білім беру жүйесінің жетістігінен дей аламыз ба?

Алтын ұямен қоштасу кезеңінің абыр-сабыры басыла бере, Ұлттық бірыңғай тестілеу мерзімі басталып кетті. Түлектер де тас түйіндей бекіп, тек осы тестілеуден аман-есен өтуді ойлап жүрген шығар. Әйтеуір жылдар алға жылжыған сайын оқушылардың тесті тапсырудағы балл саны өсіп келе жатқанын айтып, жар салып келеміз. Алайда осы кейінгі жылдары ұпай санының көбейе түсуі кеңестік кезеңнің «100 саулықтан – 120 қозы» деген ұраны секілді, асыра сілтеушілікке ұқсап кеткендей ме?.. Мұндай күдікті ой көпшіліктің көкейінде туып отырғаны жасырын емес. Ендеше, осы ретте ҰБТ-ыда жоғары көрсеткіштердің көбейіп кетуін біздегі білім беру жүйесінің жетістігінен дей аламыз ба? Сауалды талқыға салып көрсек...

Нұрғали ӘЗІМБАЕВ, Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің бастығы
Иә

– Жыл санап балалардың ҰБТ-ыда жо­ға­ры көрсеткіш көрсетуі – балалардың шынында да, білімді болса, еңбектенсе, жақсы нә­ти­­же­ге жетуге болатынының дәлелі. Жыл са­йын біз аудан бойынша «Алтын белгіге» 50 бала ұсы­намыз. Соның 50-60 пайызы сонысын ақ­тай­ды. Ал өте алмағандардың өзі бі­лімі жет­пегендігінен емес, ол кейбір ло­ги­калық сұ­рақ­тарға терең ойлана алмай қал­ған­ды­ғы­нан. Мысалы, небәрі бір-екі ғана балл жет­пей қалады. Соған байланысты Бі­лім министр­лігі биылғы жылдан бастап осын­дай бір-екі балы жетпей қалғандарға қызыл аттес­тат беру туралы шешім қабыл­да­ды. Бүгінде бала­лардың өзі таза еңбектенсе, тестіден өтіп, жоғары оқу орнына түсетініне көзі жет­ті. Сол себепті тестіге дайындықты да күшейтуге көштік.
Бұрын дайындық соңғы 11-інші жыл­да бас­талатын болса, қазір бала 9-сынып­тан бастап дайындала бастайды. Кей­біреу­лер тіпті 5-сыныптан бас­тайды. Себе­бі ҰБТ сұ­рақ­­тары сол 5-сыныптың бағ­дар­ламасы­нан бас­тала­ды ғой. Бүгінде ата-аналар да да­йын­дыққа кірісті. ҰБТ кезінде тәртіпті қа­таң қа­да­ғалау да жылдан-жылға күшей­тіліп келеді.
Жалпы, тест – бүгінгі заман сұра­ны­сын дөп басатын әдіс. Бұрын, мәсе­лен, осы тестілеу шыққанға дейін жан-­жақ­тылық талапкердің білімі мен күшін, уақы­тын алатын. Содан келіп өзі таңда­ған мамандығына қатысы жоқ пән­дерден де емтихан тапсыруға мәжбүр бола­тын. Ал осы ҰБТ оқушыны нақты бір бағытта ізденуге үйретті. Біз уақытты ұтымды пайдалану дегенді меңгердік. Шетелдіктер бізден тіпті озып кеткен, олар әлдеқашан-ақ тестілеу жүйесін таңдап, баланы сонау мектеп жасынан бастап нақты бір салаға бейімдейді. Соған сай оларда өз саласының мықты мамандары шығады. Себебі жалпылай оқытуда бала әр нәрсенің басын бір шалып, не ана пәнді, не мына пәнді толық меңгермей, дағдарып, өзінің бола­шақта кім болатынын білмеген күйі мектеп бітіреді. Әрбірден келгенде, қазіргі кезде жоғары оқу орындарын бітіргенімен, көп түлектердің жұмысқа орналаса алмай жүргендігі осы себептен дер едім. Олар таза өз мамандығын меңгеріп алып кете алмағандығын көрсетіп отыр. Сондықтан ҰБТ-ының өте тиімді екенін сезініп, біз қайта оның кемшін тұстары болса, жетілдіре түсуіміз керек. Мәселен, оңай, жеңіл сұрақтар немесе логикаға салатын емес, нақты жауабы бар сұрақтар енгізіп дегендей. Сонда балаларымыздың білімі де, білім көрсеткіші де көтеріле береді.

Гүлсара АХМЕТОВА, мектеп мұғалімі
Жоқ

– Меніңше, жалпы тестілеу жүйесі еш­­қа­шан нағыз білімнің көрсеткіші бола ал­­­­май­ды. Осы тест шыққалы бері оқу­шы­ла­ры­мыз тіпті еркін сөйлеуден қалды. Егер ем­тихандық жүйе болса, оқушы өз ойын ашық айтып жеткізер алар еді. Қазір ше, ешкімге ештеңе айтпайды, тым-тырыс мо­ни­торға қарайды да, жаттап алған нәр­селерін белгілеп шы­ға­ды. Жаттау еш­қашан білім болмайтыны айдан анық. Оқу­шы да тек кешенді тестілеу кезінде жат­тап алғанын белгілеп шыққанға дейінгі ара­лықты ойлайды, одан кейінгі білім өзіне өмір­лік азық болатынын, білім алу жағын ойламай­ды. Міне, қазір қоғам балаларды қан­дай қауіпке алып ба­ра жатыр? Сондықтан да көптеген мұ­ға­лім­дер де, ата-ана­лар да тестілеуге қарсы.
Әйтеуір, жоғары жақтан келген бұйрық болған соң, амалсыз бағынамыз, ал ішкі дүниеміз, ойымыз оған наразы. Емтихан жүйесін қайта қолға алу керек пе деймін. Себебі оқушылардың ойлау жүйесі толық дамымай, тіл байлығы жұтаңданып бара жатқанын көріп отырмыз. Мысалы, қазақ тілінен тест тапсырады, бірақ ол балл болып өздеріне қосылмайды. Өзінің жоғары оқу орнына түсуіне көмегі тимеген соң, қазақ тілін кім оқығысы келеді? Немқұрайды қарайды. Тіпті орыс мектебіндегі балалар «зачем учиться, все равно это же не считается за балл» деп, бетімізге айтады. Біз осылайша өз тіліміздің қадірін кетіріп отырған жоқпыз ба? Білім жоқ, тек қана автоматты түрде жаттау ғана бар. Осыдан кейін қалай жыл санап өсіп келе жатқан көрсеткіштерді білім жүйесінің жетістігі дей аламыз? 120 балды толық алған баланың өзін өз басым нағыз білімді деп айта алмас едім. Өзіміз 11 жыл оқытқан баланың білім деңгейін білеміз ғой, шын мәнінде, осы 11 жыл бойы жақсы оқыған балаларымыз тестілеуден 65-70 балдан артық жинай алмай жүр. Олар алдын ала сынақ ретінде де тест тапсырып көреді. Сондағы байқағанымыз – осы. ЖОО-ға түсуге тапсырған кезде таңғаласың, ойламаған балалар 100-ден аса балл жинап шыға келеді. Балалардың ішінде де наразылар бар, тапсырудан бас тартып жатқандары бар. Ал көбі, шыны керек, тек сол бір күнде бес пәннің сұрағына жауап беріп өтіп кететінін ғана ойлап, содан құтылғанды ғана ойлайды. Нағыз білім алғысы келетіндер, қосымша курстарға баратындар да бар, бірақ олар өте аз. Ең бір жанға бататыны — тестіге мықты дайын, кез келген сұраққа қиналмай жауап беретін озат баланың грамматикасы нөл болса, таңғалмаңыз. Себебі оған қазіргі білім беру жүйесі кінәлі. Өйткені жазбаша жұмыс, ауызша емтихан деген мүлдем қалыс қалып жатыр ғой.

Бейтарап пікір
Серғазы Қалиұлы,
педагогика ғылымының докторы, профессор:
– Егер балаларымыз шын мәнінде тестілеуден өз білімімен жоғары көрсеткіш көрсетіп жатса, оған қуануымыз керек. Демек, ол — осы жүйенің белгілі бір деңгейде өз нәтижесін беріп жатқандығы. Бастапқы кездегідей емес, оқушылар ҰБТ дегеннің не екенін меңгеріп, оған дайындықты үдетті деген сөз. Алайда мен тәжірибелі ұстаз ретінде гуманитарлық сала маманы болғысы келетін балалардан қосымша емтихан алу керектігін айтар едім. Педагог, адвокат, заңгер, дәрігер болсын, ол тек екі жердегі екіні біліп қана қоятын мамандар емес, адам тағдырын шешетін тұлғалар ғой. Оларға сөз керек. Ойлау жүйесі биік, жаны терең болуы үшін осы жағын қолға алмасақ болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста