Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қыруар қаржы бөлгенше, оны мемлекет қарауына берген дұрыс емес пе?

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қыруар қаржы бөлгенше, оны мемлекет қарауына берген дұрыс емес пе?

Еліміздегі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) саласында соңғы реформаның жүргізілгеніне он жылдан асып кетіпті. Жаппай жекешелендіру кезінде тұрғын үй қорының 90 пайызы жекеменшікке айналған еді. Қайта құру барысында 800-ден астам пәтер иелерінің меншігі (КСК) құрылып, барлық жауапкершілік соларға жүктелді. Алайда әу баста бұл шаруашылықтың пайда келтіретін жағы ғана ескерілген сияқты. ҚР Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы агенттігінің мәліметінше, қазір коммуналдық саладағы нысандардың 70 пайызының тозығы жеткен. Олардың ішінде ең құрып тұрғаны – тазалау құрылғылары (74 пайыз) мен жылу жүйелері (73 пайыз). Соның кесірінен жылу қуатының 35 пайызы, ауызсудың 32 пайызы «далаға» кетіп жатыр. Кез келген уақытта шүмектен су ақпай қалатын «дәстүрдің» тұрғындарды әбігерге түсіретіні өз алдына.  Жуырда осы саладағы түйткілдер Үкімет отырысында талқыланып, елдегі тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарын жаңалауға 300 млрд теңге бөлінетіні айтылды. Жыл сайын 60 миллиардтан бөлінетін қаржының 40 млрд теңгесі – республикалық бюджеттен, ал 20 млрд теңгесі жергілікті бюжеттен бөлінеді. Осы орайда күрмеуі көп коммуналдық салаға қыруар қаржы бөлгенше, мемлекет оны өз қарауына алғаны дұрыс па деген сауал көлденеңдейді.

Серікболсын Әбділдин, экономика ғылымының докторы:

Иә
– Кезінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылығына қатысты қайта құру жұмыстары жүргізіле бастағанда, осы саланы мемлекет тарапынан бақылау туралы мәселе ұмыт қалды. Айта кету керек, бұл шаруашылық жекеменшікке өткен кезде осындай шешімнің бұрыстығына біз де өз қарсылығымызды білдірген едік. Сондықтан көтеріліп отырған мәселе дұрыс. Бұл шаруашылықты мемлекет өз қарамағына алуы тиіс.
Елімізде Астанадан басқа 84 қала бар. Күн сайын бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланып жатқан хабарларға назар аударсақ, солардың бәрінде дерлік коммуналдық шаруашылықтың жағдайы мәз емес.
 Қазір тек Алматының өзінде тұрғын үйлердің 80 пайызы күйреп тұр деген мәлімет бар. Қысты күндері ана қалада, мына қалада біресе суық судың, біресе ыстық судың құбыры жарылып жатады. Тіпті жылу құбыры жарылып, қыстың қақ ортасында тұрғындардың дірдек қағуы үйреншікті әдетке айналған. Бұл кеңес дәуірінен қалған коммуналдық шаруашылықтың әбден тозғанын көрсетеді. Құлағалы тұрған үйлер де көп. Инженерлік жүйелер, су құбырлары жиі-жиі жөндеуді қажет ететіні белгілі. Тек пайда табуды көздейтін жекеменшік ондай шаруаларға қайдан көңіл бөлсін. Құбырларды ауыстыруға қаржы жоқ дейді, ал есесіне коммуналдық төлемдер, жарық, жылу, су, газ – бәрі жыл сайын қымбаттаған үстіне қымбаттай түсуде.
Рас, тұрғын үйлердің басым бөлігі жекешелендірілген. Бірақ өзінің әлеуметтік жағдайын жақсартып алуға бәрінің бірдей мүмкіндігі жете бермейді. Меніңше, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы – мемлекет жәрдемінсіз күн көре алмайтын сала.
Мұндағы жиналып қалған қиыншылықтарды шешетін уақыт баяғыда жеткен. Осы орайда мемлекет тарапынан қаржының бөлінгені де дұрыс. Алайда ол қаржының қалай жұмсалғанын мемлекеттің атқарушы органдары бақылаудан шығармағаны жөн.

Светлана Жалмағамбетова, сенатор:

Жоқ
– Өткен жылы «Жол картасы» аясында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы нысандарын жаңалау мен жөндеуден өткізу үшін бюджеттен 61 млрд теңге бөлінген болатын. Соның арқасында жылу, электр жүйелерін, газ және су құбырларын жөндеуге мүмкіндік болды. Статистикаға жүгінсек, қазіргі тұрғын үй қорының ахуалы төмендегідей: жекеменшік пәтер – 97,6 пайыз (261,4 млн шаршы метр); мемлекеттік тұрғын үй – 2,4 пайыз (6,4 млн шаршы метр). Көп пәтерлі үйлердің техникалық ахуалы жағынан 66 пайызы – (103,3 млн шаршы метр) қалыпты жағдайда, 32 пайызы күрделі жөндеуді қажет етеді. Құлатылуы тиіс үйлер – 2 пайыз (3,8 млн шаршы метр).

Міне, осы құлайын деп тұрған үйлер Үкімет қарауына берілуі керек. Орайы келгенде айта кетейін, құрылысқа қатысты заңды қабылдайтын кезде «Тозығы жеткен үйлерді Үкімет бағдарламасына енгізу керек» деп заңға өзгеріс енгізуді ұсынған едім. Қазір көпшілік дауыспен қабылданған осы ұсынысымның орындалғанына қуаныштымын.
Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қолтығынан демеу үшін қаржының бөлінгені дұрыс. Себебі Үкімет коммуналдық жүйеге қарыздар: жекешелендіру кезінде тұрғындарға жаңасымен қоса, тозығы жеткен үйлерді де берді емес пе?
Дегенмен тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласының мемлекет қарамағына өткені дұрыс емес деп санаймын. Себебі қазір нарық заманы. Үйлерін күрделі жөндеуден өткізуге адамдардың өзі қатысуы қажет. Ал тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсетіп, олардың шығынын Үкімет өз мойнына алуы керек. Біз нарықтық экономикада өмір сүріп отырмыз. Адамдардың көбі үйлерін жекешелендіріп алды. Олардың арасында бай да, кедей де бар. Неге біз бай-бағландар үшін төлеуіміз керек? Сондықтан мен осы шаруашылықты мемлекеттің қарауына алуына қарсымын. Бюджеттен бөлінген қаржыны жылу, су құбырларын, үйаралық жолдарды жөндеуге жұмсау керек.

Түйін
Тарихқа үңілсек, 1931 жылы Халық комиссарлар кеңесі Коммуналдық шаруашылық академиясын құрған болатын. Ал тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы НКВД құрылымында жұмыс істеді. Тек Ұлы Отан соғысы қарсаңында осы бөлім НКВД құрамынан шығарылды. Әйтсе де бұл большевиктердің ойлап тапқан жаңалығы емес. Германия мен Нидерландыда тұрғын-коммуналдық шаруашылығы Ішкі істер министрлігіне қарайды. Өйткені осы шаруашылық мәселелері елдің ішкі ісіндегі ең маңыздысы ретінде қарастырылады. Мәселен, Нидерландыда муниципалитет мэріне үміткердің қандай да бір қылмысқа қатысы бар-жоқтығы Ішкі істер министрлігінде егжей-тегжейлі тексеріледі. Сайлаудан кейін осы орынға тағайындау туралы құжатқа королеваның өзі қол қояды. Бұл шаруаға неліктен осыншама мән берілетінін тәптіштеудің қажеті бола қоймас.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста