Туған баласынан ресми түрде бас тартқандарға қатаң жаза қолдану керек пе?

Туған баласынан ресми түрде бас тартқандарға қатаң жаза қолдану керек пе?

«Тастанды балалар саны көбейіп барады». Осылай деп дабыл қағып жүрген сарапшы-мамандар қоғамға «жағдайды қайтсек түзейміз» деп те сауал тастап жүр. Осы орайда өз ойларымен бөлісіп жүргендер аз емес. Солардың бірі «көкек аналарды» жазалау керек» деген ұсыныс жасайды. Ескерте кетейік, біздің елдің заңдарында егер әйел баласын тиісті орындарға өз қолымен табыстап, бас тартатындығын қолхат арқылы жазып берсе, онда ол әйелге ешқандай да шара қолданбайды. Ал осы дұрыс па, жоқ па, шынымен де, ойланатын нәрсе екен.

Айгүл Шөпшекбаева, Алматы қалалық ІІД-нің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары:
Иә

– Егер баланың өміріне ешқандай қауіп төнбесе, біздің елдің Қылмыстық кодексінде «кө­кек аналарды» жауапқа тарту көз­дел­меген. Бұл жағы кімге болса да бел­гілі. Ал менің бұған айтар қарсы уәжім бар. Әрине, заң бәрімізге ортақ. Оны орындауға тиіспіз. Алайда заң шы­ғаратындар адамдардың өздері. Олай болса, о баста «көкек аналарды» жауаптан босатып қойғанымыз қалай болды екен? Анасының баладан бас тартқаны  ешқандай ақылға сыймайды. Біз, әсіресе, баласы дегенде өзегін үзіп беруге бар атаның ұрпағы екенімізді ұмытпайық.
Тарихты қозғайтын болсақ, бізде жетім атымен болмаған. Жалғыз қалған баланы туған-туысы бауырына басып, ауыл болып қамқорына алған. Қазір ше, ағайын тұрмақ, баласынан әке-ше­ше­ле­рі­нің өздері безіп кетіп жатыр.
Заңға сәйкес, егер ата-ана баласын қарау­сыз қалдырып, оның өміріне қауіп төн­дірсе, заң алдында жауапты. «Көкек ана­лар да» бір оймен айтсақ, өзегін жарып шық­қан сәбиін тастап кету арқылы оны ба­ғып-қағудан, тәрбиелеуден бас тартып, ауырт­палықтан қашып тұрған жоқ па? Он­дай болса, тасбауыр әйелдің қылығы қыл­мыс емей немене?
Бауыр еті баласын жәудіретіп, жат қол­ға бере салу – опасыздық десем қатты айт­қан­дық емес. Адамгершіліктен, аналық мей­ірім­нен жұрдай безбүйрек әйелден бәрін күтуге болады деп ойлаймын. Ертеңгі күні ондай әйелдердің басқа балаларына жақ­сы ана болатындарына күмәнім бар. Іші­нен шыққан баласын керексіз еткен адам менің ұғымымша – қатыгез адам.
Безбүйрек әйелдердің мұндай қылығы­на «түсіністікпен» қарайтындарға таңым бар. «Ертеңін ойлап, арланады» дейді. Мұн­­­дай жалған намысты алға тартудың өзі ар­тық.
Өкінішке қарай, «көкек аналар» аз емес. Егер оларды осылай тізгінсіз жібере бер­сек, тастанды бала саны қазіргіден де кө­бейіп кетпесіне кім кепіл? Сондықтан да, шара қолдану арқылы безбүйрек әйел­дер­ге сес көрсетуіміз керек. Сонда олар­дың заң алдында жауапкершілігі арта түс­кен болар еді. Егер жазадан қорқып, ба­ласын өзімен алып қалса, кейін ана мен бала арасындағы махаббат оянуы ғажап емес. Тасжүрек жандарды осылай да жібі­туге болар еді деп ойлаймын.
Ата-ананың тәрбиесін, мейірімін көр­мей өскен баладан ертеңгі күні қандай адам шығатыны айтпаса да белгілі. Қаты­гез баладан қоғамға зиян тимесе, еш пай­да жоқ. Ал сол адамның тағдырының бұ­зы­луына кінәлі кім? Кезінде тастап кеткен әке-шешесі емес пе? Бір айта кетерлігі, қыл­мыскер жасөспірімдердің арасында ба­лалар үйінің тәрбиеленушілері өте көп. Он­дай жарымжан ұрпақтың болашағы да бұ­лыңғыр. Осы жағын ойлап көрейікші.
Өз басым, қылмыстық жауапкер­шілік болмаса да, әкімшілік жазаға кесуді ұсын­ған болар едім: баласынан бас тарт­қан әйелге бала кәмелеттік жасқа тол­ған­ша алимент төлету керек. Ал қалғанын ша­ра­насы шырылдап жатса да, кері бұ­рыл­­маған безбүйрек әйелдердің ар-ұяты білсін.

Марат Сәрсенбаев, заң ғылымының докторы, профессор:
Жоқ

– Ең бастысы, баланың аман-сау қал­ғандығын ойлағанымыз абзал. Ба­ланың өмірі мен денсаулығына еш­қан­дай қауіп төнбеген жағдайда, «кө­кек аналарды» қорғайтын заң нор­маларын өз басым қолдаймын. Қателік жіберіп алды екен, шалыс бас­қан қыздарымызды табалап, болма­са, жауапкершілікке тартқанымыз артық­тау.
Әрбір адамның құқы заңмен белгі­лен­ген. Сол сияқты егер баласынан рес­ми түрде бас тартса, оған қандай да бір талап қойғанымыз заңға қайшы. Кім қа­телеспейді? Мүмкін, баласынан бас тартуға итермелеген нақты себептер болған шығар? Мәселен, баланы бағып-қағуға денсаулығы мүмкіндік бермейді делік, болмаса, тұрмыстық жағдайы тым төмен. Ертеңгі күні қарабет боларын ойлап, тығырыққа тірелген қыздың мораль­дық жағдайын да ескерген жөн.
Қайта, түрлі себептер ескеріліп, жауап­кер­шіліктен босатуға негізделген заңымыз өзгермесін деп тілейік. Одан да баласынан бас тартпақ әйелге сәбиін далаға тастап кетпей, балалар үйіне әкеп табыстауына мүмкіндік жасауды ойластырайық. Сон­да баласын өлтіріп немесе күресінге тас­тап кету сияқты ауыр қылмыстар саны төмен­дей түскен болар еді.
Мына бір жайды ескере кетейік, егер әйел нәрестесін балалар үйіне ресми түр­де өткізсе, ондай әйелдің ерте ме, кеш пе, баласына қайтып оралуы мүмкін. «Кө­кек аналарды» жазалау арқылы түк ұтпай­мыз.
«Көкек аналардың» барлығы дерлік – жас қыздар. Олар баласын тастап кеткені үшін жауапқа тартыла ма, жоқ па, ол жа­ғы­­нан мүлде бейхабар. Алдында не күтіп тұр­­ға­нын білмегендіктен, баланы кез-кел­ген жерге тастап, қашады. Баланы емес, өз өмірін ойлайды. Менің айтайын де­ге­нім, қайта БАҚ арқылы түсіндіру жұ­мыс­тарын жүргізіп, егер баланы өз қо­лы­мен әкеп берген жағдайда жауапқа тар­тыл­майтындығын жеткізу керек. Осының өзі­ жас қыздарымыздың қылмысқа бар­мау­ларына ықпал етері сөзсіз. Тіпті менің мынандай ұсынысым бар: әрбір ба­ла­лар үйіне болмаса ауруханалардың кіре беріс жерлеріне шағын бөлме ашып, оны бала жататындай етіп жабдықтап қою керек. Бұдан хабардар әйелдер балаларын осындай арнайы қабылдау орындарына әкеп тастаған болар еді.
Бұрындары тергеуші болып жұмыс істеп жүргенімде талай шарананың мәйі­тін тапқан кездеріміз болған. Осының бар­лы­ғы сын сәтте абдырап, адасып, адам өлі­міне себеп болған жас қыздардың қыл­мыс­тары. Мен «көкек аналарды» ақтау­дан аулақпын. Тек айтпағым мынау: егер біз қыздардың ешқандай жауапқа тар­тыл­майтындығын ескертіп отырсақ, ба­ла­сы­нан бас тартқандығын ешбір жанға көр­сет­­кісі келмегендер үшін жоғарыда сөз бол­ған­дай қабылдау орындарын ашып қой­сақ, талай өмірді құтқарып қалған бо­лар едік. Жазалау арқылы ешбір әйелді тәр­бие­лей алмаймыз. Керісінше, өз ба­ла­сын өзі өлтірген аналарды көбейтіп алма­сақ. Себебі «көкек аналар» қашаннан бар, бо­ла да бермек.

Түйін
Өз басын ғана ойлап, не істеп, не қойғандығына байыппен қарап жатпайтын безбүйрек әйелдерге қоғам қырын қарайды. Өйткені «көкек анадан» келер қайғы-қасіреттің зардабы ауыр. «Бір қолымен бесік тербесе, бір қолымен әлемді тербейді» деген әйелдеріміздің баласынан жеруін кешіре алмайтын шығар, сірә ешкім. Өйткені бұл дүниеде ананың ақ сүті мен аялы алақаны тең келер ешбір құдірет жоқ. Ана махаббаты күн нұрымен бірдей. Олай болса, баласын осындай шуақтан мәңгіге айырған әйелге, шынымен де, бір шара қолдану керек шығар? Сіздер не дейсіздер, құрметті оқырман!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста