Теміржол бағасының 10 пайызға қымбаттауы қызмет көрсету сапасын жақсарта ма?

Теміржол бағасының 10 пайызға қымбаттауы қызмет көрсету сапасын жақсарта ма?

Сәуір айы келе салысымен теміржол билеттерінің құны 10 пайызға қымбаттамақ (!) Бұқараға мұндай жаңалықты кеше «Жолаушылар тасымалы» АҚ экономика және қаржы вице-министрі Александр Кирович жеткізді. Жалпы, Александр мырзаның айтуынша, теміржол билеттерінің құнын өсірудің өзіндік бірнеше себебі бар. Басты себептердің бірі – бүгінде теміржол саласындағы вагондардың тозуы, салаға қатысты отынның қымбаттауы. Бұған қоса аталмыш акционерлік қоғамның вице-министрі «Қазірде еліміздегі орташа табыс табатындардың жалақысы едәуір өсті. Сондықтан көпшілік қауым 10 пайыздық қымбаттауға анағұрлым сарыуайымға салынбас», – дегенді де қосып қойды.
Сөйтіп, теміржол билетінің бағасы қымбаттайтын болды. Сала мамандары «бұл қымбаттау сапаға өзіндік көрік береді» деп сендіруде. Бұған мысал: 2011 жылы еліміз бойынша жолаушылар тасымалдауда 34 жаңа вагон қолданысқа енсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш 142-ге дейін өсім бермек. Сондай-ақ халықаралық талапқа сай «Тұлпар-Тальго» вагондарының санын өсіру де биылғы жылдың еншісінде болмақ. Ал енді мұны қуаттауға бола ма? Теміржол билеті бағасын 10 пайызға қымбаттату сапаға серпін бере ме?!


Мейрам ҚАБДРАХМАНҰЛЫ, экономист-сарапшы:
иә
– Иә, кешелі бері Қазақстан те­мір­жолына қарасты «Жолаушылар тасымалы» АҚ сәуірден бастап по­йыз­дың жолақысы да 10 пайызға қым­баттайтынын мәлім етті. Бұл – бір жағынан, ақылға қонымды іс. М­ұ­ны қолдау керек деп есептеймін. Се­бебі жолаушылар тасымалында то­зы­ғы жеткен вагон паркін жаңа­лау, вагондарды күрделі жөндеуден өт­кізу, техникалық ақауларды ре­т­теу, рельстердегі қар тазалағыш техникаларды жаңарту мәселелері – қазірде уақыт күттірмейтін жағ­дай. Сондықтан осындай түсіністік­пен қарайтын себептерді алға тарта отырып, бұл жаңалыққа оң көзбен қа­раған жөн.
Өз басым «бұл үрдіс теміржолдағы қызмет сапасын арттырады деп сенемін. Қайткенмен де, салаға осы арқылы белгілі бір қаржылық түсім түседі. Сондықтан ұлттық акционерлік компания мұны тәжірибеге енгізу арқылы қызметтерінің сапасын жетілдірмек. Егер эксплуатациялық шығындарды осы арқылы көтеруді дұрыс жолға қоя алсақ, мәселе сәл де болса жеңілдер еді. Жалпы, есебіне жүгінсек, бір вагонды күрделі жөндеуден өткізуге шамамен 35 млн теңге кетеді екен. Ал аталмыш тасымалдаушы мекеме өткен жылы – 34 вагон, ал биыл 182 жаңа вагон сатып алыпты. Жаңа вагондар күн жылына салысымен қолданысқа жіберіледі деп отыр. Мойындау керек, осыдан үш-төрт жыл бұрынғыдай емес, теміржол қызметінің сапасы жақсарып келеді. Вагондардың күрделі жөндеуден өткенін, тазалықтың жолға қойыла бастағанын қазірде біз байқап жүрміз. Әрине, болашақта қызмет түрлерінің сапасын өсіру қажет. Стандартқа сай ету үшін әлі де сапа мәселесінде ізденістер керек. Техникалық реттеу жұмыстарына мән берілгені жөн. Осының барлығы қара­жатты қажет ететіндіктен, жолаушылар билетін 10 пайызға көтеру – сәл де болса көмек. Мұндай әдіс-тәсілдерді көптеген өркениетті ел қолданысқа енгіз­ген. Көршілес елдер де тиісінше бұл тәсілге жүгініп отыр. Негізінде тарифті аталмыш компания өзінен-өзі түс көрген­дей тосын шешім қабылдап барып көтер­мейді. Мұның барлығы тиісті органдар­­дың талқысынан өтеді. Монополияны реттеу агенттіктері зерттеулер жүргізеді. Бұдан соң барып сол органдар тарифті көтеру немесе көтермеу керектігі жөнінде қаулы шығарады. Сондықтан бұл жерде мәселе әбден зерттеліп, талқыланып, сүзгіден өтіп барып жүзеге асырылмақ деп ойлаймын. Демек, ешқандай дүрлігудің қажеті жоқ. Осының барлығы тұтыну­шылардың игілігі үшін, қызмет сапасын арттыру мақсатында жасалуда деп ұғынған абзал...


Аспан ҚАЖЫҒҰЛОВ, техника ғылымының докторы, құрметті теміржолшы:
жоқ
– Жоқ, мен мұнымен келіспей­мін. Билеттің құнын өсіру мен қыз­мет көрсету сапасын көтеру екеуі – екі бөлек нәрсе. Екеуінің арасын тіптен байланыстыруға да, салыс­ты­руға да келмейді. Өзіңіз білесіз, те­мір­жол билетінің құны бұған дейін де бірнеше мәрте өсім берді. Бірақ саладағы қызмет көрсету са­па­сына жолаушылардың көңілі бір сәт те толған емес. Бір ғана қарапа­йым мысал: жолсерік пен жолаушы арасындағы мәдениеттілік, қызмет көрсету этикасы осы уақытқа дейін жетілген жоқ. Мейлі, теміржол билетінің құны 10 теңге бола ма, 10 пайызға көтеріле ме, жолау­шы­ларға сапалы, мәдениетті қызмет көрсетілуі тиіс.
Әттеген-айы, бізде жыл сайын билет­тің құны өсім бергенімен, сапаның құны жоғары көрсеткіш бермей тұр. Салада білікті маман тапшылығы, техноло­гиялық даму үрдісі жетілмей отыр. Мен өзімнің бір сөзімде: теміржол саласын теміржолшы басқаруы керек деген едім. Осы сөзімді нық­тай түсетін болсам, бүгінде бізде осы саладағы бөлім басшылары бол­сын немесе басқа да маман­дарды мысал етсек, осылардың дені теміржол саласынан мүл­де хабарсыз, сала маман­дығын меңгермеген. Сон­дық­тан егер салада қызмет сапасы, қозғалыс қауіпсіз­дігі мәселелері өз шешімін тапсын десек, алдымен маман біліктілігін арттырған абзал. Теміржол саласына қатыс­ты дамыған елдердің технологиялық жетістіктерін, өндіріс жұмысын тиімді ұйымдастыру тәжірибелері мен ғылыми-техникалық жетістіктерін қабылдау, үйрену, өзімізде қолдану – уақыт талабы. Өйткені әлемді шарпыған жаһанданудан біз тыс­қары қала алмаймыз. Өркениетті ел болу­дың басты талабы, сол елді құрып отырған ұлттың негізімен және сол ұлттың білім деңгейі, қабілеттілігі және интеллектілік қорымен тығыз байланысты. Мұндай деңгейге рухани жұтаңдықпен, қарабайыр біліммен жете алмаймыз. Жанымызға бататыны сол, бүгінгі қоғамымызда (темір­жолымызда да) терең білімді, интеллектісі жоғары, ұлтжанды мамандар тасада қалып (мәж­бүр болып), олардың тапшылығы ай­қын көрініс беруде. Кадр тәрбиелеудегі қате­ліктер жастардың психологиясына кері әсерін тигізіп, өз дегеніне көндіріп жатыр. Елінің болашағына жаны ашитын, басы ауырып, балтыры сыздайтын маманды әлемдік тәлім-тәрбие берудің озық тәжіри­бе­лерін ұлттық тәрбие беруге сіңістіре отырып, толыққанды жүзеге асыруда әркімнің өз орнын, міндетін нақтылайтын кез келді. Соны бүгін бастамасақ, өкініштің орнын толтыру өте қиын. Сондықтан өз басым теміржол саласындағы қызмет түрін сапалы ету үшін алдымен маман біліктілігін жетілдіру қажет екенін бағамдаймын. Ал осы жайтқа мән бермей, «жыл сайын билеттің құнын арттырып, оған жаңа вагон­дар сатып аламыз немесе билеттің құнынан түскен түсімге вагондарды күрделі жөндеуден өткіземіз» деп алдаусыратудың еш қажеті жоқ. Отандық кәсіпорындар вагон жасау үрдісін тереңінен меңгерсе, бұл ретте жас мамандарымыздың білімі тереңдетіліп, олар өз ісін білетін шеберге айналса, бір сөзбен айтқанда салада маман кәсібилігі жетілсе, мәселе шешімін табар еді. Бұл салада біліктілік болса ғана біз сапа қызметінде бәсекеге сай қабілетті боламыз...

Бейтарап пікір
Болат Ибадуллаев,
«Локомотив» АҚ атқарушы директоры:
– Теміржол билетінің бағасы 10 пайызға қымбаттай ма, билеттің құны, керісінше, арзандай ма, біздің міндетіміз – теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бақылау, қадағалау. Бұған қатысты айтарым, бізге билет құнының бағасын сөз етуден бұрын теміржолдағы қозғалыс қауіпсіздігін бақылауды нығайту қажет. Жалпы, еліміз бойынша жолаушылар тасымалының 57 пайыздық көрсеткіші теміржол саласы арқылы жүзеге асады. Бұл республика халқының жартысынан астамы теміржол қызметіне жүгінетінін көрсетеді. Ал көрсеткіш осындай болғанда неліктен қозғалыс қауіпсіздігін, теміржол қызметінің сапасын тұтынушы талабына сай етіп көрсетпеске?! Сондықтан өз басым теміржол қозғалысындағы қызмет түрі билет құнына байланысты өрбімеуі тиіс деп ойлаймын.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста