Тәуелсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін факторлардан арылдық дей аламыз ба?

Тәуелсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін факторлардан арылдық дей аламыз ба?

Қазақ елінің ең басты құндылығы – Тәуелсіздік. Ол – егемендігімізді қасық қаны қалғанша қорғаған ата-бабалар аманаты, ұлт болашағы үшін жанпидаға барған Алаш қайраткерлерінің алдындағы борышымыз екені даусыз. Сондықтан қасиетті де қастерлі Тәуелсіздігімізді қорғау – әрбір азаматтың парызы. Дегенмен Тәуелсіздікке нұқсан келтіруі мүмкін факторлардан арылдық па? Бүгінгі пікірталасымыз осы төңіректе өрбімек.

Әбділдабек САЛЫҚБАЙ, жазушы, «Қазақ тарихы» журналының бас редакторы:
Иә

– Қасым хан кезінде 500 мың әскер шы­­ға­рыпты, егер шындаса, 1 мил­лион­ға дейін сарбаздар санын арттыра алады екен. Сөйткен Қасым хан туралы қазақтың тарихи жадында жөнді дерек сақталмапты. «Ашар­шы­лықта же­ген құйқаның дәмі ауыздан кетпейді» деген сөз бар. Айтқандай, Қазақ хан­ды­ғының ең құлдыраған кезіндегі Абылай хан жайлы та­рих жадында деректер мол ұшырасады. Ал Абылай хан­ның болса, 50 мың ғана әскер шы­ғаруға мүмкіндігі болыпты. Мемлекетке қауіп-қатер қашан да болып тұрады. Алайда бүгінгі таңдағы жетістіктерімізді – Тәуел­­сіз­ді­гіміздің баяндылығының көрсеткіші деп есептеймін. 
Жемқорлық, терроризм, жаһандану деген проблемалар әлемнің барлық елін қамтып отыр. Қазақстан да – сол әлемнің бір бөлшегі. Жемқорлық, терроризм әлемдік алпауыт елдердің өзінде орын алған. Мұны Тәуелсіздікке қауіп төндіретін фактор ретінде қарауға болмайды. Өз басым Қазақстанның баянды Тәуелсіздігіне қатты сенім артамын. Осы алғашқы 20 жылдықтың өзінде шекарамызды шегендедік. Экономикамыз да күннен-күнге көш түзеп келеді. Ақтауда компьютер құрастыру зауыты ашылды. Тікұшақ пен ұшақтар жасалып жатыр. Отандық жүрдек пойыздар іске қосылуда. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» деп аталатын ауқымды жоба жүзеге асуда. Жаһан алдында да Қазақстан өз беделін қалыптастырып үлгерді. Мысалы, көлікпен Қырғызстан мен Қазақстан аралығында жүріп өт­кенде еліміздегі жолдың қаншалық­ты сапалы екеніне көзім анық жетті. Бұл да экономикамыздың дұрысталғанының кө­рі­нісі емес пе? Ынтымақ-берекеміз артқан сайын Тәуелсіздігіміз де тұғырын бекіте түседі.

Расул ЖҰМАЛЫ, саясаттанушы:
Жоқ

– Тәуелсіздікке нұқсан келтіруі мүм­­кін факторлар әлі бар, мысалы, ең бірінші жем­қорлықты атар едім. Жем­қорлық – мемлекетті іштей құл­ды­ра­та­тын негізгі дерт. Араб елдеріндегі әртүрлі дүмпулер мен толқу­лар­дың себебі осы жем­қор­лыққа келіп тіреледі. Пара­қорлықтың кесірінен әлеу­меттік тең­сіз­діктер орын алды. Онда қоғамның бақы­лауы­нан тыс әлеу­меттік, эконо­ми­калық шешімдер қа­­былданды. Нәти­же­сін­де мұндай жағ­дай ондағы ел Тәуел­сіз­дігіне қатер төн­дірді. Бұл – ішкі фактор болса, сырт­қы фактор ретінде Қазақ­­станның геосаяси жағдайын айтуға бола­ды. Қа­лай бол­ғанда да біз – Ресей мен Қы­­тай тәріз­ді алып дер­жа­ва­лардың ортасында орна­лас­қан елміз.  
Кез келген мемлекет өзіне тиімді саясат ұстанады. Біздің шикізатымызды иемденіп, өз халқының бір бөлігін жерімізге қоныс­тандыру тағы басқа сол сияқты саяси-эко­номикалық шешімдерді Қытай мүд­десіне сай жүргізетіні бесенеден белгілі. НАТО-мен қырғиқабақ Ресей территориялық жақын елдердің басын біріктіріп, өз қа­рамағына шоғырландырып, әлеуетін кү­шейтуді көздейді. Тәуелсіздік деген тек қана Ту, Әнұран, Елтаңба сияқты рәміздер емес, бұл – өзіміздің ішкі құрылымымыз. Егер діни сепаратизм, жікшілдік, идео­ло­гиялық арандатушылық тәрізді мәсе­ле­лерге дер кезінде тосқауыл қойып отыр­сақ, терроризм де болмайды. Жастар таны­мында ұлттық құндылықтар жойылып, соның кесірінен кейбіреулері тіпті террористік топтардың жетегінде кетуде. Кез келген мәселенің салдарымен емес, себептерімен күресуіміз керек. Қазақстан бай мемлекет болса да, жемқорлық салдары басып кетіп жатады.

Бейтарап пікір
Ким СЕРІКБАЕВ,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, полковник, профессор:
– Адалдық, әділеттілік болмаса, Тәуелсіздікке залал тигізіп алуымыз мүмкін. Әрбір азамат қазіргі еліміздің жүргізіп отырған саясатын қорғап, қолдап отыруы керек. Біз тек әскермен ғана емес, экономика, руханият салаларын жетілдіру арқылы да халыққа қорған бола аламыз. Соңғы кездегі лаңкестік оқиғалар ел қауіпсіздігін нығайта түсу қажеттігін сездірді.
Данияр ЫСҚАҚОВ,
заң ғылымының кандидаты:
– Мемлекетіміздің сыртқы және ішкі функцияларын жүзеге асыратын органдар қызметі күшейтіле түсуі тиіс. Мысалы, шекара әскері мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бар болуының өзі ел тұтастығына қауіп төндіруші әртүрлі факторлардың алдын алады. Бүкіл жұртшылықты алаңдатып отырған проблеманың бірі – терроризм. Қазақстанның батыс өнірлерінен бастап, Тараз, Алматы қалаларында орын алуы үрей тудырады. Мұның бәрі ел ынтымағын ұйытып, береке-бірлікті арттыру жолында жұмысты күшейту қажеттігін көрсетеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста