Тәуелсіздік тарихына жеткілікті деңгейде баға берілді ме?

Тәуелсіздік тарихына жеткілікті деңгейде баға берілді ме?

Ғылым мен пәлсапаның зерттеу әдістері мен тәжірибесі белгілі бір тарихи құбылысқа қатысты қаншалықты әрқилы көзқарас қалыптасса, оны танып-білудің де соншалықты бір жүйеге түсетінін әлдеқашан дәлелдеп берген. Тарихтың қойнауына енген біздің Тәуелсіздігіміз де осындай таразыға түсуі тиіс. Кеңестік империя құрамынан азаттық алған 20 жыл ішінде бұған қатысты көзқарас та қалыптасты, баға да берілді. Бірақ бұл тарихты дұрыс әрі толық танып болдық па? Бүгінгі пікірлер таласы – осы сұрақ төңірегінде.

Бүркітбай Аяған, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымының докторы, профессор:
Иә

– Әрине, Тәуелсіздіктің тарихы әлі де болса зерттелуі керек. Бірақ «бұл тарихқа жеткілікті деңгейде баға берілген жоқ» деу – қате пікір. Егемендік жылдарындағы тарихи-саяси оқи­ғаларға, реформаларға әділ бағасы беріліп жатыр. Ол тіпті көзге көрініп тұр. Бұл жыл­дары халқымыздың жерінен айырылып қал­ған немесе басқа да келеңсіздіктерге ұшы­ра­ған кезі жоқ, ел реформалардың нәтижесін көріп отыр, шекарамызды дұрыстадық. Кеңес­тік жүйеден қалған экономикалық құрылым­дар­ды таратып, өз жүйемізді жасадық. Осы­ның өзі тарих емес пе?! Біріккен Ұлттар Ұйы­мына мүше болдық, Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ет­тік, яғни, шынымен де, көптеген жетістік бар. Ол айтылып та, бағаланып та жатыр.
Бірақ Тә­уел­сіздікке жеткізген оқиға­лар мен еге­мендік жылдарының өзі әлі де жан-жақты зерттеле түсуі тиіс. Бұл орайда бір нәрсені айтып кету керек, бізде бір қыр­сық көз­қа­рас­ты ұстанушылар бар. Олар­дың ай­туын­ша, Тәуелсіздікке қатысты шынайы тарихи баға кейін беріле жатады. Мен мұнымен ке­ліспеймін. Кешегі күні болған оқиға – бү­гін тарих. Тәуелсіздікке қатысты кереғар пікірлер айтқан адамдар­дың өзі неге сол та­рихты зерттеп, түсіндіріп бермеске?! Еге­мен­діктің тарихы әлі де зерттелетін болады. Біз қазір «Алтын Орда дә­уірін зерттеп бол­дық» дейміз. Бірақ оның өзін де те­реңдете зерттеп, тани бе­руге болады, оның хан­дары, экономикасы, бас­қасы туралы көп­те­ген еңбек шыға береді әлі. Ал біздің Тә­уел­сіздігімізге – бар болғаны 20-ақ жыл. Мем­лекет тарихы институты, басқа да зерт­теу институттары осы Тәуелсіздік та­ри­хын зерттеумен ай­налысып жатыр. Сон­дық­тан бәрі алда, де­ген­мен бұл тарих өзінің лайықты, әділ ба­ғасын алып отыр.

Алтай Тайжанов, философия ғылымының докторы, профессор:
Жоқ

– Біздің тарихымызда әлі ашылмаған көп­теген ақтаңдақ беттер бар. Халық оларды біле бермейді. Себебі өз тарихымызды әлі жүйелі өлшеп келе жатқан жоқпыз. Біз бұған кешенді көзқарас қалыптастыруымыз қажет. Тәуел­сіз­дік тарихына қатысты мамандардың ортақ ұста­нымы болуы тиіс. Ұлт тарихының ақтаңдақ тұс­тары анықталып, зерттеліп, мектеп оқулық­та­рына енгізілуі керек. Жас ұрпақ соны білгені жөн. Ал біздің оқулықтарымыз әлі де сол ескі­ше жүйемен келе жатыр. Көбіне былай жазы­ла­ды: елдің азаттығы үшін 250-300-дей со­ғыс болған, бабаларымыз шетінен батыр бол­ған деген сияқты. Тарих оқулықтарында біз әйте­уір, соғыса берген халықпыз. Ал «не үшін со­ғыс­тық», «қалай соғыстық» деген сұ­рақ­тардың жауабы әлі зерттеуді қажет етеді.
Кезінде Кеңес одағы ұстанған саясат бо­йынша Алаш қозғалысына, ашар­шы­лық­қа, 30-50 жылдардағы нәубетке қалай баға берілсе, бүгін де сол, сәл өзгергені болмаса, әлі тереңдей қойған жоқпыз. Оның үстіне биыл Желтоқсан оқиғасының 25 жылдығы болғалы жатыр. Бұл біз үшін үлкен мереке болуы тиіс. Бірақ бұл оқи­ға­ның да себеп-салдары ашылған жоқ. Тә­уелсіздік деген кезде біз ұлттың рухани бол­мысы, ұлттың санасы туралы айтуымыз қа­жет. Тарихи ұлттық санасы қалыптаспаған ха­лықтар өз тағдырына үстірт қарайды. Әли­хан Бөкейхановтың «Егер бір халық өз та­рихын білмесе, бір ел өз тарихын жо­ғалт­са, оның артынан өзі де жоғалуға бе­йім тұрады. Дүниеде өзге ұлттардың қа­та­рында қор болмай, тұқымы құрып қал­ма­сын деген халық өзінің шежіресін имани дә­режеде ұғып-білуі тиіс» деген сөзі бар. Міне, сондықтан тарихты танып-білуде шы­найылыққа ден қою керек. Әйтпесе, «анау айтты, мынау айтты» деген көзқарас­пен тарих жасалмайды. Біз содан аса ал­май жүрген сияқтымыз. Егемендік жыл­да­рының өзіне де қазір жалпы баға беріліп жүр. Тарихи сананың қалыптаспауы жас­тар­ды шатастырып, жалтақтыққа, кіріп­тарлыққа, жалпақше­шейлікке ұрындыруы мүмкін. Мұндай жайт біздің кеңестік тарих ғылымында болған. Бірақ алдағы кезеңде заман өзгерер, адам өзгерер, жастардың ұлттық санасы қалыптасар деген үміт бар.

Бейтарап пікір
Нұржамал Алдабек,
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің бірінші проректоры, тарих ғылымының докторы, профессор:
– Тәуелсіздікті бағалау үшін оның қантөгіспен келуі міндетті емес. Одан мұның бояуы да қоюланбайды. Тәуелсіздік тарихы, менің ойымша, жеткілікті деңгейде бағаланып жатыр. 20 жылдағы жетістіктеріміздің сол Тәуелсіздіктің арқасы екенін зиялы қауым ғана емес, ауылдағы қарапайым тұрғындар да біліп отыр. Әлемнің өзге елдері біздің қандай мемлекет екенімізді түсініп жатыр. Бұл тарихи оқиғаны бұдан артық шынайы бағалау мүмкін емес.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста