Тауарларды сертификаттау құқығын Сауда-өнеркәсіп палатасының құзырына берген дұрыс па?

Тауарларды сертификаттау құқығын Сауда-өнеркәсіп палатасының құзырына берген дұрыс па?

Парламент Мәжілісінде өткен кезекті жалпы отырыста депутаттар алдына «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда-өнеркәсіп палаталары қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы түсті. Заң жобасының негізгі мақсаты – тауардың шығарылуы туралы сертификатты беру функцияларын уәкілетті мемлекеттік органнан алып, Сауда-өнеркәсіп палатасына беру. Бірақ бұл бастама кейбір депутаттардың қарсылығына ұшырады. Көптеген депутаттар «жөн екен» деп, бас шұлғыды.

Зейнолла АЛШЫМБАЕВ, Мәжіліс депутаты:
Иә

— Біз Сауда-өнеркәсіп палатасына бай­ланысты заңды үшінші шақырылымда қабылдағанбыз. Ондағы мақсат – ше­тел­мен арадағы сауда-экономикалық байла­ныс­ты ны­ғайту. Ал қазіргі заң жобасына сай тауарларға сертификат беру құқығын Сау­да-өнеркәсіп па­латасына берілгелі отыр. Бұл дүниежү­зілік тәжірибеде де бар. Еуро­одақ пен Америкада Сауда-өнеркәсіп па­ла­тасы осы мә­се­­лені өз құзырына алған. Енді «мұның тиім­­ділігі неде?» деген сұрақ туады. Егер бұл қадам жүзеге асса, елі­міздегі тауар өнді­рісімен айналысып жат­қан кәсіп­орын­дардың жұмысы жеңіл­дей­ді. Оларға сер­ти­фикат беру кезіндегі әкім­­шілік ке­дергілер азая­ды. Мысалы, Аме­­рика Құрама Штат­тарында жақсы тәжі­ри­бе бар. Оларда сер­тификатты, тіпті тауар­­ды шетке жіберетін құ­рылымдардың өз­де­­рі-ақ бере алады.
Себебі олардың Сауда-өнеркәсіп немесе Сауда палатасымен арнаулы келісім­­шарты бар. Бәрі келісімге сай жеңілдетілген. Ол жерде уақыт өткізудің де қажеті болмайды. Сондықтан бұл мәсе­ленің барлығы – нарықтық экономика­мызға қызмет жасайтын қадам және өте дұрыс бастама. Біздің шеттен алатын және шетке шығаратын тауарларымыздың бар­лығы да Еуропа елдерімен тығыз қатысты ғой. Яғни сауда жүйеміз алдыңғы қатарлы дамыған елдермен байланысты болғаннан кейін, олардың тәжірибесін пайдалан­ғаннан ұтылмаймыз. Ал енді олардың мо­но­­полиске айналып кетпеуін қадаға­лайтын агенттік бар. Шындап келгенде, өкілеттік әлі берілген жоқ. Кейін заң күшіне еніп, нақты іс басталған кезде бәрі тәжіри­бе барысында ақырын реттеледі. Жалпы, Сауда-өнеркәсіп палатасы – дұрыс құры­лым. Оның қолында билік те, белгілі бір ықпал да болу керек. Сосын сертификат беру құқығын шашыратып, әрбір қоғам­дық ұйым­дардың қолына таратуға да бол­май­ды. Мұның астарынан бөтен ой іздеу­дің қажеті жоқ. Мемлекеттік органдар мұндай құ­зырет­ті жекеменшік ұйымдар­дың қолына бергісі келмейді. Бәрін бақы­лауда ұстасам дейді. Мұның бәрі – әуелден белгілі жағ­дайлар ғой. Егер мемлекеттік емес ұйым­дар бұл істі өз қолына алса, жеңілдік болар еді, бюрократиялық тос­қауылдардан ары­лар едік. Ал тауарларға сараптама жасай­тын әр өңірдегі 40-тан астам ұйым­ның қызметі нарықтық қа­тынас­тар дең­гейінде қалады.

Амангелді МОМЫШЕВ, Мәжіліс депутаты:
Жоқ

– Бұл мәселе Еуразиялық экономикалық қауым­дастықтың (ЕуроАзЭҚ) талаптарына қай­шы келеді. Қауымдастықтың ережелері бойын­ша тауарларға сертификатты мем­лекеттік орган беруі керек. Егер бұл құзырет­ті Сауда-өнер­кәсіп палатасы қолға алып, бел­гілі бір қателіктер жіберетін болса, оған мем­лекет жауап береді. Осындай дағда­рыс кезінде оның не керегі бар? Әрине, керегі жоқ. Өйткені біздің тауар өн­ді­ру­шілерімізге қосымша ауыртпалық түсейін деп тұр. Олар­ға ақша төлеу керек бола­ды. Сауда-өнер­кәсіп палатасының әр облыста 28 ай­мақ­тық органы бар. Енді тауарларға сарап­­таманы со­лар жасайтын болса, бас­қа­лардың аузын жаба­ды ғой. Өйткені елде осы іспен айна­лысып отыр­ған олардан бас­қа да 47 ұйым бар. Сонда осынша ұйым не істеуі керек? Па­лата өзі ақша табу үшін оларды жауып тастайды.
Сондықтан менің айтпағым, бұл жер­де сыбайлас жемқорлықтың төбесі қыл­тиып тұр. Бұл заң жобасының өзі соған рұқсат бе­рейін деп тұр. Міне, сол үшін бұл құқықты қайтадан мемлекетке қайтару керек. Болмаса олармен бірге басқа да мем­лекеттік емес ұйымдар жұмыс істеуі қажет. Әйтпесе үлкен монополист жасап аламыз. Негізі, тауарларға сертификатты он жыл бойы мемлекет беріп келе жатыр. Қоғам және басқалар тарапынан ешқан­дай жағымсыз пікір туған емес. Сарап­тама жасау ісі бәсекелестік ортаға міндет­теліп, жекеменшік ұйымдарға жүктелген. Енді Сауда-өнеркәсіп пала­тасы бәрін өз қолына шоғырлан­дырып, басқаларды ығыстырып шығармақшы. Сондықтан бұл құқықты бірден мемле­кет­тік уәкілетті органнан алып, бір ғана ұйымның қо­лына ұстата салу – үлкен қателік. Мысал­ға, «Ата­­­мекен» одағы ұлттық эконо­ми­калық пала­та­сы бар, басқа да мем­лекет­тік ор­гандар бар, соларға да тең бөліп берсін. Онда жағдай басқа болмақ. Тауар иелері кімді қалай­ды, соған бара­ды. Ал бұлар бәрінің жолын жауып тастамақ. Заң жоба­сын жасау­­шылар мұны Сауда-өнеркәсіп пала­тасына берсін дегенмен, оның ар жағында лоббистік әрекет жатыр. Мұны елдің бәрі түсініп отыр. Бұл мәселені жекеменшікке бер­­гісі келіп отырудағы бір себеп, Сауда-өнер­кәсіп палатасы бұрын­нан осының ар­ты­нан жүрген болатын. Бас­­тықтары он жыл бойы осыны алуға ниеттенген еді, бү­гін, міне, соған жетіп отыр. «Бұл құзыретті мем­лекеттен алудың себебі не?» дегенге ешкім жауап бермейді. Бұдан тауар өндіру­шілер де жапа шеккен жоқ еді. Сертификатты тегін алатын. Ал бұлар да тегін береміз дейді. Бірақ қазір ондай жағдай жоқ. Әсіресе, мемлекеттік емес ұйым болғасын, ол бәрібір ақша табудың көзін іздейді. Сондықтан мен мұның тауар өндірушілердің қанын сора­тын заң бол­ғалы тұрғанын ашық айтамын. Еуропа ел­дері, керісінше, сертификат беру­ді мем­лекеттік орындарға берген дұрыс деп санайды.

Түйін
Заң жобасын жасаушы Индустрия және сауда министрлігі мен оны қолдаған депутаттар сертификат беру құқығын Сау­да-өнеркәсіп палатасы алатын болса, ұлттық сыртқы сауда заң­намасын дүние­жүзілік сауда тәжірибесімен үйлестіру үшін қажетті жағдайлар жасалады деп отыр. Сонымен бірге ұлттық бизнесті халық­аралық нарықпен интеграциялауға да жол ашылмақ. Ал мемлекеттік орган болса тиісінше халық­аралық құқықтың жалпыға бірдей танылған нормаларына сәйкес, өз міндетін атқарады. Яғни жал­пыға ортақ префе­ренция жүйесі­нің қол­данылуына және тауардың шыға­рылуы туралы серти­фи­каттарды беруге қатысты бөлігін­де Сауда-өнеркәсіп пала­тасының қызметіне бақылау жасау­ды жүзеге асы­рады. Заң жобасына сай, сертификат бе­ру құқығын алған Сауда-өнер­кәсіп пала­тасына да қойылатын мін­деттер баршы­лық. Олар серти­­­фи­катты тегін беруі және біліктілік аттестаттары бар тәуел­­­сіз сарапшы аудиторлардың тауар шығары­латын елді айқындау сарапта­масын мем­лекеттік орган белгілеген тәртіп­пен жүр­гізуге міндетті. Сонымен бірге са­рап­шы-аудиторлар­дың бәсе­ке­лестік ортада қызмет ете алатын мүмкіндігі де ескеріледі. Ал мемлекеттік орган Сауда-өнеркәсіп палатасына бәрін қос қол­дап ұстата салмайтын сыңайлы. Оның құ­зы­рын­­да сарапшы маман­дарға аттестат беру, тауардың шыға­ры­луы туралы ай­қындау тәртібі, сертификат бланкі­лері­нің нысан­дарын бе­кіту, сарап­шы-ауди­тор­ларды даяр­лау және аттестат­тау кезіндегі бақылау міндеттері қала бермек. Десе де, заң жобасының өмір­шеңдігі нағыз өмір­де, нарықтық қаты­наста сыналатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста