Шетелде білім алып келген жас мамандардың потенциалын дұрыс пайдалана алып отырмыз ба?

Шетелде білім алып келген жас мамандардың потенциалын дұрыс пайдалана алып отырмыз ба?

«Болашақ» бағдарламасы аясында ең алғаш 1994 жылы бір топ қазақстандық студент білімдерін жетілдіру үшін шетелдік жоғары оқу орындарына аттанды. Алғашқы жылдары студенттеріміз әлемнің 13 елінде білім алса, бүгінде үміткерлерге әлемдегі 32 елдің алдыңғы қатарлы 630 оқу орнында оқи алатындай мүмкіндік қарастырылған. Осы уақыт ішінде мыңдаған студенттеріміз мемлекет көмегімен шетелдің алдыңғы қатарлы оқу орындарында білім алды. Әйтсе де бүгінгі күні олардың қаншасының мемлекетке қызмет етіп жатқаны белгісіз. Қоғамда шетелде білімін жетілдіріп келген жастар жайлы тартысты пікір де көп. Сондықтан дәстүрлі айдарымызда «Шетелде білім алып келген жас мамандардың потенциалын дұрыс пайдалана алып отырмыз ба?» деген сауалды мамандар назарына ұсынған едік.


Нартай ӘШІМ, WikiBilim қоғамдық қорының үйлестірушісі, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мұнай-газ факультетінің оқытушысы:
иә
– Шетелде білім алып келген жас ма­ман­дардың потенциалын дұрыс пай­да­ланып отырған секілдіміз. Әсіресе олар­дың қатарында бүгінде министрліктерде қыз­мет етіп, кезінде мемлекеттің кө­ме­гімен алған білімін мемлекеттік қызметте пай­даланып жатқан жастар жетерлік. Сон­дай-ақ кезінде көрген-білген ше­телдік тәжірибелерін еліміздегі түрлі ком­панияларда жұмыс істеп, жүзеге асырып жат­қан жастарымыз да бар. Яғни шетелде білім алған жастар жерде қалмай, өз­де­рінің қарым-қабілетін еліміздің түрлі са­ла­ларында көрсетуде. Жалпы, шетелде білім алған жастардың өз білімін мем­ле­кеттік қызметте немесе жекеменшік ком­па­нияда жұмыс істеп көрсетуіне кедергі жасалмаған.
Шетелде білім алған жастар көбінесе алған біліміне сай жоғары жалақысы бар жұмысқа тұрғысы келеді, осы орайда олардың еліміздегі қай салада болсын мамандығына сай жұмыс істеуіне кедергі қойылмауы оларға жасалып отырған үлкен мүмкіндік деп білемін.
Менің де көптеген достарым «Бола­шақ» бағдарламасы аясында шетелде оқып келіп жатыр. Олардың арасында жұ­мыссыз қалып жатқандары жоқ. Айта кетер жайт, қазір жастар шетелде білім ала сала елге қайтады. Алайда алдағы уақытта олар алған білімі бойынша сонда жұмыс істеп, біршама уақыт шетелдің тәжірибелерімен таныса алатындай мүмкіндік қарастырылса тіпті дұрыс болар еді деп ойлай­мын. Өйткені шетелдің білімін ғана алып қоймай, қызмет етіп көру жастарымыздың қарым-қабілетін арттыра түсер еді. Мә­селен, кейбір мамандық­тар шетелде әлдеқайда да­мып кеткенімен, елімізде кенжелеп жатыр. Егер жас­тарымыз сол жақта қыз­мет етіп келсе, елімізге келген соң әлгі саланың аяғынан тік тұруына үйреніп келген тәжірибесімен кірісер еді.
Өз басым негізгі білімді еліміздегі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық тех­никалық университетінде алдым. Ал Шотландияның Абердин қаласындағы Роберт Гордон университетінде мұнай-газ, инжиниринг саласы бойынша магистра­туралық білім алдым. Қазіргі істеп жүрген қызметім де осы саладан алыс емес. Яғни мен мамандығыма сай жұмыс таба алдым деп айта аламын. Негізі, «Болашақ» бағдарламасы – жақсы бағдарлама. Тек кейбір тұстарын әлі де болса жетілдіріп, дамыту керек секілді.


Рахман АЛШАНОВ, Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, экономика ғылымының докторы, профессор, академик, «Тұран» университетінің ректоры:
жоқ
– Шыны керек, «Болашақ» бағдарла­ма­­сы аясында шетелде білім алған жас­тар­дың барлығының бірдей потен­циа­лын ел мүддесі үшін пайдаланып отыр­­мыз, олар­дың бәрі бірдей мем­ле­кет­ке қызмет етіп жатыр деп айта ал­май­мын. Оған түр­лі жағдайлар себеп. Ше­телге кетіп білім ал­ған жас­та­ры­мыз­дың қай-қайсысы бол­сын білімді жас­тар. Сондықтан оларды өз мем­ле­кет­­терінде қалдырып, қыз­метке тарт­қы­сы келгендер бар. Жақсы жалақы ұсы­нып, жағдайыңды жасаймын деп тұр­ған ұсы­нысқа кім қызықпасын? Өкі­нішке қа­рай, біз шетел­де оқып келген жас­та­ры­мызға ондай мүм­кіндіктер ұсы­на ал­май­мыз. Сон­дық­тан олардың ара­сын­да оқы­ған жерінде қа­лып қойғандары бар.
Сондай-ақ шетелде оқып келген жас­тар кейде біз ұсынған жұмыстарда істегісі келмей жатады.  Біз мүмкін­ді­гін­ше жұмысты сатылап бастаған дұ­рыс деп түсіндіруге тырысамыз. Кей­біреулері елімізге келген соң «шет­елде мынандай, бізде неге олай емес» деп тулайды. «Біз сені со­лай айтып келу үшін емес, елі­мізге келген соң көрген-білге­нін елімізде де қолданысқа енгізсін деп жібердік қой» деп түсіндіру жұмыстарын жүр­гіземіз. Осы жағдай­лар­ға да байланысты кей­де оларды жұмысқа ор­на­ластыру қиын болып жатады.
Тағы бір айта кетер жайт, кейбір жастарымыздың шетелде оқып келген мамандығы бойынша елімізде жұмыс табылмайды. Сондықтан алдағы уақытта еліміздегі компанияларға сұрау салып, қандай маман керек екеніне алдын ала сұрау салып, сол мамандарды оқытып ал­дырт­қан дұрыс секілді. Мәселен, оларға қандай маман керек екені туралы алдын ала «Болашақ» бағдарламасына тапсырыс бер­сін, ал жас маман шетелде білімін же­тіл­діріп келген соң әлгі өндіріс орнына жұ­мысқа қабылданып, шетелде оқып-біл­генін әлгі компанияда пайдалансын. Осы орай­да жастарымызды біз шетелде кез кел­ген мамандыққа емес, нағыз өзімізде сұраныс тудырып отырған салалар бойын­ша оқытуымыз керек секілді. Әйтпесе елі­мізге келген соң жұмыс таба алмай, сенде­ліп жүретін болса мемлекеттің қыруар қар­­жысын шығарып оқытудың қажеті қанша? Жалпы, жастарымыздың шетелде білі­мін жетілдіру – жақсы бастама. Халық­ара­лық қарым-қатынас күшейіп, байланыс арт­қан сайын жас­тардың да терең білім алуға мүм­кіндіктері кеңейе түсуде. Алайда біз тауып беріп жатқан жұмыстардың шет­ел­де оқып келген түлектердің көңілінен шық­­пауына орай немесе олардың білім­де­ріне сәйкес жұмыс табылмауы секілді жағ­дайларға байланысты туындап отыр­ған мәселелерді шешу жолдарын қарасты­руы­мыз керек.
«Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқып келген жастардың барлығын бірдей тізімдеп, еліміздің мүддесі үшін жұмыс істеуге тарта алмай отырмыз. Алайда – шет­елде білім алып келген, білімді жастар­дың потенциалы біздің үлкен байлығымыз. Ал байлықты шашуға болмайды. Оны тиім­ді, ел мүддесі үшін пайдалана білуіміз керек.

Бейтарап пікір
Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, «Болашақ» республикалық қозғалысы жастар қанатының жетекшісі:
Егер шетелде білім алып келген жастардың потенциалын дұрыс пайдалана алмайтын болсақ, онда мемлекеттің қаржысын бостан-босқа шашып, оқытудың қажеті жоқ. Көп жағдайда шетелде жоғары жалақы алатынын көргеннен кейін олар елімізге қайтқысы келмей жатады. Оның кепілдікке үйін қойып, елімізге қинап қайтарғаннан гөрі халықаралық дәрежедегі ЖОО-ын өз елімізде ашып, білікті маманды өзімізде дайындауға тырысқан жөн секілді. Өйткені бүгінде шетелде оқып келген маманға қатысты түйткілдер көбейіп тұр. Біздің елімізде жоқ мамандықтарды оқып келіп жатқандар бар. Мәселен, менің досым теңіз түбін зерттеу саласы бойынша оқып келді. Ал аталмыш сала әлі күнге елімізде қалыптаспаған екен. Амал жоқ, шетелде оқып келген білімін кәдесіне асыра алмай, мұнай-газ саласы бойынша еңбек етіп жүр. Осындайда егер елімізге келген соң қызмет таба алмайтын болса ол мамандықты шетелде сонша жыл оқудың қажеті бар ма деген сұрақ туындайды. Рас, шетелде оқып келіп, алған білімімен елімізде қызмет етіп жатқандар бар. Алайда алдағы уақытта мемлекет қаржысымен шетелде білім алғысы келетін жастар санын қысқартқан жөн.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста