«Шетел мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты деректерді алу қиын» деген сөз енжарлардың сылтауы емес пе?

«Шетел мұрағаттарындағы қазақ тарихына қатысты деректерді алу қиын» деген сөз енжарлардың сылтауы емес пе?

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында шетел
мұрағаттарында сақтаулы тұрған қазақ тарихына қатысты талай
құнды дүниемен таныстық. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақ
елінің беймәлім тұстарын айқындайтын бірегей жәдігерлер
табылып, ғалымдарымыз Ресей, Өзбекстан, Армения, АҚШ,
Ұлыбритания, Германия, Қытай мен Египет секілді елдерге
іссапарлары барысында Қазақстан тарихына қатысты
құнды құжаттардың есебін алды. Әлі де болса алыс-
жақын шет жұрттарда еліміздің тарихына қатысты
құндылықтар жетерлік. Алайда осынау
құндылықтарымызға қол жеткізу қиын дейді
кейбір ғалымдар. «Басқа елдермен алыс-беріс,
қарым-қатынас жақсарған тұста шетел
мұрағаттарындағы тарихқа қатысты
деректерді алу қиын деу – енжарлардың ісі»
деушілер де жоқ емес. Тақырыпқа қатысты
тарихшылардан сыр тартып көрген едік.


Болатбек НӘСЕНОВ, Шәкәрім атындағы
Семей мемлекеттік университетінің
құрметті профессоры,
тарих ғылымының докторы:

ИƏ
– Осы уақытқа дейін шетел мұ-
ра ғаттарындағы қазақ тарихына
қа тыс ты құнды құжаттармен таны-
су қиын болды. Бірақ қазір алыс
жә не жақын шетелдермен қарым-
қа тынасымыз жақсаруына байла-
ныс ты тарихқа қатысты деректерге
қол жеткізу соншалықты қиын нәр-
се емес. Бұрын да басқа ел мұ ра-
ғат тарынан еліміздің тари хына қа-
тысты деректер алатынбыз, бірақ
ол өте қиын еді. Мен Омбы қаласы-
ның мұрағатынан деректер алуға
барар алдында Мәдениет ми-
нистрлігіне хат жазып, сол хат тың
көмегімен рұқсат алып, Омбыға
аттан ғанмын. Барып алған соң, мұ-
ра ғат қызметкерлеріне сый-сияпат
жа сап жүріп, үш ай жатып мұра ғат-
тан керегімді іздедім.
Олар тарихымызды бөлшектеп, қуыс-
тарға тығып тастаған. Кетуіме 10 күн қал-
ғанда мұрағат қызметкерлері көңілдері
түсіп, ықыластары ауды ма, маған «Ке не-
сары туралы бір папка бар» деді. «Ол
қайда?» деп, дереу сұрап алдым. Көп тың
деректер таптым. Сондықтан тілін тапсаң,
шетелдегі мұрағаттардан талай дүние
табуға болады.
Мәскеуде Сыртқы істер министрлігінің
мұрағаты бар. Оған ешкімді кіргізбейді.
Мен кезінде сыртқы істер министрі
Қасымжомарт Тоқаев болып тұрған кезде
сол кісіге хат жазып, сол мұрағатқа сұ-
ран дым. Әрең дегенде бір жылға рұқсат
алдым. Осы секілді шындап тырыссаң,
бүгінгі күні шетелдік мұрағатқа кіру де,
де рек тер жинау да оңай. Шетелдік мұра-
ғат тар қолжетімді емес деу – енжар лар-
дың ісі. Менің алдымда да ол жерлер ге
біздің елі мізден ғалымдар барыпты. Бі-
рақ кіріс пей жатып қайтып кетіпті. Соған
қарағанда, құ жаттарды оқи алма ған бо-
луы керек. Біздің ғалым да рымызға та-
рихқа деген қызығушылық, тілдік са уат-
тылық жетіс пейді. Өзім ба рып жүрген
мұ рағат тарға да менімен бір ге та рих шы-
лар барды. Бір байқағаным, олар та бан-
дап отырмайды. Күніне екі-үш са ғат оты-
рып, кетіп қалады. Енжарлық емей,
не мене?!
Шетелдік мұрағаттағы құжаттың көшір-
месін алуға ақша сұрайды, ал қолмен кө-
шіріп жазып алсаң, тегін. Тарихты зерттеу
үшін жанкешті еңбек керек. Мемлекет та-
ра пынан қолдау керек шығар. Бірақ ше-
телдегі тарихымызға қатысты деректер
қол жетімсіз деп айта алмаймын. Айта
кетер жайт, біздің ғалымдарымыз ізіне тү-
сіп, жылдап, айлап жатып, мұрағаттарда
ке рек дерегін іздеп, зерттегісі келмейді.
Бүгінде тарихшыларымыздың барлығы бір
жерлерде жұмыс істейді. Сондықтан олар-
ды жұмыс орнынан да босатпайды, от-
басын да айлап тастап кете алмайды. Олар
тарихты бір жерде отырып алып жазуға
жа ман үйренген. Содан кейін шетелдік
мұрағаттардағы тарихымызға қатысты
деректер қолжетімсіз деп әңгіме айтады.
Біздің тарихымыздың жеткілікті деңгейде
толықпай отырғанының да негізгі себебі
осында.

Қанат ӨСКЕНБАЙ, Ш.Уәлиханов
атындағы Тарих және этнология институтының
Ежелгі және орта ғасыр Қазақстан мен
шекаралас елдер тарихы бөлімінің
меңгерушісі, тарих ғылымының кандидаты:

ЖОҚ
– Шетел мұрағаттарындағы
қа зақ тарихына қатысты деректер-
ді алу ға байланысты қиындықтар
же тер лік. Ежелгі тарих беттерін
ай қындайтын құжаттарға қол жет-
кізу ге байланысты туындап отыр -
ған мәселелер ғана бүгінгі күні
ғалымдарымызға кедергі бо лып
тұр. Сондықтан бұл жерде ен-
жар лықтың қатысы жоқ. Алыс-
жа қын шетел мұрағаттарындағы
ел та ри хына қатысты деректерді
алу ға, бі ріншіден, мемлекеттік
қол дау же тіс пейді, екіншіден,
маман же тіс пей ді. Мемлекет та-
ра пынан осы іске қолдау табыл-
са, шетел мұ ра ғат тарын зерттей-
тін ма мандарды да табуға болар
еді.
Бұл мақсат үшін, ең алдымен, үлкен кө-
лем де қаржы керек. Тарихшының шетелдік
мұ рағаттарды зерттеуге барғанда жататын
қо нақ үйі, ішіп-жемі, жол-пұлы, мұра жай-
дағы әрбір құнды құжатқа қол тигізуі аз
ақша тұрмайды. Бұған жекелеген адам-
дар дың мүмкіндігі жоқ. Мәселен, кез кел-
ген ше тел мұрағатына барып, «Қазақ стан-
нан кел дім, тарихымызға қатысты
мы нандай құ жат керек» десең, құжаттың
әр бір беті үшін ақ ша сұрайды. Біздің ға-
лым дарымыздың қал тасында ондай ақша
жоқ. Кейбір же келеген ғалымдардың өзі
осы іске мүдделі бо лып, шетелдегі мұра-
ғат тың табал ды рығын аттаған күннің өзін-
де мемлекет та рапынан арнайы ресми
қа ғазы болмаса, оны ешкім қабылда май-
ды. Өйт кені оған ар найы құзырет керек.
Сон дықтан, ең ал ды мен, бұл іске мемлекет
та рапынан бетбұрыс қа жет. Онсыз «жо-
март тың қолын жоқтық байлайды» де-
гендей, шетел мұрағатын да ғы елі мізге қа-
тысты тарихты зерттеуге де ген құл шынысы
бол ға нымен, қалтасында қар жысы жоқ-
ты ғы мақ сатына жеткізбейді. Сон дықтан
ғалым да рымызды енжар де ген нен гөрі,
дәр менсіз болып отыр деуге бо лады.
Шетел мұрағаттарында тари хы мызға
қатысты тың дүниелер әлі де өте көп. Оның
бар лы ғының тілін білетін, тарихтан хабары
бар мамандар қажет. Орыс тілін біл ген-
діктен, Мәскеу мұрағатына барып зерт теу-
ге болады, ал Лондон, Париж, Стам бул
мұ ра ғат тарын ақтару үшін тіл бі летін та-
рихшы керек. Тарихшыларымыздың көбісі
тіл білмейді. Сондықтан біз шетелдегі қа-
зақ тарихына қатысты де ректермен таныс-
қы мыз келсе, алдымен та р ихымызға жаны
аши тын маман да йындап алуымыз керек.
Сосын барып ше телдегі құнды жә дігер ле-
рімізді түгендеуге ты рысуымыз қажет. Айта
кетер жайт, біздің тарихымыздың негізі
қаланған. Тек соны шетел мұрағат та рын-
дағы де ректермен қатар, өз қолы мыз да
бар дү ние лерді де кірістіріп, то лық ты-
руымыз ке рек.
Әйтпесе, шынымен, бүгінгі күні тарих-
шы ларымыздың шетел мұрағаттарындағы
та рихымызға қатысты деректерді жинауға
құл шынысы бар. Бірақ өз қалталарынан
қар жы шығаруға шамалары жетпейді. Ал
мемлекеттік тұрғыда қолдау жоқ.

БЕЙТАРАП ПІКІР
Қанат БОРАНҚҰЛОВ,
Кенесары ханды зерттеуші:
Дәл қазіргі таңда бұған ешкім бел шешіп кірісіп отырған жоқ.
Мемлекет те, ғалымдарымыз да мүдделі емес. Мәселен, Кенесары
ханның басының, қанжарының Мәскеудің мұражайында тұрғаны
жөнінде деректер біраз жерде айтылды. Деректің ізі бар, енді содан
кейін соны сұрастырып, елге әкелуге болады ғой. Бірақ сол
енжарлық. Ешкім тырыспайды соны жеткізуге. Қарапайым
ғалымның оны барып, әкеліп алуға шамасы жетпейтіні белгілі.
Сондықтан мемлекет тарапынан осы іске қолдау керек. Бұл –
мемлекеттің араласуымен ғана шешілетін мәселе. Сондықтан
мемлекеттің енжарлығы деуге болатын шығар. Қазақ тарихына
қатысты дүние, ең алдымен, мемлекеттің мүддесі. Ендеше,
мемлекеттің мүддесі мемлекеттік дәрежеде шешілуі керек. Арнайы бір
жүйе арқылы зерттеліп, мұның бәрі тарихымызға енгізілуі тиіс. Сонда
ғана қазақтың тарихы толығады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста