Парамен ұсталған мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін тәркілеу жүйесін енгізу керек пе?

Парамен ұсталған мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін тәркілеу жүйесін енгізу керек пе?

Сыбайлас жемқорлықпен қалай күресеміз?.. Бүтіндей қоғамды алаңдатып отырған бұл «жеті бас» алыспай беріспейтін сияқты. Біреудің әшкересі мен масқарасы өзгеге сес болмайды тіпті. Ал зардап шегетін, сайып келгенде, қарапайым халық. Ел игілігіне тиесілі еншісінің «ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кететіні», шыны керек, шымбайыңа батпай қоймайды екен. Сыбайлас жемқорлықтың бір түрі – парақорлық та талайды қорлап бітті. Тосыннан тосқауыл қойсаң да, тартынатын түрі жоқ. Сондықтан да болар, қазір «парамен ұсталған мемлекеттік қызметкерлердің мүлкін тәркілеу жүйесін енгізу керек» деген ұсыныс жасалып жүр. Қалай ойлайсыз, керек пе?

Мұрат ОМАРОВ, «Нұр Отан» ХДП Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары
Иә

– Содан басқа амал қалды ма? Жем­қор­лар да, парақорлар да әккіленіп алған. Ал­дын алу шараларының тың тәсілдерін ұйым­дастырып жатсаң, олар да қалыспай «судан таза, сүттен ақ» шығудың жолдарын ойлап тауып алады.
Қазір кейбір жемқорлар параны қолына алмаса да, тәуелді болып тұрған адамды өзінің бір шаруасын тындырып беруге мәж­бүрлейді, яғни сол арқылы өз проблемасын шешіп алады. Осыдан кейін дәлелдеп көр. Осындай құбылыс дендеп барады. Немесе параны өзі емес, өзінің сенімді адамдары арқылы алады.
Сондықтан пара алушылардың дүние-мүлкін тәркілеу керек. Олар қазір ештеңеден тайынбайтын болып кетті. Жұмыстан шы­ғара салады немесе тықыр таянғанын біліп алып, өздері-ақ шығып кетеді. Әйтеуір, жа­за­сыз қалудың айла-тәсілдерін тапқанда ал­дарына жан салмайды.  
Үкіметтің дүние-мүлкін, қаржы-қара­жатын талан-таражға салғандар қазір сон­дай-ақ арам жолмен тапқан бар байлығын өзгенің атына жаздырып қойып жатыр емес пе? Өткен жылы біз «Өзіңнен баста» акциясын ұйымдастырған болатынбыз. Әрбір мемлекеттік қызметкер өзі бастап, кірісін жариялау керек болатын. Оны қанша айттық, алайда ешкім асықпады. Өйткені тапқан табыстары адал болмай тұр ғой. Ары таза емес. Егер өз еңбегімен тапса, неге қашқақтайды?
Дүние-мүлкін тәркілеу — менің ойымша, жемқорлар мен парақорлар үшін ауыр жаза. Өзінің кесірінен бала-шағасының тарығатыны кім-кімді де ойлантпай қой­мас. Бәлкім, отбасы алдындағы жауапкершілігі мемлекет алдындағы, халық ал­дындағы жауапкершілігін арттыруға, сезінуге ықпал ететін шығар.
Қазір парақорлықтан ада мекеме қалмады. Тіпті балабақшалардың өздері парақорлықпен былғанып кеткен. Мектептердегі жағдайды өздеріңіз де білесіздер. Бір жапырақ анықтама алуың үшін де біреудің аузын майламасаң, тентіреп жүргенің.
Егер қатаң жаза қолданбай, аяушылық таныта берсек, жағдай бұдан да ушығып кететіні айтпаса да белгілі. Парақорлықтың алдын алу үшін оның дүние-мүлкін тәркі­леп көру керек. Бәлкім, оң нәтижесін беретін шығар.

Әуезнұр ҚАЖЕНОВ, Павлодар облыстық сотының төрағасы
Жоқ

– Мен ондай ұсынысты қолдамаймын. Рас, сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен па­ра алушылық және пара берушілік Қазақ­станның саяси болсын, экономикалық болсын, әлеу­мет­тік болсын дамуымызға, жа­ңа­руы­мыз­ға үл­кен кедергілер келтіруде. Өкінішке қарай, біз­де дәл осы індет бі­реу­ден біреуге жұғып, «ка­рантиндік» жағдай тудырып отыр. Ке­шенді алдын алу ша­ра­ла­рын жүргізіп, бар­лық құ­зыр­лы салаларды жұмылдыруға мәжбүрлеуде.
Мойындау керек, осындай қатаң бақылау мен күшті талаптың ар­қа­сын­да қазір «шортан да, шабақ та» қыл­мы­сы анықталып жат­са, жазаға тартылмай қой­майды. Мұндай про­филактика, сөз жоқ, кім-кімге де сабақ. Тағы бір айта ке­тер­­лігі, жең ұшынан жалғасқан жем­­қор­лық қыл­мыс­тардың кесірінен мем­ле­ке­тіміз ай­тар­лық­тай шығынға батып, айналып кел­генде, одан қарапайым халық жапа шегуде. Осындай орасан зардаптары бар бола тұра, мен парамен ұсталған мемлекеттік қыз­мет­кер­лердің мүлкін тәркілеуге қарсымын. 
Біреудің жасаған қылмысына неге тағы басқа біреу жауап беруі тиіс? Мейлі, ол отбасы мүшелері болсын. Олар — туған-туыс болса да, жеке бір тұлға, жеке бір азамат. Олардың да өз құқықтары бар.
Парамен ұсталған адамның мүлкін тәр­кілейміз деп, біз оның бала-шаға­сы­ның жағ­дайын ойламауымыз қалай болмақ? Кәмелеттік жасқа толмаған жас балала­ры­ның болашағын, олардың тұр­мыстық жағ­дайын сонда кім ойлай­ды? Олардан барын тартып алып, ертеңгі күні далада қалған жазықсыз жандар­дан қоғамға тағы бір қылмыскер қосылмайтынына кім кепілдік береді? Пара алушының мүлкін тәркілеп аламыз деп, яғни бір қылмыскерді қатаң жазалаймыз деп, есесіне, одан да күрделі проблемамен, былайша айтқанда, әлеу­меттік проблемамен күресуге тура келетіні айтпаса да түсінікті.
Оны айтасыздар, мен өз басым тіпті қазір қолданыста бар дүние-мүлікті тәр­кілеу жазасын алып тастауды ұсынар едім. Қылмыстық жауапкершілікке тарту институтына, яғни соның ішінде дүние-мүлікті тәркілеу арқылы жазаға тарту жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізу керек деп ойлаймын. Қылмысының деңгейіне қарай белгілі мөлшерде айыппұл салынса, менің ойымша, ең әділ жаза – сол.
Жасаған заңсыз әрекетіне қылмыскер өзі ғана жауап беруі тиіс.

Түйін
Дүние-мүлікті тәркілеу – бұрыннан бар жаза түрі. Нарық заманында өршеленіп кеткен жемқорлық қылмыстар үшін де бұл таңсық емес. «Сот дүние-мүлікті тәркілеу туралы үкім шығарыпты» дегенді қазір жиі естиміз.
Бірақ орын алған қылмыстың көлеміне, деңгейіне қарай белгілі бір мөлшерде ғана. Ал парақорлыққа қатысты айтсақ, түгін қалдырмай тәркілеу тәжірибеде болмаған десек, қателеспейміз.
«Енді енгізсек» деушілер шығып жатыр. Негізі, естеріңізде болса, осыдан біраз уақыт бұрын «Қылмыстық жолмен табылған пайданы жымқыру, анықтау, тәркілеу туралы конвенцияны ратификациялау жөніндегі» заң жобасы мақұлданған болатын. Бұл конвенцияда қылмыстық жолмен алынған табысты жымқырғандарға жаза да қарастырылған. «Конвенция табысты жымқыруға қарсы күрестің тиімді тетіктерін ұсынады» дейді сарапшылар. Бәлкім, осы конвенция көп түйінді шешетін болар. Павлодар облыстық сотының төрағасы Әуезнұр Қаженов айтпақшы, парақор мемлекеттік қызметкердің дүние-мүлкін тәркілейміз деп артық кетіп қалмаймыз ба?

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста