Отбасы жауапкершілігін күшейту үшін мешітте неке қиюға тек АХАЖ куәлігімен ғана рұқсат беру керек пе?

Отбасы жауапкершілігін күшейту үшін мешітте неке қиюға тек АХАЖ куәлігімен ғана рұқсат беру керек пе?

Бүгінде отау көтерген ерлі-зайыптыларға некесін мұсылмандық жолмен мешітте де, АХАЖ орталығында да қиюға рұқсат берілген. Екі орталық та неке қидырған ерлі-зайыптылардың қолына неке туралы куәлігін ұстатады. Тек бір айырмашылығы – мешіттен берілген куәліктің заңдық күші жоқ. Айта кетерлік жайт – екінші әйел алғысы келетіндер мен азаматтық некеде тұрғысы келетіндер үшін мешітте неке қидырудан асқан оңтайлы жол болмай отыр. Нәтижесінде заңдық күші жоқ мешіттен қиылған некенің соңы дәм-тұзы жараспай қалғандар үшін бір-біріне талақ айтысып, екі жаққа кете салуға еш қиындық тудырмайды. Мұндай әрекеттердің отбасы деген ұғымның жауапкершілігін төмендетері анық. Бізді мазалайтыны – отбасы жауапкершілігін күшейту үшін мешітте неке қию кезінде заңдық күші бар АХАЖ куәлігін сұрауды міндеттеп, мұсылмандық жолмен неке қиюға АХАЖ куәлігімен ғана рұқсат беру керек пе?

Досай КЕНЖЕТАЙ, философия және теология ғылымдарының докторы, профессор, дінтанушы:
Иә

– Мен бұл пікірге толықтай қосы­ламын. Алланың адамдарға берген се­німін өз мақ­сат-мүддесіне, нәпсі­құ­мар­­лығына пайдаланатындар бүгінде кө­­бейіп барады. Алла адамдарға сеніп, шариғат жолымен неке қиюды нәсіп етті. Онда заңнан да биік Аллаға деген жауап­кершіліктің маңызы үл­кен. Әйтсе де адам­­­дар оны өздерінің түсініктеріне сай бұрмалап алуда. Соның нәтижесінде қыз­дар­дың сеніміне кіріп, шариғат жолымен некесін қидыру арқылы бірнеше неке қидыратындар да, мешітке барып некесін қидырып алып, азаматтық некемен тұратын жастардың да қатары көбейіп барады. Олар үшін отбасы деген ұғымның ауқымы тар, салмағы жоқ. Қажет болмаса, талақ айтысып кете барады.
Ал мұның соңы жетім-жесірлердің көбеюіне алып келуде. Сондықтан мешітте шариғат жолымен неке қию кезінде міндетті түрде АХАЖ куәлігін сұрауды ме­шіт қызметкерлеріне міндеттеу керек. Біз сонда ғана неке қидырушылардың отбасы, жанұя деген сөздерге жауапкершілігін күшейте аламыз. Мұндай жағдайда ертеңгі күні отбасы бұзыла қалған жағдайда да ешқайсысының құқы бұзылмай, өздерінше өз құқықтарын қорғап алады.
Шыны керек, біз иманның құндылық­тарын өз дәрежесінде қолдана алмай отырмыз. Егер біз қадірін біліп, өз орнымен қолдана білсек, шариғат жолымен неке қидырудың маңызы зор болар еді. Осының салдарынан «бірінші әйелімді Аллаға аманаттап кеткем» деп екінші, үшінші әйел алушылар да баршылық. Яғни бүгінде азаматтарымыз діннің құндылықтарының барлығын өз мүдделеріне қарай икемдеп пайдалануға үйреніп алды. Бұл – үлкен қателік. «Алланың алдындағы жауапкер­шілігі бар» деп мешітте неке қидыруды бетімен жіберетін болсақ қоғамда қателік­тер көбейіп барады. Сондықтан біз діннің де ұстанымдарын қоғамның илеуі мен заман ағымына қарай бейімдеп қолдана білуіміз керек. Рас, мешітте де неке қиылуы керек. Бірақ нағыз неке АХАЖ бөлімі арқылы куәландырылған неке болып есептеліп, мешіттегі неке қиылар алдында сол АХАЖ арқылы берілген куәлік ескерілуі тиіс. Осы орайда отбасының жауапкерші­лігін күшейту үшін мешіт қызметкерлері мешітте неке қию кезінде ерлі-зайыптылар­дан АХАЖ куәлігін сұрауды міндеттеуі ке­рек деп ойлаймын.

Оңғар қажы ӨМІРБЕК, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз хатшысы:
Жоқ

– Рас, бүгінде үйленіп, отбасын құрмас бұрын мешітте некесін қидыратындар өте көп. Олар үй болмас бұрын мұсылмандық жолмен некесін қидырып алуды жөн көреді. Біз де олардың ниетін құп көріп, шариғат жолымен некесін қиып, куә­лігін беріп жатамыз. Ерлі-зайыпты­лардың некесін қию кезінде олардың жанында куәгерлерінің болуын міндеттейміз. Бұл дегеніміз – Алла алдында ерлі-зайыптылар да, куәгерлер де сол некенің жауапкершілігін өздеріне жүктеп алады деген сөз. Мешіттен берілетін куәліктің заңдық күші жоқ деп төмендетудің еш қажеті жоқ. Ең үлкен жауапкершілік Алла алдындағы жауапкершілік болғандықтан, олар өз­дерінің сөйлеген сөздері мен істеген әрекеттері үшін Алла алдында жауапты болады. 
Сондықтан мешітте неке қию кезінде АХАЖ куәлігін сұраудың қажеті жоқ деп ойлаймын.
Рас, «Жаман айтпай жақсы жоқ», ер­теңгі күні ерлі-зайыптылар ажырасып, екі жақ­қа кеткен жағдайда да мешіттен беріл­ген куәліктің ешқандай заңдық қауқары жоқ. Әйтсе де Аллаға мойынсынып, Алла алдында шариғат жолымен некелерін қи­ды­рып алуды жөн көрген ерлі- зайыптылар үшін мешіттен берілген куәліктің маңызы зор деп санаймын. Сондықтан одан шо­шы­нудың қажеті жоқ. Мешітте куәлік ет­кен­дер де жас жұбайлардың отбасы болып, әрі қарай тату-тәтті жанұя болып кетуі үшін өз ықпалын тигізері анық. Ең бас­тысы – адамның Алла алдындағы жа­уап­кершілігі! Ол АХАЖ куәлігі, заңдық күші жоқ деген ұғымдардан да әлдеқайда биік тұрады. Шариғат жолымен некесін қи­ды­ру­шылар да бұл некенің осындай жауап­кер­шілігін түсінген соң сондай қадамға барады деп ойлаймын. Екінші әйел алып, некесін қидыратын жағдайда да біз екі әйелінің алдындағы жауапкер­шілі­гінің тең болуы керектігін ер-аза­маттарға түсінді­ре­міз. Егер екі әйелді тең ұстай алмаған жағ­дайда оның жазасы арғы дүниеде беріледі. Ал арғы дүниенің жазасының алдында біз­дің сотымыздың жазасы сөз емес. Сондай-ақ талақ айтсақ болды, ажыраса саламыз деу де – үлкен күнә, діни сауатсыздық. Та­лақ сөзінің жауапкершілігі өте жоғары.
Айта кетерлік жайт, біз ертеңгі күні мешітте неке қию кезінде АХАЖ куәлігін сұрауды міндеттейтін болсақ, мұндай жол­мен некесін қидырушылардың саны кеміп кетеді. Өйткені бұл мешіттің рөлін төмен­дет­кендей болуы әбден мүмкін. Негізі, мұ­сылмандық некесіз туылған ба­ланы бізде не­кесіз туылған бала санайды ғой. Ендеше, бізге ондай балалардың са­нын арттыра беру­дің қажеті қанша?! Осы орайда ме­шітте неке қиюға ешқандай кедергінің қа­жеті жоқ деп санаймын.

Бейтарап пікір
Ерболат МҰСАБЕКОВ,
Қазақстан демографтары қауымдастығының президенті:
– Бұл – мешіт қызметкерлерінің міндеті. Олар шариғат жолымен қиылып жатқан неке болғандықтан жауапкершілікті сезініп, қиылған әрбір некеге мән беруі тиіс. Мәселен, неке қиылар алдында АХАЖ куәлігін сұрау немесе бұрыннан әйелі болса, жетектеп әкеліп оның да ризалығына көз жеткізу олар үшін қиын емес. Қоғамды тәрбиелеуге атсалысамыз десе, мешіт өкілдері мен діни басқарма осындай әрекеттер жасауы тиіс. Немесе азаматтық некеде тұрғысы келетіндер үшін АХАЖ куәлігін әкелмейінше некелерін қиюға рұқсат етпесе, заңдық жолмен де расталған отбасының құрылуына түрткі болар еді. Сондықтан дін өкілдері неке қияр алдында осындай іс-әрекеттерге мән берсе нұр үстіне нұр болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста