Мүгедектер мәселесімен шұғылданатын арнайы мемлекеттік орган құру керек пе?

Мүгедектер мәселесімен шұғылданатын арнайы мемлекеттік орган құру керек пе?

Күні кеше ғана Мәжілістегі Үкімет сағатында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Оған ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Гүлшара Әбдіхалықова қатысып, мүгедектердің мәселесі туралы жан-жақты ойларымен бөлісті. Осы ретте мүгедектерге қатысты кейбір қоғамдық ұйым өкілдерінің басшылары «Мүгедектер мәселесін түбегейлі шешу үшін мемлекет тарапынан арнайы орган керек екендігін» алға тартты. Шынында да, бізге тек мүгедектер мәселесімен шұғылданатын арнайы мемлекеттік орган керек пе? Осы сұрақты ой-көкпар талқысына салып көрген едік.

Әли АМАНБАЕВ, Қазақстан мүгедектер ұйымдары одағының төрағасы:
Иә

– Халықаралық тәжірибені қарап отырсақ, өркениетті елдердің көбінде тікелей мүгедектер мәселесімен айна­лысатын арнайы мемлекеттік органдар бар. Олар басқа саламен емес, нақты осы мүгедектердің мәселесімен айна­лысады. Ал бізде қазір бұл Еңбек және ха­лықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзы­рында болғанымен, олар мүгедек­тердің мәселесін толық шешуге шама­лары жетпейді. Себебі олардың бізден басқа да жұмыстары жетіп-артылады. Еңбек және еңбекақы төлеу, жұмыспен қамту, зейнетақымен қамсызданды­ру де­ген секілді жұмыстары толып жатыр. Қазіргі таңда елімізде мүгедектер мәсе­лесін тек қоғамдық ұйымдар ғана жан-жақты көтеріп жүр. Алайда мүгедектер әлі күнге дейін өздерін қоғамның толық­қанды мүшесі ретінде сезіне алмай келеді. 
Өйткені көпшілік жерде үйдің айналасынан бастап, қоғамдық көлік пен кеңселерге дейін мүгедектерге ешқандай жағдай жасалынбаған. Ғимараттардың барлығында дерлік мүгедектік арбамен жүретін жолдар мен қондырғылар ор­на­тылмаған. Кеңес кезінде көптеген қала­ларда бағдаршамдар қызыл жанып тұрғанда арнайы дыбыс беретін сигналдар орнатылушы еді. Қазір ол да жоқ. Қоғамдық көліктер мүгедектердің мініп-түсуіне қажетті жабдықпен жабдық­талмаған. Тұрғын үй кешендерін, ғима­рат­тарды саларда мүгедектердің жағдайы ескерусіз қалған. Енді мұның барлығын ретке келтіру үшін не істеу керек? Құрылыс компаниялары биік ғимараттар салып жатқанда, мүгедектер «мұны маған ың­ғайлы етіп сал» деп айта ала ма? Біздің сөзімізге олар пысқырып та қарамайды. Сондықтан мүгедектердің мәселесімен айналысатын арнайы орган болатын болса, олар айыппұл салады, егер тыңда­маса, сотқа береді, әйтеуір мемлекеттік орган болғаннан кейін қолында күш бар, сол арқылы шеше алады. Ал біз не істей аламыз? Ол құрылым тікелей Прези­дентке немесе Үкіметке бағынуы тиіс. Ал қазір мүгедектер мәселесімен министр­лік айналысқанымен, олардың мүгедектер бөлімінде айналдырған үш-ақ адам бар. Олар бүкіл Қазақстан мүге­дек­терінің жағдайын жасай ала ма? Немесе министрліктің әр аймақтағы бас­қар­маларында мүгедектікпен айналысатын екі-үш адам не тындыра алады? Қазір кейбіреулер «Мүгедектерге мемлекеттік құрылым неге керек, онсыз да министрлік бар, түрлі қоғамдық ұйымдар бар, енді тағы да мемлекеттік орган ашып, ақша шығындаудың керегі не?» деп жатады. «Қыруар қаржыны желге шашқанша, одан да ол қаражатты мүгедектерге берудің тетігін қарастырайық» дейді. Жарайды, ол қаржыны мүгедектерге берейік. Бірақ олар оны не істейді? Мүмкіндігі шектеу­лі жандар мүгедектердің ғимараттарға, қоғамдық көліктерге кіріп-шығуын, бағ­дар­шамдарға сигнал қондырғыларын ор­ната ала ма? Жоқ. Сондықтан мұнымен айналысатын арнайы мемлекеттік орган қажет. Сонда мүгедектер мәселесінде біршама проблемалар шешілген болар еді.

Жарасбай СҮЛЕЙМЕНОВ, Мәжіліс депутаты:
Жоқ

–Мейлі, мүгедектердің мәселесімен айналысатын мемлекеттік орган құрайық, бірақ одан мәселе шешіле ме? Қазір мұнымен елімізде білдей ми­нистрлік айналысып жатыр, оның әр аймақта басқармалары мен бөлімдері бар, оны­мен қоса, неше түрлі қоғамдық ұйымдар бар, енді оған тағы да бір мемлекеттік орган құру артық емес пе? Мемлекеттік құрылымды топырлатып аша берген­ше, министрліктің ішіндегі мүгедектер мәселесімен айналысатын штатты көбейтіп, олардың құзіретін кеңейтіп, жұмыс істеуіне жағдай жаса­ғанымыз әлдеқайда тиімді емес пе? Үкіметтің жанынан тағы бір мемлекеттік орган ашатын болсақ, онда әр аймақтан оның департаменттерін ашу керек болады, штат бөлу керек, оның барлығы үлкен шығын.
Одан да сол шығынды мүгедектерге берудің жолын қарастырайық, оларға жағдай жасайық. Министрліктің құзі­ретін күшейтіп, олар қоғамдық ұйым­дармен бірлесіп жұмыс істесе, олардың көтерген мәселелерін ескеріп, шешу жолдарын бірлесіп атқарсақ, тиімді болар еді. Бұл жерде мәселе мемлекеттік органды ашуда емес, сол бар органның өзінің жұмысын тиімді ету, мүгедектерге жағдай жасау керек. Ал олардың өздерін қоғамның толық­қанды мүшесі ретінде сезінуі министрлік өкілдерінің біліктілігіне, құзіретінің кеңдігіне бай­ла­нысты. Өкінішке қарай, қазір мүге­дектердің мәселесі шаш етектен. Ол­ардың алатын жәрдемақылары мардымсыз, арнайы жұмыспен қамтылып отырған жоқ, тіпті көп ғимаратта лифті­лер жоқ болғандықтан, мүгедектер үй­ле­рінен шыға алмай қамалып отыр. Мұны білдей бір министрлік шеше алмауда. Сондықтан олардың құзі­ретін кеңейтіп, талапты күшейтіп, қада­ға­лау­ды қатаңдатқанымыз дұрыс. Қазір көзі көр­мейтін мүгедектерге арнайы көмекші бекітілмеген, оларды қасында бір адам жетектеп жүрмесе қалай жүре­ді? Санаторийлерге барайын десе, апа­рып-әкелетін ешкім жоқ. Қазір олар тағдырдың тауқыметін тартып, үйлерінде отыр. Ал бізде мүмкіндік бар, қаржы бар, бірақ оны босқа шашып, арнайы мемлекеттік орган құрғанша, оны тиім­ді пайдаланудың жолдарын қарас­тыр­ғанымыз жөн. Егер құзырлы министрлік, оның аймақтардағы басқармалары, қоғамдық ұйымдар бірігіп жұмыс істеп, нақты мәселелерін тиісті органдарға жеткізе білсе, осының өзінде-ақ көп жұ­мыс­тарды тындыруға болады.

Түйін
Қазақстан төрткүл дүниеге танымал ел атанып жатыр. Біреу қызғанып қарайды, біреу қызығып қарайды. Әлеуеті осындай деңгейге жеткен ел үшін мүгедек жандарға қатысты проблеманы дұрыс шеше алмауымыз елдігімізге сын емес пе? Мойындау керек, жоғарыдағы айтқан азаматтардың пікірлері әрқайсысы өзінше ой салады. Ал біздің ойымызша, бұл мәселеден дау туындатпай, құзырлы министрлік бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара отырып, ауызбіршілікпен біріге шешсе, біз алмайтын қамал жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста