Мүгедек балаларды күтушілерге тек 18 жасқа дейін ғана емес, өмірлік жәрдемақы тағайындау керек пе?

Мүгедек балаларды күтушілерге тек 18 жасқа дейін ғана емес, өмірлік жәрдемақы тағайындау керек пе?

Елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға берілетін әлеуметтік көмектер жылдан-жылға көбейіп жатыр. Тіпті биылдан бастап мүгедек балаларды күтушілерге де жәрдемақы тағайындалып отыр. Демек, барыс жылынан бастап, мүгедек бала бағып отырған әрбір ата-ана 14952 теңге көлемінде жәрдемақы ала алады. Алайда осы заңның кейбір тұстары көпшілік арасында түсінбестік туғызуда. Себебі бұл көмек мүгедек бала 18 жасқа толғанға дейін ғана беріледі. Одан кейін мүгедек балаларды күтушілер бұл жәрдемақыдан қағылады. Осы ретте «кемтар жан үлкейген сайын оны күту де ауырлай түседі ғой»,- дейді кейбір ата-аналар. Жалпы, мүгедек балаларды күтушілерге 18 жасқа дейін ғана жәрдемақы тағайындау дұрыс па? Бұл ретте пікір екіге айырылды.

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:

Жоқ
– Бұл Елбасының кешегі Жолдауында айтылды. Ал Жолдауда көтерілген мәселелер міндетті түрде орындалуы тиіс. Осы ретте бұрын мүгедектерге ғана жәрдем жасалса, енді оларды күтушілерге де жәрдемақы тағайындалатын болды. Бұл – құптарлық іс. Себебі мүгедектерді күту үшін де арнайы бір адам керек. Ал олар бұрын мемлекеттен көмек алмай келсе, енді 15 мың теңге көлемінде жәрдемақы алатын болды. Біз мынаны ескеруіміз қажет. Бұл – бұрын берілмеген жәрдем. Енді ғана қолға алынып жатыр. Сондықтан кейбір тұстарында қателіктер болуы мүмкін. Өйткені Парламентте отырғандар періште емес. Барлығы да өзіміз секілді адамдар. 

«Неге 18 жасқа дейін, одан кейін де мүгедектерді күтушілерге көмек беруіміз қажет» деп байбалам сала беруге де болады. Алайда заң қатып қалған «догма» емес, егер алдағы уақытта жағдайымыз түзеліп, экономикамыз нығайса, онда тағы да заңға өзгерістер енгізіп, мүгедектерді күтушілерге жәрдем болатын шығар деген ойдамын. Дегенмен бұл бастаманы біз қолдауымыз қажет. Бұл ретте менің айтарым, мүгедектерге там-тұмдап болса да көмек беріліп жатыр. Мәселен, 18 жастан әрмен қарай мүгедектікке өтетін болсаң, оған берілетін жәрдемақылар бар. Егер мүгедек қандай да бір жұмысқа жарамаса, әлеуметтік қамсыздандыру мамандары комиссия құрып, І немесе ІІ, ІІІ топтағы мүгедектікке жатқызып, мемлекеттен арнайы жәрдемақы тағайындайды.

Айта берсек, мүгедектерге берілетін жәрдемақылар көп. Бір сөзбен айтқанда, кемтар жандардың ешқайсысы мемлекеттік көмектен тыс қалып отырған жоқ. Сондықтан Тәуелсіздік алғанына көп уақыт өте қоймаған елімізге мүгедектердің күтушілеріне дейін жәрдемақы тағайындауы өте құптарлық іс. Әрине, мүгедектерге қалай қолдау жасасақ та жарасады. Дегенмен мұның барлығы бюджеттің қаржысына байланысты. Сондықтан осыған да шүкіршілік ету қажет. Кім біледі, болашақта еліміздің экономикасы көтеріліп, бюджет қалтасы толықса, тағы да жәрдемақы берілетін шығар. Ал әзірге олай байбалам салудың реті жоқ. Сондықтан мүгедек балаларды күтушілерге 18 жасқа дейін жәрдемақы тағайындауды дұрыс деп есептеймін.

Амангелді АЙТАЛЫ, қоғам қайраткері:

Иә
– Негізі, әлемдік тәжірибеде жастарды жас деп қарау 18 жасқа дейін емес, 23 жасқа дейін созылады. Өйткені 23 жаста бала белгілі бір мамандық иесі атанып, өзін-өзі қамтамасыз етуге мүмкіндік алады. Сондықтан былай алып қарағанда, дені сау ұрпаққа демей-ақ қояйық, ең болмаса мүгедектерге біз 23 жасына дейін жас деп қарап, оларға қолдау көрсетуге болады ғой. Кеше Елбасы Жолдауында «мүгедектердің күтушілеріне де 15 мың теңге көлемінде жәрдемақы тағайындауымыз қажет» деді. Ол қаржы тағайындалып, заңмен бекітіліп те қойды. Алайда 18 жастан асқаннан кейін мүгедек өзінің күтушісімен де қош айтысуы қажет пе? Мәселен, бір ата-ананың қоларбаға таңылған баласы 18-ден асып кетті дейік.

Кембағал перзентін тәулігіне 24 сағат күту қажет болғандықтан, ол жұмысқа шығып табыс та таба алмайды. Сонда ол баласының 20 мың теңгелік зейнетақысымен қалай күнелтеді? Қартайғанда олар кембағал баламен не өмір сүреді? Әлде мүгедек бала 18-ге толғаннан кейін өздігімен жүріп кете ме? Біле білсек, кемтар жандар үлкейген сайын оларды күту қиындай түседі. Мүгедекті жас кезінде күтуге он мың теңге кетсе, үлкейгенде оларды күтуге екі-үш есе көп шығын кетеді. Сондықтан кемтар жандар өскен сайын олардың күтушілеріне де жәрдемақыны өсіріп отыру қажет. Бұл ретте мен мүгедектердің күтушілеріне қатысты жаңа қабылданған заңды асығыс әрі шикі қабылданды деп есептеймін.

Себебі, ауру баланың, оның ішінде мүгедек адамның бабын табу оңай емес. Қайта бала өскен сайын оны күту де ауырлай түседі. Бала өзінің құрдастарын көріп, солай жүре алмағына налиды, түңіледі. Тіпті кейде ашумен өзін қарап отырған күтушісіне ауыр сөздер айтып қояды. Сондықтан мүгедек күтуші деген — ауыр жұмыс. Оларға қанша жәрдемақы берсе де аз. Ал айналдырған 15 мың теңгеге мүгедек күтуші ұстай аламыз ба? Жоқ! Ондай қаржыға ешқандай адам мүгедек күтпейді. Кемінде 40-50 мың беру қажет. Бұл жерде Үкіметтің мүгедекті күтушілерге одан да жоғары ақы төлеуге мүмкіндігі болмай жатқан шығар. Алайда 15 мың теңге деген күтушінің еңбегін ақтамайды.

Негізі, мүгедектердің күнделікті тағамы, киімі, дәрі-дәрмегі, күтушісіне кететін шығыны — осының барлығын есептеп барып, жәрдемақы тағайындау қажет. Ал бізде жоғарыдан осындай көмек көрсетілсін деген ниетпен беріледі. Олай болмайды. Мүгедектің күнделікті шығыны қанша,  оларды күтуші жұмысының салмағы қандай, соған байланысты өлшеп берілсе, сонда кемтар жандар да, оларды күтушілер де мемлекеттің көмегін нақты сезінер еді. Сондықтан бұл жерде көп нәрсе заң қабылдаушы органның біліктілігінде, адамгершілігінде болып тұр. Заң қабылданарда оны зерделеп, жан-жақты таразылау қажет.

Бейтарап пікір
Рамазан САРПЕКОВ,
Мәжіліс депутаты:
– Шынымды айтсам, мен бұл заңның мән-жайын толық зерттеген жоқпын. Негізі, мұнымен әлеуметтік мәселені шешетін органдар айналысуы тиіс. Егер мүгедек он сегіз жастан кейін сауығып кетсе, онда әңгіме басқа. Ал ауруы жалғасатын болса, онда міндетті түрде оның күтушісіне жәрдемақы тағайындалуы қажет. Оның үстіне көлік жүргізуге құқық беретін 18 жас, әскерге қабылдайтын кез де 18 жас болғаннан кейін, сондай шектеулер болып отырған шығар. Егер мүгедек жалғыз басты болса, оны қамқорлыққа алатын адам болмайтын болса, олардың мәселесі жеке қаралуы тиіс. Ал күтушілері болып, бірақ оларға 18 жастан кейін жәрдемақы тағайындалмаса, ол дұрыс емес. Сондықтан да алдағы уақытта бұл заңды жіті зерттеп, кемшін тұстары болып жатса, оған өзгерістер енгізуді қолдауға мен әрқашан дайынмын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста