Мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүргізу үшін арнайы агенттік құру керек пе?

Мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүргізу үшін арнайы агенттік құру керек пе?

Елімізде халықтың үштен бірін құрайтын жастар мәселесіне немқұрайды қарауға болмайды. Жастар арасындағы діни радикализм де үлкен тақырып. Ал елімізде жастар саясатымен, жастар ісімен айналысатын республикалық деңгейдегі мекеме жоқ. Осындай бір мекеме құру жөнінде бастамалардың көтеріліп келе жатқанына көп жыл болды. Соңғы кездері жастар саясатымен айналысатын комитет құру керектігі жиі сөз бола бастады. Алайда Мәжіліс депутаты Бақыт Сыздықова оған қарсы шығып, «комитет емес, агенттік құру қажет» дегенді айтып, депутаттық сауал жолдады. Бұл бастаманы қолдайтын депутаттар баршылық көрінеді. Алайда жастар мәселесінің шешімін табуы агенттікке қарап тұрған жоқ деп есептейтіндер де жоқ емес.

Бақыт Сыздықова, Мәжіліс депутаты:
Иә

– Жастар саясатының мәртебесін сапалы деңгейге көтеретін кез жетті деп есептеймін. Еліміз тұрғындарының 30 пайызын жастар құрайды екен, яғни олар – 29 жасқа дейінгі азаматтар. Соған қарамастан, Қазақ­стандағы мемлекеттік жастар саясатын реттеп жатқан мекеме жоқ. Ол сти­хия­лық түрде жүзеге асып жатыр. Мемлекеттік басқару органдарының ішінде жастар мәселесімен айналысатын толыққанды бір құрылым болуы керек. Дәл қазір оның бір­қатар функцияларын Білім және ғылым министрлігіне қарасты Жастар саясаты және тәрбиелік жұмыстары жөніндегі департамент атқарып жүр. Ал аймақтарға қа­тысты қарастыратын болсақ, Алматы қа­ласының жастар саясаты жөніндегі бас­қармасы ғана бар. 
Бұл құрылымдар халықтың 30 пайызын құрайтын жастар мәселесімен айна­лысуға жеткіліксіз.
Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жә­не қоғамдық-саяси ауыр кезеңдерде жас­тар ісімен республикалық, аймақтық, қа­лалық деңгейде жұмыс жасайтын бір құрылымның болмауы үлкен қателік деп есептеймін.
Осыған байланысты біз Үкіметке об­лыстық, қалалық әкімшіліктерде жастар ісімен айналысатын бөлімдер ашуды ұсындық. Сондай-ақ Қазақстан Үкіметінің жанында Жастар ісі бойынша агенттік құру мәселесін қарастыруды көтеріп отырмыз.
Бізде қазір жастар ұйымдарының кездесулерін ұйымдастыратын қарапайым кеңсе де жоқ. Олар әрбір жиналысында бір жерден кеңсе жалдайды. Ол ақшаның да сұрауы бар. Мен жастар парламентіне жетекшілік етемін. Бізде бір жиын Конгресс-Холлда өткен еді, бізден 800 мың теңге талап етті. Бір қызығы, бұл ғимаратқа Алла Пугачева келсе, оған да қойылатын талап дәл осындай. Бірақ біз коммерциялық мекеме емеспіз ғой.
Қазіргі кезде жастар саясаты жөнінде арнайы заң қаралып жатыр. Алайда оның қаржылай мәселесі мәз емес сияқ­ты, бар болғаны 300 млн теңгені құ­рай­ды. Менің­ше, Тәуелсіздіктің 20 жыл­ды­ғы кезеңінде осындай бюджетті заң шы­ғару ұяттау болады. Жастарды тұрғын үй­мен қамтама­сыз ету мәселесінің өзіне қыр­уар күш қажет. Алайда бұл шешуге болатын мәселе. Мә­се­лен, Оралда жас отбасы­ларға арналған үй салынды. Осындай жо­ба­ларды іске асыру үшін 2012 жылы рес­пуб­ликалық бюджеттен жергілікті бас­қару органдарына 20 млрд теңге бөліну керек.

Олжас ҚОРҒАНБЕК, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттері мен магистранттарының «Сенім» кәсіподағының төрағасы:
Жоқ

– Жастар ісімен айналысатын агенттік не­месе комитет құру мәселесі алғаш рет ұсы­нылып отырған жоқ. Жыл сайын өзіне қолдау іздеген, имидж қалыптастырғысы келетін бір депутат осы ұсынысты көтеріп оты­рады. Өз басым мұны өздеріне пиар жасау үшін істейді деп есептеймін. Менің­ше, жастарға арнап жеке бір министрлік ашып қойсақ та, сол шешілмеген мәселелер бая­ғы күйінде қала береді. Әсілінде, құ­ры­лым­дардың санын арттыра беруден түк пайда жоқ деген пікірді осыдан бірер жыл бұрын Елбасының өзі де айтқан болатын. Бүгін агенттік ашатын бол­сақ, ертең сол агент­тіктің жұмысын ба­қы­лайтын тағы бір орган керек болады. Немесе жастар мәсе­ле­сін басқа қырынан зерттейтін тағы бір ме­кеме құрамыз деп бастама көтереміз. Қыс­қасы, құрылымдана бергеннен мәселе шешілмейді.
Жеке басым жастарға қатысты көптеген мәселелердің шешімін таппай жатуын құ­ры­лымдардың немесе қаржылай ре­сурс­тардың аздығынан емес, білікті кадрлердің жоқтығынан деп білемін. Бізде жастарға қатысты арнайы заң жоқ. Ертең тағы бір депутат шығып, «бізге осындай заң керек» деп бастама көтереді. Керегі керек, бірақ одан нақты өмірде мәселе шешілмейді. Қолдағы бар құрылымдар мен заңдар, қаржылай ресурстар арқылы да талай мәселені шешуге болар еді. Елі­мізде жастар саясатын тиімді жүзеге асыру үшін жастар ұйымдарына жыл сайын 1 миллиардтан астам қаржы бөлінеді және бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп жатыр. Бұл да аз ақша емес. Алайда жастарға бюджет­тен ақша неғұрлым көбейіп отырғанымен, жастардың проблемалары да соғұрлым көбейіп жатқан сияқты. Сол қаржының барлығы біздің кейбір шенеуніктерді жем­қорлыққа жетелейтіндей.
Қысқасы, жастар саясатын жүргізуге де арнайы кадрлер керек. Ол да өзінің мамандарын талап етеді. Ал ондай кадрлер да­йындалмай жатып қандай да бір құры­лым жасақтау тек ақша шашу болып шы­ғады. Мәселен, ертең бір агенттік ашсақ, оны сол шолақ белсенді жастармен, түр­лі амал­дармен ақша жымқыруды ғана білетін шағын топпен толтырамыз. Ал олар сол агенттікті мемлекеттен бөлінген қаржыны түрлі тендер арқылы өздеріне ұнамды ұйымдарға таратып берумен ғана шектелетін мекемеге айналдырады. Сол айт­қандай, бір қарағанда, жастар мәселе­сі­мен айналысатын орган керек-ақ сияқты. Бірақ ол құрылған жағдайда кәсіби маман­дар­дың жоқтығынан жемқорларға жем боламыз. Жастар саясатымен жас адам ай­на­лысуы керек деген ереже жоқ, онымен маман айна­лысуы керек. Кәдімгі кәсіби маман­данған, мемлекеттік саясатты мең­гер­ген кадр керек. Ал бізде ондай кадрлер жоқ. Демек, агенттік ашуға да ерте.

Түйін
Елімізде жастарға қатысты шешімін таппаған мәселелер көп екені белгілі. Демек, онымен айналысатын бір құрылым қажет екені де сөзсіз. Мәселен, Ресей, Германия сынды көптеген елдерде жастар мәселесімен арнайы айналысатын немесе оның міндетін қосалқы түрде жүктеп алған министрліктер бар. Ендеше, жастар мәселесімен республикалық деңгейде айналысатын агенттіктің болуы көптік етпейді. Алайда белсенді жас Олжас Қорғанбек айтпақшы, білікті кадр жоқ жерде агенттіктің тиімділігі күмәнді болар еді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста