Көрші елдердегідей аста-төк той өткізуге шектеу қою керек пе?

Көрші елдердегідей аста-төк той өткізуге шектеу қою керек пе?

Қазақта той жасауға қуаныш та, сылтау да жетерлік. Әрине, оған «тәубе» дейсің. «Той – тәңірдің сыйы» дегендер «қу басын домалатып», тойлатып жүре береді. Мұхаммед пайғамбарымыз (с.а.у) хадисінде «Бір қой сойсаң да, той жаса» деуі арқылы адам өміріндегі ең маңызды той – шаңырақ көтеруді атаусыз қалдырмау керектігін айтса, екінші жағынан, шығынға, ысырапшылдыққа жол бермеуді де меңзейді. Той мемлекет бюджетіне ауыз салатынын білсек, аста-төк шығыннан әлдеқашан бас тартар едік. Тәжікстан айран-асыр тойға тосқауыл қойып, жылына 2 млрд доллар жұмсайтын Қырғызстан да бұл мәселені жуық арада заң жүзінде шешпекші. Себебі ел үшін, одан да маңызды дүние жетерлік. Оңтүстік Корея, Жапония сынды дамыған елдердің халқы жинаған ақшасын ең әуелі баласының оқуына жұмсайды екен. Ел экономикасын ойлаған әр азамат осылай істер болса, біздің ел де, бәлкім, экономикасы, ақпараттық технологиясы мен ғылым-білім арқылы танылған ел қатарына әлдеқашан қосылар ма еді?

Бекболат ТІЛЕУХАН, Мәжіліс депутаты
Иә

Ауылды жерге барсаңыз, тойханалар ашып тастаған. Бұл деген – үлкен бизнес. Елдің бәрі бұрынғыдай көп ба­ла тумай, екі-үш-ақ бала та­бады да, сол баланың сүндет то­йын, тіл­аша­рын, туған күнін, ве­ло­си­­педтен құ­лап, аман қал­ға­нын, бір сөз­бен айт­қан­да, не бол­са, соны той­лай бе­ре­тін бол­ды. Бі­рін­ші­ден, бұл – эко­­но­ми­калық жағ­дай­дың жа­қ­­сы­­лығы. Екіншіден, қа­зақ де­­ген қонақжай, қуа­ны­шын бө­­ліс­кен­ді жақсы көретін ха­лық. Кей­­де мақтан үшін жа­са­уы мүм­­кін. Заңнамалық тұр­ғы­­да ты­­йым салар болсақ, қия­­нат бо­­лады. Алдымен адам­ның са­­на­сына жол табу ке­рек. Шын мә­­­нінде, бұл – ысырап. 
Ананы-мынаны той қылып жасай бергеннен гөрі, оған кететін шығынды балалардың оқуына берсе, ағылшын тілін үйренуге, я болмаса, математикасын тереңдетуге жұмсаса болар еді. Осы ретте ел кез келген нәрсенің маңыздылық ретін айқындай алмай отыр. Ненің аса маңызды, ненің аса маңызды емес екенін білмей отыр. «Міне, мен адам болдым, бұл – кісіліктің белгісі, мен де той жасап жатырмын» деген секілді жүректің түпкіріндегі рия, жүректің түпкіріндегі мақтаныш осы кезде қазақтың тойы арқылы қатты белең алып, көрініп жатыр. «Ысырапқор – шайтанның туысы» деген қазақтың сөзі бар. Ауданның 70, 80 жылдық тойын ат шаптырып, той жасағанша, елдің алдында есеп беріп, тағылымды конференция­мен шектелсе де, жетер еді. Сол ауданға ешқандай қатысы жоқ атақты адамдарды жинап алып, соларға киіз үй құрып, ауыл адамдары сол киіз үйдің сыртында қалып жатады. Бұл – ешкімге керегі жоқ дүние. Той жасау бағдарламасының жөн-жосығын, өлшемін жасау керек. Сырттан Алматы мен Астанадан атақ­ты жазушылар мен журналистерді шақы­рады да, әрқайсысының қалтасына ақша­сы, қаламақысы беріледі. Дуылдатады-дуылдатады, сонымен той өтеді. Сол аудан­ның ғимаратын, жолын, жылу жүйесін жөндетуге, мешіт салдыруға мән бермейді. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылды­ғын той­лайық деп жатырмыз. Бұның басты мақсаты – есеп беру, бас-аяғын бағам­дау, мемлекетіміздің қалыптасқандығының қа­ді­рін білдіру, мемлекетшілдік санасын қа­лыптастыру. Барлығын реттеп, жүйелеп, жөн-жөсығын жасаса, әдемі дата. Егер ысырапшылдыққа, даңғаза, асау жиын, тентек тойға ұласып кететін болса, одан тек қана зиян шегеміз. Сосын мұндай нәрсе электораттың, халықтың ызасын туғызады. Бес-он тиынға зар болып отырған қазаққа сырттан кеп бір өлең айтып, бәленбай мың доллар алып кететіндер үшін берілген ақша – аста-төк. Одан да осы тойға орай, ҰОС ардагерлеріне, мүгедектерге, жетім-жесірлерге әлеуметтік көмек берілсе, пайдасы зор болар еді.

Қыдырәлі БОЛМАН, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, продюсер:
Жоқ

Кеше маған «шоу бағдар­ла­ма жасауға продюсер болсаңыз» деп бір адамдар келді. Асаба, той мәселесін қолға алу керек. Мә­селе, бізде Мәдениет минис­тр­лігі өз жөнімен, шоу-бизнес өз бе­тімен, той өз бетімен жүр. Ара­сында байланыс жоқ. Той да – мәдениет, тәрбие, әдеп, шоу мен рухқа байланысты дүние ғой. Адам баласын той арқылы тәр­биелеуіміз керек. Сол кісілер­дің ұсынып отырған бағдарла­ма­ла­рында асабалардың шоуы, жұ­мыс үстінде оларды тексеру, олар­ға бәйге өткізу мәселесі қа­ралған. Оның ішінде тұсаукесер­ден бастап, баланың бір жасы, үш жасы, бес жасы, ары қарай дең­гейлік бағдарламаны жасап, дәстүрді жаңғырту бар.
Тойды да мәдениеттің, рухтың насихаты ретінде пайдалануымыз керек. Кез келген дүние тойдан басталады. Сондықтан тойдың бір үлгісін жасап, бір ретке келтірмей болмас. Ол үшін телевизиялық тыңғылықты бағ­дарлама жасауымыз керек. Мысалы, өз басым осы уақытқа дейін «Азия дауысынан» бастап тоқтаусыз істеп келе жатқан жұмысымды айтар болсам, қазір Қазақстанда «АБК» сияқты үштіктер 50-ге жуықтады, «Ұлытаудың» форматындағы музыкант, орындаушы, топтары бары 220-дан асты. Соңғы 10-12 жылдың көлемін байқасаңыз, бүкіл эстрадаға келген әншілер домбыраны қосуға құлшынған. Домбыраны шоу-бизнеске, эстрадаға әбден кіріктірдік. Екінің бірі домбырамен шығады не домбыраны эстрадаға қосады. Осылайша мен шоу-бизнесті қалыптастыруға күш салдым. Аллаға шүкір, қазіргі шоу-бизнес қазақы кейіпке еніп келеді. Солай емес пе? Ал осыдан он жыл бұрын қандай едік?
Англия королевасы маған алтын орден бергенде «Әлемдік шоу-бизнеске этно-музыканы қайта түлетіп, жаңғыртып, үлес қосқаны үшін» деп берді. Оның нәтижесін қазір көріп отыр­мыз. Сол секілді, той да — жылдар бойы жасалатын дүние. Қазақтың әлем халықтарынан айырмашылығы, ерекшелегіміз – иманымызда, рухымызда, әке-шешелерімізді қарттар үйіне апарып тас­та­майтындығымызда, бауыр, бала-шағаны тастамай, жетім-жесірімізді жы­лат­пайтын халық екендігімізде. Сол ерекшелігімізді тойларда, іс-шараларда кеңінен насихаттай аламыз. Оған көп қаржы салып керек емес. Тойымыз санамызды, рухымызды, әдет-ғұрпымызды қалыптастыратын нәрімізге айналса игі болар еді.

Бейтарап пікір
Қайрат БАЙБОСЫНОВ,
ҚР Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, әнші:
— Той деген өзінің байлығын, мансабын көрсететін дүние емес. Оны өзіңнің жақын-жуықтарыңды, пікірлес, ниеттес, әріптестерді ғана шақырып, қарапайым, сыпайы түрде өткізу қажет қой. Бүгінде «Свадебный генерал» («той генералы») деген ұғым шықты. Атақ-даңқына бола, сол тойға қатысы шамалы атақты біреуді кісі салып шақыртып, тойдың мерейін өсіреміз деп, дәреже көру жиілеп кетті. Қаражат, мүмкіндігі бар байлар жасай берсін, ерік өздерінде. Ал оның кесірі қарапайым адамдарға тиіп жатыр. Мысалы, үйлену тойларында екі жақ келісімді түрде шағын той жасап, қалған қаражатты балаларға берсе, болады ғой. Несие алып, соңғы малын сатады, сосын қарызға белшесінен батып қалады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста