Командалық жүйе кадрлық резервті пайдалануға кедергі келтіріп отырған жоқ па?

Командалық жүйе кадрлық резервті пайдалануға кедергі келтіріп отырған жоқ па?

Еліміздегі қай салада болмасын қалыптасқан командалық жүйе туралы аз айтылып жүрген жоқ. Командалық жүйені бюрократияға жол ашатындығын айтып сынайтындар да, тиімді жұмыс істеудің бір жолы деп ақтайтындар да бар. Биліктің жаңа құрамдағы алғашқы алқа мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев кадрлық резервтің пайдаланылмай жатуы командалық жүйеде жатқанын айтып, қалыптасқан жағдайды сын садағына іліп өтті. Осы ретте «Командалық жүйе кадрлық резервті пайдалануға кедергі келтіріп отырған жоқ па?» деген сауалымызды мамандарға қойдық.

Есенжол Алияров, Қазақстан гуманитарлық-саяси конъюнктура орталығының президенті:
Иә

– Кадрлық резервтердің пайдала­ныл­май отыруы – мықты кадрлық ре­зерв­тің бол­мауынан. Кадрлық резерв­тің қа­лып­тас­­пауы – белгілі бір аймақтың ғана емес, тұтас мемлекеттің пробле­ма­сы. Ме­­ніңше, резервтегі кадрлар өзде­рі­нің ка­рьерасын қалыптастыра алмай оты­руы­ның басты себебі – командалық жү­йе болып табылады. Қазір біраз тұ­рақ­­та­нып қалды. Бұрындары облыс әкім­­де­рінің, министрлердің ауысуы жиі бо­лып тұ­ратын. Осындай жағдайларда әкім­дер мен министрлер өзіне дейін қыз­мет жасаған мамандардың орнына өз адам­да­рын әкеліп тықпалайтын. Бұл бел­гілі бір дәрежеде дәстүр болып қа­лыптасып алды. Бұл басшылықтың жұ­мы­сын же­ңіл­дету үшін тиімді шығар, бі­рақ ұлттық кадрлық резервті қалып­тас­тырып, оны дамыту үшін үлкен кедергі.
Меніңше, Президент Әкімшілігінің ұйым­дастыру бөлімі осы мәселені қолға алуы керек сияқты. Яғни әкімдер мен ми­нистрлер қызмет ауыстырған кезде облыс­тық департамент қызметкерлері мен ми­нистрліктегі комитет мамандары да ауысып жатады. Міне, осындай ауыс-түйіс кезінде Президент Әкімшілігінің ұйымдастыру бөлімі қадағалап, жергілікті мамандарды қандай себептермен қызметтен босатып жатқанын анықтап, себепсіз қызметтен босатуға жол бермеу керек. Қоғамның әр саласы бойынша реформалар жүргізуде ешқандай елден кем емес шығармыз. Бірақ сол реформалардың нәтижесі көңіл көншітпей жатады. Басталған істің соңына дейін сәтті жалғаспауы осы командалық жүйенің қалыптасқандығынан деп түсі­немін. Қит етсе, кеңестік жүйені жамандап шыға келеміз. Бірақ осы кеңестік кезеңдегі кадрларды даярлау жүйесінен үйре­неріміз көп. Кеңес Одағында маман қан­дай салада қызметін бастаса, сол жерде үлкен жетістікпен зейнетке шығатын. Яғни әлеу­меттік лифт дұрыс жұмыс істеді. Өкінішке орай, қазір біз сол өткен тари­хымыздағы жүйені қайта жасай алмай отырмыз. Қазір тамыр-таныстың арқа­сында командаға кіріп алып, бұрыннан бір салада қызмет істеп, мықты тәжірибе жинақтаған білікті маманның орнын тартып алу үрдіс болып барады. Біз бұл ко­мандалық жүйеден құтылма­йын­ша, кадр­лық резервті дұрыс жолға қоя алмаймыз деп ойлаймын.

Ерлан Арын, экономика ғылымының докторы, профессор:
Жоқ

– Меніңше, кадрлық резервті дайын­дау, оларды пайдалану бір ғана прин­цип­пен жүзеге асырылмайды. Коман­да­лық жүйенің кадрлық резервті пайдала­ну­ға кедергі келтіріп отырғаны рас. Бірақ біздегі кадрлық резервтің қалыптасуына тек қана командалық жүйе кедергі кел­ті­ріп отыр деген пікірлермен келіспеймін. Ко­ман­далық жүйе керек. Облыс, аудан­дар­ға барған әкімдер кімнің қолынан не келетінін жақсы білгендіктен мамандарға жұмыстарды сеніп тапсыру үшін қасына адамдар жинайды. Меніңше, бұл жүйе де керек. Командалық жүйе мен кадрлық резервті пайдалануды бір-біріне кедер­гісіз қатар алып жүруге болады. Кадрлық резервте тұрғандарды алып қарайтын болсақ, олардың мүлде аз екеніне көз жет­кіземіз. Ал кадрларды дайындау мә­се­­лесіне ешқандай да кедергі жоқ. 
Кейде қызметтің түрлеріне де байла­нысты болады. Мысалы, әкім, министр ла­уазымдарына командалық әдіс қолай­лы. Ал вице-министр қызметіне, әкімнің бірнеше орынбасары кадрлық резервтен алынғаны дұрыс. Бізде кадрлық резерв «Бо­лашақ» бағдарламасы арқылы жаса­лып отыр. Шетелдің ірі оқу орындарында білім алған мамандарды да тарту керек. Десе де бұл жеткіліксіз деп ойлаймын. Қай­талап айтайын, біздегі кадрлық ре­зерв­ті пайдалануға командалық әдіс ке­дер­гі болып отырған жоқ. Бізде тек қана жү­йесі қалыптаспаған. Сондықтан, бірін­ші­ден, кадрларды әзірлеудің бірнеше жүйе­сін әзірлеу керек. Онда кадрлық ре­зерв­ке алу үшін мамандарды біліктіліктің белгілі бір сатысынан өткізу қажет. Егер кадрлық резерв мықты болса, ешқандай да кедергілерге қарамайды. Өкінішке орай, сол резервті дайындайтын, қалып­тас­тыратын нақты жүйенің жоқ болуы осындай кемшіліктерге әкеліп отыр. Екін­шіден, кадрлық резервті күшейту үшін күштік құрылымдарда қалыптасқан кадр­лар ротациясы қажет деп ойлаймын. Ро­та­ция – маманның әртүрлі деңгейдегі қыз­­меттерді атқара отырып өсуі. Ба­тыс­тағы түрлі корпорациялардың жемісті жұ­мыс жүргізуіне осы ротацияны пайда­ла­нуы ықпал етіп отыр. Үшіншіден, кон­курс­тық жүйені реформалап, дамыту қа­жет. Командалық принцип бар жерде кадр­лық резерв болмайды деген дұрыс емес. Командалық әдіс те өзіндік кадрлық ре­зерв­ті қалыптастырады. Яғни басшы­лық тиімді жұмыс істеу үшін қолынан іс ке­леді деген, өзіне таныс адамды қыз­метке алады.

Түйін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жылы Үкіметтің есебін тыңдау барысында еліміздегі кадрлық саясатты іске асырудағы бірқатар кемшілікті тізбелеп, тәжірибелі мамандар қажет екендігін қатаң ескерткен болатын. Президенттің тапсырмасынан кейін «кадрлық резерв» жобасын жүзеге асыру – «Нұр Отан» партиясына жүктелген-ді. Мемлекет басшысы лауазымға ие болатын мамандар аймақтарда 2-3 жыл жұмыс істеуі керектігін және тұрмыс пен тіршілік тауқыметін жақсы түсінетін қала мен аудан әкімдерін жоғарылату мәселесін көтерген. Президенттің тапсырмасымен қабылданған «Кадрлық резерв» бағдарламасы саяси, әкімшілік және сайланатын лауазымдар үшін резервтегілердің жоғары білікті жедел құрамын қалыптастыруды қамтитын болады. Бағдарламаны іске асыру қорытындысы бойынша барлық деңгейдегі билік пен партия бірдей пайдалана алатын деректер қорын қалыптастыру қарастырылады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста