Кеңестік жүйені қақыратқан Желтоқсан оқиғасын алғашқы көтеріліс деп ТМД көлемінде мойындата аламыз ба?

Кеңестік жүйені қақыратқан Желтоқсан оқиғасын алғашқы көтеріліс деп ТМД көлемінде мойындата аламыз ба?

Қазір Желтоқсан көтерілісі Тәуелсіздіктің таңын атырғанын кез келген азаматымыз мақтана айтады. Тіпті көптеген тарихшымыз осы көтеріліс КСРО-ның құлауына әсер еткенін де жазып жүр. Бірақ біз осылай дегенімізбен, мұны Кеңес Одағына мүше болған ТМД елдері мойындай ма? Біз неге осы бір шындықты дәлелдеуге, көтеріліске халықаралық тұрғыда саяси баға алып беруге талпынбаймыз? Осы сұрақтардың жауабын таппақ болып, мамандардың талқысына «Желтоқсан оқиғасын кеңестік жүйені қақыратқан алғашқы көтеріліс деп ТМД көлемінде мойындата аламыз ба?» деген сауалды салған едік.


Аманғазы Кәріпжан, желтоқсаншы:
иә
– Желтоқсан көтерілісінің халық­ара­лық тарихи маңызын ТМД-дағы 15 одақтас елге ғана емес, оның сыртындағы Кеңес Одағына мүше емес социалистік жүйедегі 15 мем­ле­кет­ке де мойындатуымыз қажет. Өйт­кені бұл көтеріліс ең алғаш болып жал­пы социалистік жүйенің күні батуға тақап келе жатқанын көрсетті. Мұны түп­тің түбінде мойындатып қана қой­май, тарихи-саяси тұрғыда халық­ара­лық бағасын да алып беретінімізге сенемін. Әр тарихи қадамның өзіне тән уақыты болады. Біз бұл дәрежеге жету үшін Желтоқсан көтерілісі фило­со­фия­лық тұрғыда толығымен зерттеліп бо­луы керек. Маркстік ілімде бес қо­ғам­дық формация бар деп есептесек, со­ның ең соңғысы социализм жүйесі болатын. Сол жүйені ыдыратуға ең алғаш саяси бетбұрыс жасаған – қазақ халқы.
Бұл орайда Желтоқсан көтерілісіне дейін экономикалық талаптар қойған түрлі толқулар болғанын жоққа шығара ал­май­мыз.   Мысалы, 1968 жылы Чехос­ло­ва­кия­да, 1981 жылы Польшада орын алған оқи­ға­ларды айтуға болады. Бірақ олардың бірде-бірі саяси мәселені ту еткен жоқ. Саяси толқулар тек бізден кейін Қырым татарларында, Грузияда, Балтық жағалауы елдерінде т.б мемлекеттерде жалғасын тапты. Яғни осыдан-ақ Желтоқсан оқиғасы социализмнің қабырғасын қақыратуда басты қозғалыс болғанын аңғарамыз. Біз бұл толқуды қоғамдық экономикалық фор­мацияны төңкерген бірден-бір көте­ріліс екенін жеткізе алмай жүрсек те, ха­лық­­аралық деңгейдегі тәуелсіз сарап­шылар мойындап қойған. Бар кінә – біз өзімізді-өзіміз бағалай алмай отырғанды­ғы­мызда. Бұл, біріншіден, тарих­шы­ла­ры­мыздың біліксіздігі. Егер де осы мәселені дәлелдеп беретін профессор, акаде­мик­теріміз бар болса, баяғыда-ақ бұл мәселеге қол жет­кіз­ген болар едік. Екіншіден, көте­рілістің сипаты мен мақсатын толыққанды зерттеу үшін тек тарихшылық жеткіліксіз. Сол кез­дегі жастардың толқуына фило­со­фиялық тұрғыда қарауымыз қажет. Фило­софтар қоғамдық жүйенің қалай ауыса­тынын жақ­сы біледі. Мәселен, Фейербах, Гегельдің ілімін Маркс терістеді. Маркс бастаған ғалымдар метофизикаға, идео­ло­гизмге қарсы шығып, материализмді дүниеге әкел­ді. Осылайша санада бейне­ленетін құбы­лыстарды ғана құбылыс деп есеп­тей­тін ілім пайда болды. Маркстік ілім таптық мәселеде жетістікке жеткен шығар, бірақ ұлтаралық, ұлттық мәселелерге келгенде тоқы­рауға ұшырады. Ұлттық құрылым – табиғи құбылыс. Сол табиғи құбы­лыс ме­зеті келгенде Неон жұлдызы секілді жар­қы­рап көрінеді. Сол Неон жұлдызы Қазақ­станда жанып, жүйеге қарсы көте­рі­ліс басталды. Бұлай болуы заң­дылық еді. Неге десеңіз, Қазақстан – Еура­зияның кін­дігінде жатқан ел. Орыс­тандыру саясаты басқа елдерге жету үшін ең алдымен Қазақ елін басып өтеді. Сон­дық­тан да Қазақ­стан­да түрлі этностардың, діндердің, мә­де­ниет­тер мен тілдердің т.б саяси мүд­де­лердің тоғысатын ортасына Бермуттың үштаға­нындай иіріміне айна­луы саяси қарсылыққа әкелді. Қазақ ұлты им­пе­­риа­листік бір ұлтқа тұтастыру саясатының лабо­раториясына айналды. Осыдан-ақ кез келген ғалым жүйені ыдыратуға бағыт­тал­ған алғашқы қадам Қазақ елінен бас­тал­ға­нын мойын­дайды. Бірақ осы қадамға са­на­лы түрде бару үшін түрткі боларлық себеп қана қажет еді. Оған себеп Кол­бин­нің келуі болды. Бар мәселе – осы. Енді осыны ТМД елдеріне толыққанды түсін­ді­ру, мойынсұндыру үшін біз халықаралық БҰҰ, Шанхай ынтымақ­тастық ұйымы арқылы ықпал жасауымыз қажет. Осылайша Жел­тоқ­сан оқиғасына халықаралық баға бергізіп, ЮНЕСКО көлеміне шығара алсақ, сіздер айтып отырған бар мәселе өздігінен шешілер еді деп ойлаймын.


Айдос Сарым, саясаттанушы:
жоқ

– Желтоқсан оқиғасы кеңестік жүйе­­ні ыдыратуға ықпал еткен көте­рі­ліс екенін ТМД аумағында саяси һәм тарихи тұр­ғыда мойындату өте қиын ша­руа деп ойлаймын. Мәселен, бас­қа­ны былай қойып, іргедегі Ресейдің өзі осы бас­та­ма­мызды қолдайды ма? Жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, ТМД аумағындағы әр елдің өзі­­нің тарихнамасы бар. Олар сол өзінің тарихын ысырып қойып, біз­дің тарихи ақтаңдақтарымызды ұлық­тайды дегенге өз басым сенбеймін. Үшіншіден, бүгінде, расында да, көзі ашық кейбір тарих­шы­лар, публи­цис­тер, жур­на­листер Жел­тоқ­сан көте­рі­лі­сінің кеңестік жүйені ыды­ра­ту­ға өз деңгейінде ықпал еткенін жазып жүр. Біз секілді отар­сыз­дануды, кеңестік та­рих­ты қайта қарауды қалайтын Ук­раи­на, Қырғызстан, Молдова, Әзір­бай­жан се­кілді елдер осы бір тарихи оқиғаны мойын­дауы, өз тарихына жазуы әбден мүмкін. 
Бірақ олар дәл біз сияқты «кеңестік жүйеге ең алғаш қарсылық көрсеткен саяси көтеріліс еді» деп қастерлей алмасы белгілі. Өйткені олардың біздің тарихтағы ақтаңдаққа анау айтқандай мұқтаждығы жоқ. Меніңше, біз, ең алдымен, бұл оқи­ғаны ТМД көлемінде мойындату мәселесін емес, өз еліміздің толыққанды баға­лан­ғанын жолға қойып алғанымыз дұрыс секілді. Өйткені басқаны былай қойып, біз әлі күнге осыдан 27 жыл бұрын болған көтеріліске қанағаттандырарлық деңгейде саяси баға бере алған жоқпыз. Осы бір әр қазақтың рухын көтеретін оқиғаны мә­де­ни, рухани, саяси тұрғыдан бағалап, жас­тар­ға тәрбие беру құралы ете алсақ, соның өзі үлкен жеңіс болар еді.
Енді сұрағыңызға қайта оралсақ... Жел­тоқ­сан оқиғасы кеңестік жүйені ыды­рат­қа­нын дәлелдеу үшін сол жүкті көтерерліктей кинотуынды немесе әдеби шығарма тууы керек. Сол көркем туынды өзге тілдерге де аударылып, кең көлемде насихат жұ­мыс­та­ры жүргізілсе, сол арқылы киномыз немесе әдеби шығармамыз әлемдік һәм ТМД аумағында өз көрермені мен оқыр­ма­нын тапса, сең қозғалар еді. Бұл орайда сапасы да сын көтеретіндей болуы қажет. Менің ойымша, бұл көтерілісті мәдениетті түрде мойындатудың ең ұтымды жолы – осы ғана.
Тағы бір қаперде сақтайтын мәселелер бар. Мысалы, кейбір ғалымдар Кеңестер Одағына қарсы бұлқыныс ең алғаш Яку­тия­да басталғанын айтып жүр. Мұны қазір­гі Ресейдің ішіндегі бұлқыныс деп та­ны­ғанымыз жөн. Өйткені одақтас рес­пуб­ликалардың арасында ең алғаш бас кө­тер­ген де, опық жеген де – бізбіз. Оған мысал ретінде 1986 жылғы бас көтеруді былай қойып, 1979 жылы Ақмолада болған көте­рілісті де айтуға болады. Сол себепті де біз әлемді және, жалпы, ТМД-ны мойындататын көркем туындыларды өмір­ге әкеле беруіміз қажет. Мысалы, осы жол арқылы еврейлер мен поляктар өз та­ри­хын­дағы азаттық жолындағы көтері­лістерін мойындатты емес пе?

Түйін
Бүгінгі қарт тарих қазақтың 20 мыңнан астам жасының тоталитарлық жүйеге қарсы шыққанын жоққа шығара алмайды. Сол себепті де біз әрдайым отарлаушы биліктің қарулы әскеріне құралсыз құр қол қарсы тұрып, ұлттың мүддесін ту еткен Алматыдағы сол бір дүрбелең тек қазақ халқының ғана емес, бүкіл ТМД елдерінің Тәуелсіздікке жетуіне түрткі болғанын айта беруіміз қажет. Өйткені бұл – шындық. Ал шындық түбінде мойындалады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста