Ішкі туризмді дамытуды жергілікті әкімдерге міндеттеу керек пе?

Ішкі туризмді дамытуды жергілікті әкімдерге міндеттеу керек пе?

Қазақстанның тарихы бай, табиғаты көркем болғанымен, алайда ішкі туризм саласы дамымай отыр. Шығыстағы Марқакөл, Алакөл ұлттық қорықтары, Алматы облысының Райымбек ауданындағы «Көлсай көлі» мемлекеттік табиғи паркі мен ең ірі экзотикалық орын – Шарын шатқалы, Көкшетаудың Бурабайы, Қарағандының Қарқаралысы, Павлодардың Баянауылын  көрсеңіз көз тояды. Табиғаты әсем. Айта берсек, мұндай көрікті жерлеріміз жетіп-артылады. Алайда онда туристік инфрақұрылым дамымай отыр. Біріншіден, ол жаққа баратын жолдың жөні түзу емес. Тіпті кейбір демалыс орындарында дәретхана да жоқ. Осы ретте кейбір мамандар «демалыс орындарының ішкі жағдайын Астанада отырып, көзбен көрмей шеше салғаннан гөрі, ішкі туризмді дамытуды жергілікті әкімдерге міндеттеу керек» деген ұсыныстар айтуда. «Себебі әкімдер сол өңірді басқарып отырғаннан кейін, жер жағдайын, мүмкіншілігін жақсы біледі» дейді олар. Бұл қаншалықты негізді? Бүгінгі ой-көкпарымыз осы тақырыпқа арналмақ. 


Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика ғылымының докторы, профессор:
иә
–Әрине, міндеттеу керек. Өйт­кені, Шарын мен Көлсайдың мәселесін, алыстағы Марқакөл мен Алакөлдің ішкі жағдайын Ас­танада отырған басшы біл­мейді. Астанадағы кабинетте оты­рып алып, Шарынның мәсе­ле­сін шешу ақылға қонымсыз. Ал жер жағдайына қанық жер­гілікті әкімдік өзі сонда отыр­ған­нан кейін, мәслихат депу­таттарымен бірлесе отырып, оның айналасындағы қорық­тар­дың, демалыс орындарының ыңғайына қарай шешім қабыл­дап, оның дамуына септігін тигі­зер еді. Сондықтан ішкі ту­ризмді дамытуды жергілікті әкім­дерге міндеттеу қажет деп есеп­теймін.
Жалпы, біз туристерге патриоттық көз­қа­распен қарауымыз керек. Тіпті, керек десе­ңіз, бұл әр азаматтың парызы болуы тиіс. Елімізге сырттан келетін туристерге Қа­зақстанның көрікті жерлерін көрсету, оларға мәдениеттілік таныту, сыпайылық таныту – әрбіріміздің міндетіміз. Бұл, бір жа­ғынан, елімізді насихаттау болса, екінші жа­ғынан, үлкен табыс көзі.
Қазақ – қонақжай халық. Қазақтың осы мінезіне, осы болмысына көптеген шет­елдік қызыға қарайды. Алайда тиіс­ті органдар осыны әлі дұрыс пайдалана ал­май отыр.
Қазір қазақтың әдеп-ғұрпын, салт-дәс­түрін сақтап отырған қаншама ауыл­да­рымыз бар. Соларды нарыққа бейімдеуіміз қажет. Туристік саланы дамытамыз деп жа­лаң сөздерді айта бермей, нақты сол ауыл­дарға қолдау көрсетіп,  жағдай жасап, эт­но­ауылдарды дамытуымыз қажет. Бұл тө­ңі­ректе рухани-материалдық құнды­лық­та­рымыз туралы жүйелі түрде халықаралық туризм мекемелеріне ақпараттар беріп, тұрақты түрде жүргізілетін этнография­лық саяхаттардың бағыттарын бел­гілеуіміз керек. Ауыл – қазақтың алтын бесігі. Қазақ менталитетінің, мәде­ние­тінің мәйегі ретінде ауылдағы этномәдени ахуалды біліп отыру үшін этнографиялық саяхаттарды мейлінше көп жүргізу керек. Кеңес дәуірінде қазақ этнографиясы жан-жақты, кешенді түрде зерттелді деп айта алмаймыз. Қазір осыны неге қолға ал­мас­қа? Ақ сақалды ата, ақ жау­лық­ты әжелеріміз сонда ұлттық киім киіп, ұлттық та­­­ғам­­дарды жасап, ұлттық ауыл қа­лып­тасса, бұл бір жағы ауылдары­мыз­ға қомақты қаржы түсіруге үлкен мүмкіндік болар еді.
Негізі, ішкі туризмді дамыту үшін мықты менеджерлер керек деп жатамыз. Әрине, кез келген әкім менеджер емес. Бірақ оған бола әкімдіктен арнайы менеджер деген штат ашудың керегі жоқ. Мұнымен әрбір әкімдіктегі ішкі саясат бөлімдері-ақ айна­лыса алады. Менің айтарым – ішкі туризмді дамыту үшін бұл саланың жауапкершілігін жергілікті әкімдерге артуымыз қажет.


Шалатай МЫРЗАХМЕТОВ, Мәжіліс депутаты:
жоқ
– Мұны әкімдерге мін­дет­теудің керегі жоқ. Өйткені жергілікті әкімдік бұл мәселені ше­ше алмайды. Қандай жағ­дай бол­масын, кез келген шаруа­ны тия­нақты орындау үшін оған қо­мақты қаражат ке­рек. Онсыз бол­майды. Ал жер­гі­лікті басшы­лар ішкі туризмді дамытудың жөн-жосығын жақсы білгені­мен, ертеңгі күні қаражат жетіс­пеу­шілігіне тап болады-дағы, бұл мәселенің шешілуі аяқсыз қа­лады. Сон­дық­тан мұны орта­лық­тан қар­жы­ландырып оты­руға тиіспіз. Оның үстіне, ту­ристік бағыттар, көрікті жерлер бір ауданның ғана террито­риясында орна­лас­паған. 
Әр ауданда болғаннан кейін, жер­гілік­ті басшылар мұны дұрыс үйлестіре ал­мауы мүмкін. Мысалы, Қ.А.Ясауи ба­ба­­мыздың ата-анасы – Қарашаш ана мен Ибрагим ата Сайрам ауда­нын­да жа­тыр.  Әсірет сұлтанға зия­рат етуші­лер ең бірінші оның ата-анасына ба­рып құран оқып шы­­ғады, одан ке­йін Арыстан баб кесенесіне ба­ра­ды, ол Отырар ауданында ор­наласқан, содан кейін барып Түркістанға келеді. Міне, сонда үш ауданға баруы керек. Әр ауданның әкі­мі әртүрлі. Олар мұны бірлесіп ұйым­дастыруы қиын. Сон­дық­тан мұны тым болмағанда аудан емес, облыс әкімдігі арқы­лы шешуіміз қажет. Әйт­песе әр аудан­ның басшысы өзінше ың­ғайлап, ортақ шешімге келе алмайды. Ар­тық қыла­мыз деп, тыртық қылып алуы мүм­кін. Мен ауданда әкім болып қызмет ат­қарғанда мұндай құқайдың талайын көр­генмін. Қазақта көреалмаушылық де­ген жаман әдет бар. Бір аудан әкімі озып келе жатса, оның аяғынан шалушылық әлі де тыйылған жоқ. Ол бұл заманда тыйыла қоюы екіталай. Сондықтан ішкі туризмді ор­талықтан шеш­кен жөн. Егер бұл сала дамып, өздігінен дөң­гелеп кеткеннен кейін мұны облыс әкім­дігінің жауапкершілігіне бергеніміз дұрыс шығар. Ал қазірше жергілікті аудандық әкім­діктер бұл саланы дамыта алмайды.  
Қазір мен туризм саласын дамытуға шынайы беріліп отырған адамды көрген жоқпын. Кезінде бұл сала спорттың көлең­кесінде қалып еді, енді оны Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қарамағына бердік. Әйтеуір, бұл саланы анаған да, мынаған да тықпалап, құтты орнына қондыра алмай-ақ қойдық. Негізі, бұл өз алдына агенттік немесе министрлік болуы тиіс. Сонда ғана ішкі туризм алға жылжитын болады. Туризм саласын да­мыт­қаннан мемлекетке қыруар пайда келетінін іс басында отырған басшылар түсінуі тиіс. Сондай-ақ «жаны ашымастың басы ауырмас» демекші, бұл саланың басшылығына өз ісіне берілген, нағыз фанат адамды отырғызбай, мұны дамыта алмаймыз.

Бейтарап пікір
Майра АЙСИНА, Мәжіліс депутаты:
– Туризм саласы бір дамымай-ақ қойды. Әйтеуір, бәрі тек сылдыр сөз айтады да қояды. Қазір бұл саланы дамытуды ешқандай уәкілетті орган нақты өз қолына алып отырған жоқ. Ішкі туризмді дамытуды тиісті комитетке де, жергілікті әкімдерге де міндеттеуіміз қажет. Мәселен, өркениетті елдерді қарап отырсақ, оларда бұл әкімдікі, бұл министр­лік­­тің жұмысы деген жоқ. Қайта қолдарынан келгенше бірлесіп дамытуға тырысады. Өйткені сол елге туристер көп келсе, ол әкімге де, мемлекетке де үлкен табыс түсіреді. Сондықтан ұлттық парк, демалыс орындарына уәкілетті орган мамандары барып, әкімдермен бірлесіп, анау менікі, мынау сенікі деп бөлмей, мемлекеттік деңгейде шешуі қажет.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста