Ғылыми қорытынды жасалмайынша, Семей полигоны аймағын ауыл шаруашылығына пайдалануға беру дұрыс бола ма?

Ғылыми қорытынды жасалмайынша, Семей полигоны аймағын ауыл шаруашылығына пайдалануға беру дұрыс бола ма?

Семейдегі ядролық атом сынағы өткізілген жерлерді халықтың шаруашылықпен айналысуына беру туралы Ұлттық ядролық орталықтың ұсынысына еліміздің экологтары қарсы шығып отыр. Қазақстан экофорумының президенті Қайша Атаханова: «Семей ядролық полигонының аумағы жеткілікті түрде зерттелмегендіктен ауыл шаруашылығы мақсатына қолдануға болмайды. Қазақстанның Жер кодексіне сәйкес ядролық сынақтар жүргізілген жер телімдері жерді ластаудың бүкіл салдары жойылған соң ғана пайдалануға берілуі тиіс. Ал аталмыш жерлерде осы уақытқа дейін ешқандай зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ», – дейді. Радиация саласында 44 жыл еңбек еткен Лариса Птицкая бұл аймақтарда улы қалдықтардың мөлшері ресми мәліметтен әлдеқайда көп екендігін айта келіп, «Кеңес үкіметі тұсында сынақ жөніндегі мәліметтер құпия сақталатын. Негізінен, халыққа ресми түрде 456 атомдық сынақ жасалды деген мәлімет берілді. Алайда кейінгі зерттеу жұмыстары бойынша оның саны 607-ні құраған. Оның ішінде 85-і гидроядролық сынаққа жатады. Сондай-ақ онда 290 келіге жуық плутон пайдаланылды», – дейді. Мамандардың айтуынша, мұндай сынақ өткен жерді толықтай залалсыздандыру үшін 240 мың жыл керек көрінеді. Алайда мамандардың бұл пікіріне қарсы тараптың да өз айтары бар. Біз мамандардың қайшы пікірлерін ойкөкпар айдарында тоғыстырған едік...

Мақсат ЖАҚАУ, эколог
Иә

– Бұл – өте үлкен мәселе. Әрине Семей полигоны ай­ма­ғына ғылыми-зерттеу жұмыста­ры жүргізілуі керек. Айта кетерлік жайт, бұл аумақты халық қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы мақ­сатына пайдалануда. Яғни ол жер­лерді халық онсыз да заңсыз пайдаланып жатыр. Біз бүгінгі күні ол жерлерді халықтың ауыл ша­руашылығы мақсатына пай­да­лануына бермейміз десек те, халық өз бетімен пайдалана бе­реді. Сондықтан жерді пай­да­ла­ну­ды халықтың өз еркіне бер­ген­нен гөрі, ядролық сынақтың ошағынан алыстау аймақтарды халық игілігіне пайдалануға заңды түрде рұқсат беріп, ғы­лы­ми-зерттеу жұмыстарын да қатар жүргізген жөн. 
Өйткені ядролық сынақ өткен аймақты толықтай залалсыздандырғаннан кейін халық игілігіне беру жөнінде арнайы келі­сім бар. Сондықтан ғылыми-зерттеу жұ­мыс­тары мен залалсыздандыру жұ­мыс­тарын қатар жүргізе отырып, зардабы жоқ жерлерді ауыл шаруашылығы мақсатына сай өңдеуден өткізген жөн. Ол жергілікті халыққа тиімді болар еді. Өйткені халық ол жерлерді пайдаланбай отыра алмайды. Ендеше, жергілікті билік орындары да қол қусырып қарап отырмай, сол жерді мониторингтен өткізіп, қанша алқапты ауыл шаруашылығына пайдалануға болатыны, қаншасын пай­далануға болмайтыны жөнінде карта жасаса, артық болмас.
Қанша айтқанмен, халық жерді заңсыз пайдаланып отырғаннан кейін, оның сыртында сан түрлі басқа да заңсыз әрекеттер орын алуы әбден мүмкін. Біз ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізуге де қорқақтап отырғанда, халықтың өз бетінше ол жерлерді басып алуы да ғажап емес. Сондықтан тиісті орындар ғылыми негіздерге сүйене отырып, Семей полигоны аймағының за­лал­сыз жер телімде­рін заңды түрде ха­лықтың пайдалануына жағдай жасауы қажет.

Болатхан МАХАТОВ, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор
Жоқ

– Алдымен ғылыми қоры­тынды жасап алмай жатып яд­ро­лық сынақтар өткізілген Семей полигоны аймағының жер телім­дерін ауыл шаруашылығы мақ­са­тына пайдалануға беруге бол­майды. Бұл – өте қауіпті. Кезінде сынақ зардаптары туралы мә­лі­меттер өте құпия жүргізілді. Тіпті сынақ жер астында жүр­гі­зіл­гендіктен, оның зардаптары бі­лін­бейді дегендер де болды. Мұның бәрі – кезінде халықты үрей­лендірмес үшін айтылған әңгімелер.
Шын мәнінде, кезінде жүр­гі­зіл­ген сынақтар шаң-тозаң ар­қы­лы немесе өскен өсімдіктер арқылы мыңдаған жылдар бойы­на өз зардабын қоршаған ор­таға тигізеді. 
Мен қазірдің өзінде ғылыми қоры­тынды жасалмай жатып-ақ, ол жерлердің зардабының жойылмағанын анық айта аламын. Бүгін ол жерлерді ауыл шаруа­шылығы мақсатына қолданатын болсақ, ертеңгі күні өкініштен бармақ шайнаймыз. Өйткені ол жерден тамырланып шық­қан шөпті азық еткен төрт түлік мал­дың етін, сүтін ішіп-жейміз. Осылайша, сы­нақ зар­дабы адам денсаулығына әсер ете бас­тайды. «Радиацияның қайталанған зар­дабы» деген термин бар. Яғни радиация қолданылған кезде бір әсер етсе, кейін екінші қайтара елеулі түрде адам ден­сау­лығына қайтара әсер етеді. Біз егер аталмыш жер телімдерін ауыл шаруа­шы­лығы мақсатына қолдана бастасақ, оның тағы да елеулі түрдегі зардабына ұшырайтын боламыз. Сондықтан өз басым Семей поли­гоны аймағын ауыл шаруа­шылығы мақ­сатына пайдалануға қарсы­мын.
Аталмыш аймаққа толыққанды түрде үлкен мониторингтік жұмыс қажет. Өсіп шығатын шөптерді кезең-кезеңімен қыс, күз, көктем, жаз мезгілдерінде жануар­лар­ға жегізе отырып, одан кейін оның етін зерт­теуге алып, кешенді түрде үлкен зерт­теу жұмысы жүргізілуі тиіс. Радиа­ция­лық элементтердің де өз ерекшелігі бар, ол мал ағзасында білінбей жинала беріп, уақыт өте үлкен қасіретке алып баруы мүмкін. Сондықтан кең ауқымды зерт­теу жұмыстарын жүргізбей, полигон аймағын пайдаланбау қажет. Рас, ядро­лық сынақ өткен аймақты толықтай залал­сыз­дан­дыр­ғаннан кейін халық игілігіне беру жөнін­де келісім бар. Алайда бұл жер­лерде осы уақытқа дейін залалсыздан­дыру жұмыстары жүргізілмеді, қан­ша­лықты қауіптілігі жөнінде ғылыми қо­ры­тындылар жасалған жоқ. Сондықтан атал­мыш жер телімдерін шаруашылық мақ­сатында пайдалануға беруге әлі ерте деп ойлаймын.

Бейтарап пікір
Сәдібек ТҮГЕЛ,
«Жерұйық» экологиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары:
– Менің эколог ретінде ғана емес, сол өңірдің тумасы ретінде де айтарым, Семей өңіріндегі ядролық сынақтың экологиялық зардабы әлі күнге сейілген жоқ. Сынақ зардабы жан-жануарлар арқылы ғана емес, адамдар денсаулығы арқылы да ара-тұра білініп қалады. Сынақ өңіріндегі жер телімдері ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалануға берілгеннен кейін шөп арқылы – төрт түлік малға, малдың ет-сүті арқылы адамға берілуі мүмкін. Ғалымдардың зерттеуіне сүйенсек, сынақ зардабы әлі талай жылға созылуы мүмкін. Сондықтан әзірге бұл жерлерді зерттеуге де, ауыл шаруашылығы мақсатына пайдалануға да қарсымын. Улы қалдықтарды бойына жинап жатқан жерді зерттегеннен немесе пайдалануға алған сәттен бастап өзінің зиянын тигізе бастайды. Сондықтан әзірге «тыныш жатқан жыланның құйрығын басып» қажеті жоқ. Ал ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізер болсақ, ол жерлерге әлем ғалымдарын жұмылдырып, тиянақты ғылыми қорытынды жасалуы тиіс.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста